73
тəуліктік рациондағы тағам өнімдерінің орташа жинағын біле
отырып, өнімдерде болатын ксенобиотиктердің РЕШК-сын
есептейді.
9-суретте тағам өнімдерінің қауіпсіздігін
бағалау технологи-
ясын анықтайтын жұмыстардың негізгі бағыттары көрсетілген.
Тағам өнімдерінде біруақытта бірнеше ластағыштардың болуы жал-
пы уландыру эффектісіне əсер етуі мүмкін. Теориялық түрде улы
əсердің төрт нұсқасы болуы мүмкін:
1) эффекттерді жинақтау;
2) уытты эффектісі жинақтаудан асып түскен жағдайдағы асыра
жинақтау немесе потенцирлеу (потенцирование);
3)
жинақтау барысына қарағанда, эффект аз болатын нигиляция;
4) уытты əсер мінездемесінің өзгеруі.
Көп жағдайда, əсіресе, ластағыштар аз дозамен əсер еткенде уытты
эффекттің жинақталуы байқалатынын Ресей ғалымдары анықтаған.
Бұл екі немесе одан да көп факторлардың
аддитивті эффектісін есеп-
теуге мүмкіндік береді, яғни факторлардың əрқайсысын шектелген
рұқсат етілетін концентрацияның үлесі ретінде көрсетеді.
Мысалы, егер ауада фтор концентрациясы 0,001 мг/м
3
(РЕШК-
0,005), бензол-0,16 мг/м
3
(РЕШК-0,8) құраса, олардың қосындысының
концентрациясы 1 РЕШК-дан (фтор-1/5 РЕШК, бензол-1/5 РЕШК)
төмен, яғни осы химиялық заттардың жиынтық əсері мұндай кон-
центрацияда қауіпсіз.