Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет34/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   111
3-суретПолимеразды тізбекті реакцияның 
бастапқы компоненттері (ПТР)
Осылайша, амплификацияны жүргізу үшін келесі негізгі компо-
ненттер қажет (
3-сурет):
- ДНК-матрица – ізделіп отырған спецификалық фрагменті бар 
ДНҚ немесе оның бөлігі;


61
– праймерлер – матрицалық ДНҚ бөлімдеріне комплементар-
лы синтетикалық олигонуклеотидтер (16-30 нуклеотидті жұптар), 
олардың арасында жүйелі – нысана бар (ДНҚ-ның спецификалық 
фрагменті);
– ДНҚ-ның спецификалық фрагменті жəне праймерлер, ампли-
фикация жүргізу барысында оларды таңдау өте маңызды, жəне 
анализді жүргізу сапасына əсер етеді;
– дезоксинуклеотидтрифосфаттар (дНТФ) қоспасы-төрт дНТФ 
қоспасы, ол жаңа комплементарлы ДНҚ тізбектерін синтездеуге 
арналған материал болып табылады;
– Таq-полимераза ферменті – термотұрақты ДНҚ-полимераза, 
ол ДНҚ синтездейтін, өсіп келе жатқан тізбекке нуклеотидті негізді 
біртіндеп қосу арқылы праймерлер тізбегін ұзартуды жеделдетеді 
(катализдейді);
– ПТР-ның оптималды жағдайын рН-тың тұрақты мəнін 
қамтамасыз ететін, катиондар жəне аниондар концентрациясы бола-
тын буфер-ерітінді.
Амплификацияның əрбір циклі əртүрлі температуралық режимде 
жүретін үш кезеңнен тұрады (
4-сурет):
1-кезең.
ДНК денатурациясы 93-95°С температурада 20-40 се-
кунд аралығында жүреді (қос спиральды тарқату).
2-кезең. Праймерлерді біріктіру (күйдіру). Кезектілікпен 
спецификалық бөлімнің шекарасында ДНҚ-ның қарама-қарсы 
тізбегінде жүреді. Праймерлердің əрбір жұбының жеке күйдіру тем-
пературасы болады, оның мəні 50-65°С аралығында болады. Күйдіру 
уақыты-20-60 с құрайды.
3-кезең.
 ДНҚ тізбектерінің құрылысын бітіру. ДНҚ тізбектерінің 
комплементарлы құрылысын бітіру, праймерлердің бірігу 
бөлімдерінен бастап, қарама – қарсы бағытта тізбектің 5’-соңынан 
3’-соңына қарай жүреді.
ДНҚ-ның жаңа тізбектерін синтездеуге арналған матери-
ал ретінде ерітіндіге қосылатын дезоксинуклеотидтрифосфаттар 
(дНТФ) қолданылады. Синтез процесі термотұрақты ДНҚ полиме-
раза (Taq-полимеразалар) ферментімен қатализденеді жəне 70-72°С 
температурада жүреді (
4-суретті қараңыз). Синтездің жүру уақыты 
– 20-40 с құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет