3.2.2. Кадмий, оның уыттылығы жəне ластану көздері
Кадмий сыртқы ортаның өте қауіпті токсиканттарының бірі.
Табиғи ортада кадмий өте аз мөлшерде кездеседі. Топырақта
өте көп (орташа алғанда 0,1 мг/т) мөлшерде кездеседі. Кадмий
фосфорқұрамдас минералды тыңайтқыштарда, кейбір фунгицидтер-
де өте жоғары концентрацияда кездеседі.
Кадмийдің өте көп ластану көзіне тағам өнеркəсібіндегі маши-
на жəне жабдықтарға қолданылатын кадмийлі арматура, кадмий
қосылыстарымен боялған пластмассалар жатады. Мысалы, кадмий
пигменттері лак, эмаль жəне керамика өндірісіне қажет, кадмий
қосылыстары пластмассалардың тұрақтандырғышы (поливинилхло-
рид) ретінде, электр батареяларын жасауда қолданылады. Өнеркəсіп
қалдықтары, сонымен қатар құрамында кадмийі бар пластмасс
қалдықтарын жағу нəтижесінде кадмий ауаға түсуі мүмкін.
Кадмий кез келген түрде қауіпті: ішке қабылданған 30-40 мг доза-
сы адамды өлімге əкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, материалының
құрамында кадмийі бар пластмасс ыдыстардың ішіндегі суды
тұтыну қауіпті болып саналады. Ерте симптомдары бүйрек жəне
жүйке жүйесін зақымдайтын, жедел сүйектік ауру сезімінің пайда
болуымен сипатталатын созылмалы улану пайда болуы мүмкін. Со-
нымен қатар өкпе функциясы да бұзылуы мүмкін.
Кадмийдің уыттылығы өте күшті білінеді, осыған байланысты бұл
79
металл басыңқы (приоритетті) ластағыштар ретінде қарастырылады.
Кадмий сүйек тінін қалыптастыруға қажетті мырыштың орнын
басуға энзиматикалық жүйеде қабілеті бар, ағымы жедел аурулармен
аяқталады. Кадмийдің эмбриотропты жəне канцерогенді əсерлері
туралы мəліметтер бар.
Ағзада кадмий бірінші кезекте бүйрекке жиналады. Шекті
концентрацияға жеткеннен кейін (1 г бүйрек массасына 0,2 мг кад-
мий шамасында), ауыр уланулар жəне дерлік жазылмайтын аурулар
симптомы пайда болады.
Кадмийді табиғат ортасынан алып тастау мүмкін емес, сондықтан
көп жиналып, түрлі жолдармен адам жəне жануардың тағам тізбегіне
түседі. Жұтылған кадмий мөлшері ағзадан өте баяу (тəулігіне 0,1%)
шығады. Кадмийдің биологиялық жинақталу коэффициенті жоғары,
кадмийдің биологиялық ыдырауының жартылай кезеңі – орган-
да немесе ағзада жинақталған металды төмендетуге уақыт қажет,
ол бастапқы мөлшерімен салыстырғанда екі есе – 19-40 жылды
құрайды. Сондықтан төмен дозада қолданылған кадмийдің адам
ағзасына жағымсыз əсер етуі нақты қауіп төндіреді. Біз кадмийді көп
жағдайда өсімдік текті тағаммен қабылдаймыз. Кадмий топырақтан
өсімдікке оңай өтеді, ол кадмийді 70 %-ға дейін топырақтан, тек 30
%-ын ауадан алады.
Бүкілəлемдік Денсаулық сақтау ұйымы кадмийдің максимал-
ды рұқсат етілетін дозасы ересек адамдар үшін аптасына 500 мкг
құрауы тиіс деп есептейді, яғни РЕТТМ-70 мкг/тəул., ал РЕТД-1 кг
дене массасына 1 мкг құрайды.
3.2.3. Қорғасын, оның уыттылығы жəне ластану көздері
Қорғасын белгілі ксенобиотиктерге жатқызылады, қазіргі заманғы
токсиканттардың арасында елеулі мəнге ие. Қорғасын дерлік барлық
жерде бар. Топырақта əдетте, 2-ден 200 мг/кг-ға дейін қорғасын
болады. Қорғасын ереже бойынша, басқа металдармен, жиірек мы-
рыш, темір, кадмий жəне күміспен бірге жүреді. Дəстүр бойынша
оны оқ жəне снаряд дайындауға, қаңылтыр банкалардың тігістерін
дəнекерлеуге, қозғалтқыштар өндірісінде, полиграфияда қолданады.
Қоршаған ортада қорғасын мөлшерінің жоғары болуы негізінен
ауа, топырақ жəне судың техногенді ластануымен байланысты. Ла-
стану көздеріне көмір, сұйық отынмен жұмыс істейтін энергетикалық
қондырғылар, ішкі жану қозғалтқыштары жатады. Қазіргі уақытта
80
қоршаған ортаның токсиканттары рөлін барлығынан бұрын антиде-
тонатор ретінде автомобиль бензиніне араластыратын қорғасынның
алкилді қосылыстары атқарып отыр.
Өнеркəсіптік аудандар жəне қалалардың қорғасынмен
ластануының ұлғаюы байқалып отыр. Өнеркəсіп өндірістерінің
қалдықтары, автотранспортта пайдаланылған газдар топыраққа
түседі, автотрассаға жататын аумақтардағы өсімдік құрамындағы
қорғасын концентрациясы он есе ұлғаюы мүмкін. Шөп қоректі жа-
нуарларды жол бойындағы немесе қала маңындағы аумақтардағы
шөппен немесе пішенмен қоректендіру жануарлардың ағзасында
қорғасынның жиналуына алып келеді. Қорғасынның бір бөлігі
ағзадан сүтпен шығуы мүмкін (бұл жағдайда сүт тағамға тұтынуға
қауіпті болады), бір бөлігі ауылшаруашылық жануарларының орга-
ны жəне тіндерде жинақталады.
Өнімдерді өңдеу барысында тағам өнімдерінің 10-15 %-ын
қаптауға қолданылатын қаңылтыр банкасы – қорғасынның түсетін
негізгі көзі болып табылады. Қорғасын өнімге банка тігістеріндегі
қорғасын дəнекерінен түседі. Адамның (1 жасқа дейінгі балалар-
дан басқа) күнделікті рационында 20% қорғасын консервіленген
өнімдерден, соның ішінде 13-14% дəнекерден, қалған 6-7%-өнімнің
өзінен түсетіні анықталған. Соңғы уақытта дəнекерлеу жəне банка-
ларды жабудың жаңа əдістерін енгізуге байланысты консервіленген
өнімдерде қорғасын мөлшері азаюда. Тағаммен, сумен жəне ауамен
жұтылған қорғасынның 10%-ға жуығы асқазан-ішек жолдарына
сіңіріледі. Абсорбция (сіңіру) деңгейіне түрлі факторлар əсер етеді.
Мысалы, кальций мөлшерінің төмендеуі қорғасынның сіңірілуін
күшейтеді. D дəрумені кальцийдің жəне қорғасынның жұтылуын
ұлғайтады. Темірдің жеткіліксіздігі қорғасынның сіңірілуіне
мүмкіндік туғызады, бұл ашыққанда байқалады. Осындай əсерге
көмірсу мөлшері жоғарылатылған, белогы тапшы диета алып келеді.
Қан-тамыр жүйесіне, қан жасушасы жəне плазмаға түскен
қорғасын бүкіл денеге таралады. Қанда қорғасын негізінен эритро-
циттерге қосылады, онда оның концентрациясы плазмаға қарағанда
16 есе дерлік жоғары болады. Қорғасынның адам ағзасында
биологиялық ыдырауының жартылай кезеңі 5 жыл, сүйектерде -10
жылды құрайды.
Қорғасын метаболизмінің кальций метаболизмімен ортақ
ұқсастықтары көп. Екі металда негізінен кальций фосфатынан
тұратын сүйектің кристалдық құрылымында болады. Қорғасын
81
органның төрт жүйесі қантүзетін, жүйке, асқазан-ішек жəне
бүйрекке улы əсер етеді. Əдетте қорғасынмен жедел улану асқазан-
ішек бұзылыстарымен білінеді. Тəбет жоғалту, диспепсия жəне
іш қатудан басқа іш қатты шаншып ауруы мүмкін. Қорғасынның
əсер етуі салдарынан ересек адамдардың бас миының ауруы сирек
кездеседі, бірақ балаларда жиі болады. Қорғасынмен уланғанда эри-
троциттер тіршілігі кезеңінің қысқаруы қан аздық ауруына алып
келуі мүмкін.
Қорғасынның орталық жəне перифериялық жүйке жүйесіне
əсер етуі жақсы зерттелген. Күрделі энцефалопатиядан басқа
қорғасынның жүйке жүйесіне əсер етуінің жеңіл симптомдары бар,
ақыл-ой қабілетінің төмендеуі жəне агрессивті мінез-құлық көрсетуі
байқалады. Перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы қол жəне
аяқ бұлшықеттерінің қорғасын себебінен салдануына алып келеді.
Қорғасынның ағзаға тұрақты түрде, ұзақ уақыт бойы аз түсуі
созылмалы ауруларды тудырады. БДСҰ баяндамасына сəйкес
қорғасынның ұзаққа созылған əсерінен қандағы оның концентраци-
ясы 70 мкг/мл-ден көп болса созылмалы қайтымсыз нефропатияны
тудыруы мүмкін.
ААҰ жəне БДСҰ сарапшылары ересек адамдар үшін қорғасынның
максималды рұқсат етілетін дозасын аптасына – 3 мг, РЕТД-сын 1
кг дене массасына 0,007 мг, ауыз судағы РЕШК-ны – 0,05 мг/л деп
бекіткен.
Достарыңызбен бөлісу: |