Қазастан республикасы білім және ғылым министрлігі коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет2/6
Дата07.01.2022
өлшемі212,13 Kb.
#17888
1   2   3   4   5   6
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын тұрғысынан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады

Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді

Тарихи шолу

Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Қазіргі әлемде сын тұрғысынан ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлау дағдыларынан күтілетін үміт пен оған қойылатын талаптарды қанағаттандыру деңгейін анықтау құралы ретінде қаралады. ХХ ғасырда осы проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі қарастырды





Джон Дьюи

Джон Дьюи (12-сурет) білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол білім бағдарламасының оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға бағытталуы тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болатынын мойындады. Эдвард Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігі үш элементтен тұратындығын болжап берді:



  1. Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру.

  2. Логикалық зерттеу мен пайымдау әдістерін білу.

Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар

Балалар мен ересектердің сын тұрғысынан ойлауын дамытуға, проблемаларды зерделеу және шешімдерді жекелей немесе топтарда қабылдауға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы аталған үш негізгі элементке сүйенеді.



Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау, бағалау, түсіндіру, метатану кіреді

Сарапшылардың пікірінше, сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар мен топтар:

  • қадағалау жолымен алынған деректерге;

  • мәнмәтінге;

  • барабар шешім қабылдауға арналған тиісті критерийлерге;

  • ой-пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістерге;

  • алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғыларға тиісті көңіл бөледі.

Сын тұрғысынан ойлау дағдысы мынадай бөлшектерден құрылады:

  • проблемаларды анықтап, оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау;

  • проблемаларды шешудегі басымдықтардың, иерархияның және кезектіліктің маңызын түсіну;

  • тиісті ақпаратты жинау;

  • белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;

  • тілді түсіну және нақты, анық және түйсіне қолдану;

  • дәлелдер мен дәйектерді бағалау, деректерді интерпретациялау;

  • тұжырымдар арасындағы логикалық байланыстардың болуын (немесе болмауын) белгілеу;

  • шынайы қорытындылар мен шолу жасау;

  • жасалған қорытындылар мен шолуларды сараптау;

  • алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету;

күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе (құбылыстар мен т.б.) туралы бара- бар пікір қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет