Қорытынды Біздің психикалық әлеміміз әр алуан және жан–жақты. Біздің психикамыз жоғары деңгейде дамуы арқасында біз көп нәрсені білеміз және көп нәрселерді істей аламыз. Психикалық даму бізге алған біліміміз бен тәжірибемізді есте сақтауға мүмкіндік береді. Біз білетіннің барлығы, біздің әрбір қайғымыз, әсеріміз немесе қимылымыз есімізге белгілі із қалдырады және оларды жеткілікті мөлшерде ұзақ уақытқа дейін есте сақтай аламыз, қажет кезде оны қайта көрсете аламыз. Сондықтан есте сақтаудың, кейіннен өткен тәжірибенің ізін тану және қайта жаңғыртуды түсінеміз. Тек есте сақтаудың арасында адам бұрынғы білім мен тәжірибесін жоғалтпай, информацияны жинақтайды. Психикалық танымдық процестер арасында есте сақтау ерекше орын алады. Көптеген зерттеушілер есте сақтау психикалық процестер орнын басуды қамтамасыз ететін және барлық танымдық процестерді тұтас бірлікке біріктіретін “жару” процесі ретінде сипатталады деді.
Дәл қазір қабылданатын заттар немесе құбылыстар бұрын қабылдағандарды саналы түрде тану деп аталады. Әдетте, біз тек затты танып қана қоймаймыз. Біз өзіміздің біліміздегі бұл жағдайда біз қабылдаймыз, бірақ оны бұрын қабылдаған, заттың бейнесін шығара аламыз. Бұл процесс–бұрын қабылдаған заттың бейнесін қайта құру процесі, бірақ дәл қазір қабылданбағанды қайта жаңғырту деп аталады. Тек бұрын қабылданған заттарды ғана емес, сонымен бірге біздің ойымыз, қайғымыз, тілегіміз, қиялымыз және т.б. қайта жаңғыртылады. Тану мен қайта жаңғыртудың қажетті алғы шарты қабылданғанды есте қалдыру немесе әсер ету болып табылады, ал сондай–ақ оны кейіннен есте сақтау.
Мектеп өмірінің басында есте сақтау маңызды дәрежеде оқу жемістілгін анықтайтын қабілет болып табылады. Ол баланың барлық іс-әрекет сферасына әсер етеді: ол жазады немесе сурет салады ма, әлде тыңдайды немесе оқиды ма.
Психодиагностикалық әдіс көмегімен есте сақтаудың қалыптаспаған түрлерін көрсетуде психолог педагогтарға белгілі ұсынылымдар беріп, ары қарай баланы қаншалықты үлкен болса, ол соншалықты жоғары сатыға көтеріледі, балаға көп жұмыс жіктесе, оған соншалықты мөлшерде есте қалдыруға тура келеді. Бірақ психологтың бұл іс-әрекеті 4 кластың аяғында үзілмеуі керек, керісінше жылдан жылға жүйелі түрде тексерілуі тиіс, бірақ бұл кезеңге бейімделген басқа психодиагностикалық әдістері жүргізіледі.
Біз зерттеулерде, баланың есте сақтауы уақыт ағымымен әр түрлі факторлардың әсерімен жақсаратынын, дәлелдеуге әрекет жасадық. Мүмкін, оқу, немесе жас ерекшеліктері әсерінен де болады. Бұл балалардың есте сақтауының дамуы төмен көрсеткіштер көрсетседе, есте сақтауын жаттықтыруды қажет етпейді дегенді білдірмейді.