Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ж. У. Жубандыкова, З. А. Баймаханова



Pdf көрінісі
бет5/84
Дата17.11.2022
өлшемі3,37 Mb.
#50835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
1 Электр тізбек. электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптауэлектр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану, жөндеу жəне баптау (1)

Кіріспе 
Электр жабдығы – бұл белгілі бір функцияларды орындауға арналған 
электр техникалық құрылғылардың жиынтығы.
Электрмен жабдықтау функциясын орындайтын электр жабдық-
тарының жай-күйі көбінесе негізгі өндірістің тиімділігін анықтайды. 
Электрмен жабдықтау жүйесі жабдығының істен шығуы адамдардың 
өміріне қауіп төндіруі, күрделі технологиялық процестің бұзылуына
өнімнің жаппай жіберілмеуіне жəне басқа да материалдық залал келтіруі 
мүмкін. Сондықтан электр жабдықтарын пайдаланудың негізгі мақсаты 
қызмет ету мерзімі ішінде оның қажетті сенімділік деңгейін қамтамасыз 
ету болып табылады.
Қоршаған ортаның жəне жұмыстың пайдалану режимдерінің 
əсерінен пайдалану процесінде жабдықтың біртіндеп тозуы жүреді. 
Жабдықтың жұмыс істеу қабілетін қолдау оның техникалық қызмет 
көрсету есебінен жүзеге асырылады, онда кезеңдік тексерулер, 
профилактикалық өлшеу, сынау, жабдықтың жай-күйін диагностикалау 
орындалады, анықталған ақаулар жойылады. Маман электр жабдығының 
жай-күйін алдын ала сынау жəне диагностикалау əдістерін білуге тиіс.
Жабдықты талап етілетін техникалық жай-күйде ұстап тұрудың ең 
тиімді құралы, жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру жəне пайдалану 
мерзімін ұзарту уақтылы жəне сапалы жөндеу болып табылады.
Техникалық қызмет көрсету жəне жабдықтарды жөндеу өзінің 
материалдық шығындарын жүзеге асыруды талап етеді. Маман 
жабдықтарға қызмет көрсету жəне жөндеу жүйесін білуге тиіс, 
материалдық шығындары аз жабдықты пайдаланудың тиімді жүйесін 
ұйымдастыра білуге тиіс.
Қазіргі уақытта электр монтаждаушы тұрғын үйлердегі электр 
сымдарымен жəне жарықтандыру құралдарымен айналысады, өндірістік 
цехтарда электр моторларын, трансформаторларды жəне басқа да 
жабдықтарды орнатады, əуе желілерін жүргізеді жəне кабельдік электр 
желілерін жерге орнатады.
Күштік желілер мен электр жабдықтары бойынша электр 
монтаждаушы – бұл өнеркəсіптік, мəдени-тұрмыстық, əкімшілік 
ғимараттарда, инженерлік құрылыстарда, құрылыс алаңдарында, ауыл 
шаруашылығы объектілерінде электр жабдықтарын, механизмдер мен 
кабель желілерін монтаждау мен орнатуды, күштік электр сымдарын
тарату құрылғылары мен екінші реттік тізбектерді монтаждауды 
орындайтын білікті жұмысшы.
Электр жабдықтары мен электр қондырғыларын пайдалану 
қаншалықты сауатты жəне техникалық негізді орындалатынына 
технологиялық жабдықтардың толыққанды жұмысын табысты шешу
электр энергиясын үнемдеу көп жағдайда байланысты.
Осы оқу құралында «Тарату құрылғылары бойынша электр 
монтаждаушы» мамандығы бойынша жұмысшы кадрларды даярлау кезінде 



электр тізбектерінің электр жабдықтарын монтаждау, пайдалану жəне 
жөндеу негізгі мəселелері мен өзіндік ерекшеліктері жинақталған. 
Барлық теориялық материал жəне зертханалық-практикалық 
тапсырмалар кəсіби модуль бойынша бағалау критерийлеріне сəйкес оқыту 
нəтижелеріне қол жеткізуге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет