Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет92/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111
Пробиотикалық өнімдер – тірі пробиотикалық микроағзалар 
жəне пробиотиктерді қосу арқылы дайындалған тағам өнімдері.
ББҚ сапасы – ББҚ тұтыну қасиетін, тиімділігін жəне қауіпсіздігін 
сипаттайтын сипаттамалардың жиынтығы.
ББҚ қауіпсіздігі – қазіргі жəне болашақ ұрпақтың өміріне жəне 
денсаулығына қауіптің болмауы.
Фальсификатталған (бұрмаланған) ББҚ – əдейі өзгертілген 
(жасанды) жəне (немесе) жасырын қасиеті жəне сапасы бар, əдейі 
толық емес немесе күмəнды ақпараты бар ББҚ.
ББҚ-ды идентификациялау (сəйкестендіру) – нормативтік, 
техникалық құжаттарға жəне ББҚ-дың ілестірілген құжаттарында 
жəне зат белгісіндегі өнім, материал жəне бұйым туралы туралы 
ақпаратқа белгілі биологиялық белсенді қоспалардың сəйкестігін 
анықтайтын қызмет.
ББҚ айналымы – сату-сатып алу (соның ішінде экспорт жəне 
импорт) жəне басқа да өткізу əдістері (одан кейін-сату, өткізу) жəне 
оларды сақтау жəне тасымалдау.
ББҚ-ды қайта өңдеу – тағам өнімдері, материалдар жəне 
бұйымдардың əдеттегі қолданысынан тыс, сапасыз жəне қауіпті 
тағам өнімдерін, материалдар жəне бұйымдарды қолдану.
7.2. Биологиялық белсенді қоспалардың жіктелуі
ББҚ келесі топтарға бөлінеді:
– ағзаның əртүрлі функционалды жағдайларында көмірсу, май, 
белок, дəрумендік жəне басқа да зат алмасу түрлерін оңтайландыру 
үшін тағамдық жəне биологиялық белсенді заттардың қосымша 
көздері ретінде;
– адам ағзасының органдары жəне жүйесінің функционалды 
жағдайын қалыптандыру жəне (немесе) жақсарту үшін, соның ішінде 
жеке немесе өнім құрамында, əртүрлі функционалды жағдайларда 
жалпы күшейткіш, жеңіл зəр айдағыш, сергітетін, тыныштандыра-
тын жəне басқа да əсерлері бар;
– ауру қаупін төмендету үшін, асқазан-ішек жолдары микро-
флорасын қалыптандыру үшін, энтеросорбенттер жəне басқалар. 
ретінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет