48
Лектиндердің үлкен мөлшері үрмебұршақ, соя бұршақтарында
жəне басқа бұршақ тұқымдастарында табылған. Лектиндер
термолабильді
қосылыстар болып табылады, əдеттегідей өнімдерді
кулинарлық əдіспен өңдеу барысында толығымен бұзылады. Бірақ
шикі немесе толығымен пісірілмеген үрмебұршақты тұтынғанда
жедел тағамдық улануды тудыруы мүмкін. Уланудың клиникалық
картинасы тағам қабылдағаннан кейінгі 2-сағатта дамиды, жүрек ай-
нуы, құсу жəне диареямен сипатталады. Қызыл үрмебұршақта лек-
тиндер 1 г массасына 37000-нан 53000-ға
дейінгі гемагглютининдік
бірлік концентрацияда, ақ үрмебұршақта – 17000-43 500-ге дейінгі
гемагглютининдік бірлік концентрацияда болады. Үрмебұршақты
суда 18 сағат ұстау 20-65 % лектиннің жойылуына алып келеді.
Үрмебұршақты жылумен өңдеудің кейбір жағдайларында оның
гемагглютиндеу белсенділігі едəуір өседі. Бұл құбылыс жылы-
ту барысында молекулалық массасы
төмен лектиндердің уытты
субъбірліктерінің түзілу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Белсенділігі жоғары лектин вискумин ақ омеладан бөлінген. Ви-
скумин дисульфидті байланыспен байланысқан екі полипептидті
тізбектен тұрады. Вискуминнің уытты əсері рибосоманың
каталитикалық белсенділігін (активтілік) төмендету арқылы белок
биосинтезін қоршауға негізделеді. Əсер ету механизміне байланы-
сты вискуминге өсімдіктен бөлінген (үпілмəлік) абрин жəне рицин
сияқты уытты белоктар жақын.
Пептид табиғатының токсиндеріне
жоғары уыттылығымен
ерекшеленетін бас саңырауқұлақ циклопептидтері жатады. 100-ге
жуық бас саңырауқұлақтары тағамдық улануды тудырады, олардың
12 түрі өлімге алып келетін токсиндер болып cаналады, оларға мыса-
лы, боз улы саңырауқұлақ Amanita phalloides жəне өтқұлақ Gyromitra
esculenta жатады. Amanita түрінің
бас саңырауқұлақтарының
құрамында циклдік октапептидтер тобының өкілі болып сана-
латын
Достарыңызбен бөлісу: