1. Ғарыштық сəуле. Космогенді радионуклид дозасы ғарыштық
сəуле жəне атмосфера ауасының өзара əсерлесуі кезінде пайда бо-
латын көміртегі – 14 (
14
С) изотопы əсеріне толығымен байланысты
болады жəне 12 мкЗв/жыл құрайды.
2. Ингаляция. Халықтың сəулеленуінің жиынтық дозасының
ең көп үлесін – радий изотоптарының уран қатарындағы ұзақ
сақталатын табиғи радионуклидтердің, бөлме ауасында жəне
атмосфера ауасында болатын қысқа мерзімге сақталатын туыс
өнімдерінің, сонымен қатар торий қатары радионуклидтерінің
ингаляциясы береді. Бұл доза радон-222 (
222
Rn)-нің қысқа
мерзімге сақталатын туыс өнімінің өкпе эпителийін сəулелеуге,
сонымен қатар газ тəрізді
222
Rn-нің қанда еруі есебінен алынған
дозаға, жəне адамның ішкі ағзасының сəулеленуіне байланысты
болады. Ингаляция кезіндегі жалпы əсерлі доза шамамен, 1260
мкЗв/жыл құрайды.
3. Тағам жəне сумен түсу. Табиғи радионуклидтердің су жəне тағам-
мен түсу есебінен ішкі сəулелену дозасы 2 құрамдас бөліктен тұрады:
а) Калий-40 (
40
К) əсерінен туындаған доза. Бұл доза барлық
адамдарға бірдей болады жəне едəуір өзгеріске ұшырамайды.
Тұрақты калий-39 (
39
К) мөлшері адам ағзасындағы тұзды-сулы ба-
ланспен реттеледі. Калий-40 тұрақты калиймен тұрақты қатынаста
ағзаға түсіп, одан шығады. Сондықтан адам ағзасындағы
40
К мөлшері
тұрақты болады жəне оның ағзаға түсуіне тəуелді болмайды;
ə) уран жəне торий қатарларының радионуклидтері түзетін доза.
Бұл доза көрсетілген радионуклидтердің тағам өнімдері жəне су-
мен бірге бір жылда түсетін мөлшеріне пропорционалды болады.
Уран жəне торий қатарындағы радионуклидтер ішінде атмосфе-
ра ауасының құрамында болатын,
222
Rn жəне оның қысқа мерзім
сақталатын туыс өнімдері ыдыраған жағдайда түзілетін қорғасын-210
(
210
Pb) адамның сəулеленуіне үлкен үлесін тигізеді. Қорғасын-210
жəне оның ыдырауы кезінде пайда болатын висмут-210 (
210
Ві) жəне
полоний-210 (
210
Ро) жер бетіне шөгіп, судың, су көздері бетінің, шөп
жəне ауылшаруашылық өсімдіктерінің радиоактивті ластануына əкеп
соғатын табиғи радионуклидтердің ғаламдық деңгейде түсуін туды-
рады.
Халықтың ішкі сəулелену дозасының негізгі бөлігі табиғи радио-
155
нуклидтердің тағаммен бірге түсетініне қарамастан, тағам өніміндегі
олардың мөлшері қазіргі кезде реттелмейді.
Халықтың жасанды көздермен сəулеленуінің үлкен доза-
сы, бірін
ші кезекте рентгендік-диагностикалық іс-шараларды
жүр
гізу барысында медициналық сəулені қолданғанда пай-
да болады. Атмосферадағы ядролық қару сынақтарын жүргізу
нəтижесінде негізінен цезий-137 (
137
Cs) жəне стронций-90 (
90
Sr)
радионуклидтерінің ғаламдық деңгейде түсуінің маңыздылығы
екінші орында. Олардың ең үлкен мөлшері 1963 жылы тіркелген
(140 мкЗв/жыл). Ядролық сынақтарға тыйым салынғаннан кейін ол
үздіксіз төмендеп, бүгінгі күні 5 мкЗв/жыл құрайды.
Қазіргі кезде жасанды радионуклидтердің ғаламдық деңгейде
түсуі барысында табиғи радионуклидтердің ғаламдық деңгейде
түсуіне қарағанда шамамен 10 есе аз дозалар түзіледі. Радиоактивті
жұқтыруға ұшыраған аумақтарда тұратын халықтың сəулелену
мөлшері – 2 мкЗв/жыл құрайды. Негізінен бұл доза 1986 жылғы
Чернобыль апатының салдарымен байланысты. Басқа қалған
апаттардың дозасы едəуір төмен: АЭС жəне басқа да радиациялық
нысандар қалдықтарының халықтың сəулеленуінің орташа дозасы-
на қосатын үлесі өте аз.
Қазіргі уақытта адам ағзасына ең қауіпті техногенді радионуклид
137
Cs жəне
90
Sr болып табылады, олардың жартылай ыдырау кезеңі
шамамен, 30 жылды құрайды. Бұл дегеніміз, Чернобыль АЭС-дегі
апат болғаннан кейін, 30 жылдан соң, яғни 2016 жылы осы эле-
менттер атом ядроларының тек жартысы ғана ыдырайды, ал 2190
жылы 1% ғана ыдырамаған атомдар ядросы қалады (радиоактивті
элементтердің ыдырау заңы кері-экспоненциалды тəуелділік болып
табылады).
Ядролық сəуленің тірі объектілерге биологиялық əсері:
1. Сəуленің биохимиялық процеске, органдар мен тіндерінің
қызметі мен құрамына бастапқы əсері;
2. Радиация əсерінен пайда болатын нейрогенді жəне гуморальді
ығысу: зат алмасудың, ферментативті процестің жəне басқалардың
бұзылуы сияқты 2 кезеңді құрайды.
Сəуленің биоортамен өзара əсерлесуі нəтижесінде тірі ағзаға
белгілі бір энергия мөлшері беріледі. Сəуленің ағзаға əсерін сипат-
тайтын негізгі шама сіңірілген энергияның көлеміне тікелей тəуелді.
Кез келген көлемдегі радиацияның ішкі сəулесі сыртқы сəулеге
қарағанда, бірнеше есе қауіпті: біріншіден, ағза ішіне түскен радио-
156
нуклидтер тіндердің түрлі элементтерімен химиялық байланысқа
түсіп, одан баяу шығады, осыған байланысты сəулелену уақыты де-
реу ұлғаяды; екіншіден, сəуле алу көзінен сəулеленетін тінге дейінгі
арақашықтық нөлге дейін азаяды. Радионуклидтер ағза ішінде
бірқалыпсыз жиналады жəне ағзаның тіршілік əрекетіне маңызды
жəне сəулеленуге сезімтал органдарға жақын (критикалық органдар
– қызыл сүйек кемігі, қалқанша без, жыныстық органдар, көкбауыр)
шоғырлануы мүмкін.
Радиацияның биологиялық əсерінің нəтижесінде қалыпты
биохимиялық процестер бұзылады, бұл патологиялық процестердің
даму механизмі жəне спецификасын анықтайтын жасушалар жəне
тіндердегі функционалды жəне морфологиялық өзгерістерді туды-
рады.
Радиация əсерінен ағзада қан, лимфа, тін сұйықтығы жəне басқа
орталардың биологиялық қасиеттерінің сапалық жəне сандық
өзгерісін тудыратын уытты заттар (радиотоксиндер) пайда болады.
Уытты агенттерге гормондарды, ферменттерді, зат алмасуды жəне
тін ыдырауының өнімдерін жатқызуға болады. Мысалы, сəуле алу
кезінде бауыр тінінің гликоген мөлшерінің көбеюуіне əкеп соғатын
бүйрекүсті гармондарының бөлінуі көбейеді.
Кез келген химиялық элементтің радиоактивті изотопы ағзаға
түскенде сол элементтің тұрақты изотопы сияқты зат алмасуға
қатысады. Ағзаға түскен радионуклид қызметі сəуленің сыртқы
көздерінің қызметінен айырмашылығы жоқ. Олардың ерекшелігі
зат алмасуға қатысуы кезінде ұзақ уақыт бойы тінде қалуы мүмкін.
Радионуклидтердің белсенділігін химиялық та, физикалық та
құралдармен жоюға болмайды.
Радионуклидтердің ағзаға түскен кезде биологиялық қызмет
деңгейіне радиоактивті емес химиялық элемент-аналогтардың
болуы үлкен əсерін тигізеді. Элемент-аналогтарға кальций жəне
стронций жатады. Стронций-90 жерсілтілік изотопы кальцийді оның
қосылыстарынан ығыстырады.
Цезий-137 ішек-қарын жолына толық сіңіп, ағзада, əсіресе,
жұмсақ тіндерде бірқалыпты таралады. Жерсілтілік элементтер қиын
еритін қосылыстарды түзетіндіктен, ішектегі стронций-90-нің сіңу
деңгейі 9-60% құрайды жəне негізінен сүйек тінінде жинақталады.
Ағзадағы радионуклидтердің бөлінуі адамның жас мөлшеріне
аса күшті тəуелді емес. Барлық радионуклидтер үшін критикалық
органдарға қан жасайтын жүйе жəне жыныс бездері жатады, себебі
157
оларда радиацияның кіші мөлшерінде-ақ үлкен өзгерістер жүреді.
Аяғы ауыр əйелдерде радиоактивті изотоптар плацента арқылы
өтіп, ұрық тінінде шоғырланады. Жас өсіп жатқан ағзаға тез сіңеді
жəне жиналады. Ең алдымен, стронций-90 үлкен көлемде ерінді
бөліктерінде, содан кейін сүйектің тұтас бөліктерінде шоғырланады.
Стронций-90 цезий-137-ге қарағанда, 10 есе улы жəне ағзадан нашар
шыға-рылады.
Достарыңызбен бөлісу: |