Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


вицин (2,6-диамино -4,5-дигидроксипиримидин- 5-β- D глюкопиранозид) жəне конвицин



Pdf көрінісі
бет26/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111
вицин (2,6-диамино -4,5-дигидроксипиримидин-
5-β-
D глюкопиранозид) жəне конвицин (2,4,5-тригидрокси-6-
аминопиримидин-5-β-
D-глюкопиранозид) гликозидтерін өндіретін
жылқы бұршақтарын (Vicia Faba) қолданумен байланысты екен-
дігі дəлелденген. Асқазан-ішек жолдарында бұл гликозидтер β – 
глюкозидаза əсерінен SН-глутатионды тотықтыру қабілеті бар ди-
вицин жəне изоурамил сияқты агликондарға дейін гидролизденеді. 
Тотықсыздандырылған SН – глутатион түзілуіне жауапты глюкозо-
6-фосфатдигидрогеназа эритроцитарлық ферментінің тұқым қуалау 
салдарынан жеткіліксіздігі байқалатын адамдар өз тағамдарына 
жылқы бұршақтарын қолданса, 
фавизм деп аталатын гемолитикалық 
синдром дамиды.
Үндістан жəне басқа бірқатар мемлекеттерде қаңқа жəне жүйке 
жүйесін зақымдаумен сипатталатын жəне тағамға кейбір бұршақ 
(Lathyrus) түрлерін қолданумен байланысты аурулар белгілі. Ауру 
латиризм деген атауға ие болды. Латиризмнің екі түрі, остеолати-
ризм жəне нейролатиризм белгілі. Остеолатиризмнің дамуына жа-
уапты токсин – γ
-глутамил-β-ами-нопропионитрил, нейролати-
ризм дамуына жауапты токсин – 
β-оксалиламиноаланин жəне α
γ -диаминмайлы қышқылы болып табылады. Остеолатиризм ба-
рысында токсин лизин қалдықтарының аминтоптарын қоршап ала-
ды, осылайша коллаген молекуласында қиылысқан байланыстардың 
түзілуіне кедергі жасайды. Коллаген метаболизмінің бұзылуы 
нəтижесінде остеопороз дамиды жəне қаңқаның түтік тəрізді 
сүйектері зақымдалады. Əдетте, нейролатиризм 15-тен 30 жасқа 
дейінгі адамдарда кездеседі жəне күшті бұлшықет ауруларымен, 
бұлшықет əлсіздігі жəне салданумен сипатталады.
Тағамның уытты заттарының үлкен тобын пептидтік табиғаты 
бар 
фитотоксиндер құрайды. Олардың қатарына фитогемагглю-
тининдер немесе лектиндер жатқызылады. Лектиндер бөгде заттар 
үшін ішек қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылату қабілеті бар, 
нутриенттердің сіңірілуін бұзады, эритроциттердің (агглютинация) 
желімдеуін туындатады, басқа да бірқатар зиянды əрекеттерге ие.


48
Лектиндердің үлкен мөлшері үрмебұршақ, соя бұршақтарында 
жəне басқа бұршақ тұқымдастарында табылған. Лектиндер 
термолабильді қосылыстар болып табылады, əдеттегідей өнімдерді 
кулинарлық əдіспен өңдеу барысында толығымен бұзылады. Бірақ 
шикі немесе толығымен пісірілмеген үрмебұршақты тұтынғанда 
жедел тағамдық улануды тудыруы мүмкін. Уланудың клиникалық 
картинасы тағам қабылдағаннан кейінгі 2-сағатта дамиды, жүрек ай-
нуы, құсу жəне диареямен сипатталады. Қызыл үрмебұршақта лек-
тиндер 1 г массасына 37000-нан 53000-ға дейінгі гемагглютининдік 
бірлік концентрацияда, ақ үрмебұршақта – 17000-43 500-ге дейінгі 
гемагглютининдік бірлік концентрацияда болады. Үрмебұршақты 
суда 18 сағат ұстау 20-65 % лектиннің жойылуына алып келеді. 
Үрмебұршақты жылумен өңдеудің кейбір жағдайларында оның 
гемагглютиндеу белсенділігі едəуір өседі. Бұл құбылыс жылы-
ту барысында молекулалық массасы төмен лектиндердің уытты 
субъбірліктерінің түзілу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Белсенділігі жоғары лектин вискумин ақ омеладан бөлінген. Ви-
скумин дисульфидті байланыспен байланысқан екі полипептидті 
тізбектен тұрады. Вискуминнің уытты əсері рибосоманың 
каталитикалық белсенділігін (активтілік) төмендету арқылы белок 
биосинтезін қоршауға негізделеді. Əсер ету механизміне байланы-
сты вискуминге өсімдіктен бөлінген (үпілмəлік) абрин жəне рицин 
сияқты уытты белоктар жақын.
Пептид табиғатының токсиндеріне жоғары уыттылығымен 
ерекшеленетін бас саңырауқұлақ циклопептидтері жатады. 100-ге 
жуық бас саңырауқұлақтары тағамдық улануды тудырады, олардың 
12 түрі өлімге алып келетін токсиндер болып cаналады, оларға мыса-
лы, боз улы саңырауқұлақ Amanita phalloides жəне өтқұлақ Gyromitra 
esculenta жатады. Amanita түрінің бас саңырауқұлақтарының 
құрамында циклдік октапептидтер тобының өкілі болып сана-
латын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет