Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет68/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91
Байланысты:
пед

Бағалау бөлімдері

Бағалау (%)max

Ескерту

1

Кәсіпорын (мекеме) бойынша тәжірибе жетекшісінің
мінездеме-пікірі

10





Іс-тәжірибе күнделігі

2

Толтырылу дұрыстығы

10


3

Жазбалардың мазмұндылығы

10


4

Тапсырмаларды орындау мерзімдеріне сәйкестігі

10





Іс-тәжірибе есебі

5

Ресімдеу ережелерінің сақталуы

10


6

Жұмыс бойынша
қорытындылардың дербестігі, ғылымилығы

10


7

Есепті дайындауда жаңа әдебиеттерді қолдану

10





Конференцияда практика бойынша есепті қорғау

8

Электрондық презентацияның болуы

10


9

Есеп құрылымының қисындылығы мен
пропорционалдылығы, баяндау

10





стилі







10

Келтірілген дәлелдер мен деректердің сенімділігі, материалды еркін меңгеру

10


Педагогикалықіс-тәжірибеден өтпеген, оның бағдарламасының талаптарын орындамаған, іс-тәжірибе базасынан теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар теориялық оқытумен қатар келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестр кезеңінде іс-тәжірибенің осы түріне қайта жіберіледі.
3.Педагогикалық іс-тәжірибе барысында кездесетін проблемалық жағдайлар.
Педагогикалық практика кезінде болашақ мұғалімнің оқушы мұқтажын сезінуі,қарым-қатынас психологиясын меңгеруі, әр оқушымен жеке дара жұмыс тәжірибесінің дамуы, ата-анамен байланысының күшеюі, оқушылардың өзін-өзі басқаруына жағдай жасай білуі, еңбекке қатынасын, үлкенді сыйлау, т.б. мінезқұлықтарының қалыптасуына ықпал ету әдістерін меңгеруі жүзеге асады. Осы бастама кейін тәжірибеде, мұғалімдік қызмет барысьінда өз жалғасын табады.
Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық практиканың мәнін қөтерудің бірнеше себебі бар: біріншіден, жоғары оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Екіншіден, педагогикалық практика кезінде студенттер оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінезқұлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады. Үшіншіден, педагогикалық практика кезінде студенттердің өзіндік «менінің» мәні арта түседі. «Мен білемін», «үйренемін», «үйретемін», «тәрбиелеймін», «қарымқатынас жасай аламын» деген сияқты сенімі нығаяды. Оқушыларды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студент өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен проблемалардың шешемін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды.
Болашақ мамандардың кәсіби-тұлғалық дамуын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылып, өткізілетін шаралар ұсыныс пен нұсқау беру түрінде өткізілуі тиіс, себебі жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тұлғаның ішкі немесе сыртқы уәжін қалыптастыру оларға да тікелей байланысты. Егер болашақ маманның ішкі уәжі нық болмаса сыртқы уәж нәтижесіз қалуы мүмкін. Сол себептен, болашақ мамандарға арналған әдістемелік көмек пен ісшаралар мақсатқа сәйкес, жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін жетекші мен болашақ маман оқу жылына кәсіби дамудың жолдарын қарастырады, олар:

  • өзін-өзі бағалау (диагностика)

  • мақсатты тұжырымдау

  • талдау

  • мақсатты түзеу

  • мақсатқа жету

  • мұғалімнің кәсіби қажеттілігін анықтап алуы қажет, қолданылатын әдістері: сауалнама алу, жеке әңгімелесу, педагогикалық қауымдастықтың бағасы.

Сонымен бірге, практиканттың кәсіби-тұлғалық даму деңгейін диагностикалаудың тиімді әдісінің бірі SWOT –талдау. SWOT – қысқартылған Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities(мүмкіндіктер) және Threats (қауіптер) болып табылады. Ішкі жағдайды негізінен S және W , ал сыртқыны - O және T анықтайды. SWOT – талдаудың мақсаты қауіптер мен мүмкіндіктер сондай-ақ күшті және әлсіз жақтар туралы ақпараттарды жүйелеу арқылы болашақ мұғалім дамуының негізгі бағыттарын тұжырымдау болып табылады. SWOT – талдау мына сұрақтарға жауап алуға көмектеседі:

    • Өз қызметінде студент-практикант ерекше артықшылықтарын немесе ішкі күшті мүмкіншіліктерін қолдана ма?

    • Егер студент-практикантерекше артықшылықтарға ие болмаған жағдайда, оның күшті жақтарының қайсысы ерекше артықшылыққа айнала алады?

    • Әлсіз тұстарының қайсысы түзетуді қажет етпейді?

    • Қандай қолайлы мүмкіндіктер студент-практикантты шынайы табысқа жеткізеді?

    • Студент-практиканттыңтабыстылығына қандай қауіп пен тәуекелдер әсер етеді және ол қандай стратегиялық әрекет жасауы керек?

SWOT–талдаудың қорытындысын ұсынудың қарапайым түрібұл әлсіз және күшті жақтарын, мүмкіндіктер мен қатерлерді атап шығу. Өзінің тұжырымдамалық қарапайымдылығының арқасында, SWOT–ты қолдануға жеңіл. Өткізу үшін ауқымды мәлімет базасы да, формалды дайындық та қажет емес. Өзін-өзі талдау негізін өз жұмысының нәтижелерін рефлексиялау құрайды. SWOT–талдауды студент-практиканттыңөз рефлексиясы немесе кәсіби даму деңгейін анықтау бойынша сауалнамасы негізінде кері байланыстың да көмегімен дербес қолдануға болады.
Кері байланыс уәждеудің мықты құралы болып табылады. Кері байланыс, әсіресе, студент-практикант әрекеттеріне нақты нұсқау беруде тиімді, дегенмен, жалпылама мадақтау да адамды ынталандыруымен қатар өз күшіне сенімін арттырады. Кері байланыс тиімсіз тәжірибені бағалау арқылы студент-практиканттыңәрекетіне келешекте өзгерістер енгізуге мүмкіндік туғызады. Бұл жағдайда студент-практиканттың әрекеттері көрсетіліп, балама әрекеттердің ықпалынан нәтижелердің оңды болатындығына нұсқау беріледі. Әдетте, бақылаушы-тәлімгерге жас маман тәжірибесіндегі осал тұстарын байқау қиындық келтірмейді. Кемшіліктерді сындарлы түрде айту әлдеқайда қиынырақ–келешекте оларды жоюды және кәсіби өсуді кепілдендіретіндей етіп жеткізу керек.
Кері байланыс:

    • Нақты сабақтағы студент-практикантқатәуелді әрекеттерді жалпылап айтқаннан гөрі, анық мысалмен сипаттауы;

    • Уақтылы –жақын арада болған жағдаятқа, атап айтқанда бақыланған сабаққа қатысты; ақпарат бақылаушының да, мұғалімнің де жадында әлі ұмытыла қоймаған кезде;

    • Сындарлы – келешекте көруге қалайтын әрекеттердің әртүрлі нұсқаларын ұсыну; бұл мұғалімнің ұмтылатын педагогикалық шеберлік деңгейінің біліктілік талаптарына сай студент-практиканттың жеке жетілдіре алатын мықты тұстарына қалай қатысты болса, солай тәлімгер тарапынан қолдау мен дамытуды қажет ететін оның тәжірибесінің даму аймағына да қатысты;

    • Салдары көрсетілген–аталған әрекеттердің салдарын көрсетеді:

студент-практиканттың өзіне, оқушыларға, оқу үдерісіне қалай ықпал ететіндігін көрсетуі;

    • Дамытушы–кәсіби дамуына қолдау көрсетуге бағытталған болу керек.

Кері байланысты барынша ықпал болатындай ету үшін, ең алдымен тәжірибесінің мықты тұстарын анықтап алып, нақты әрекеттерді және тәжірибенің даму бағыттарын қарастыру керек. Бұл студент-практиканттыңәрекетінде барынша не құнды екендігін түсінуге мүмкіндік береді (мысалы, «Бүгін формативті бағалау бойынша жұмыс ұтымды ұйымдастырылды, себебі оқушылардың өздеріне критерийлерді құрғызу, олардың оқып үйренгелі отырған мәселенің маңызын терең түсінуге жағдай жасады»). Осыдан кейін дамытуды қажет ететін қызмет қырларын талқылау қажет. Бұл ретте, студент-практикантқа оның әрекетінің жағымды салдарын көрсету қажет, оның дамуына келешекте қандай әрекеттер ықпал ететінін нақты және түсінікті түрде айту маңызды. Соңында студентпрактиканттың тәжірибесінің қаншалықты маңызды екендігін, ал оның кәсіби даму мақсатына қалай итермелейтіндігін түсінуіне мүмкіндік туғызу қажет.
Осылайша, бойындағы кәсіби-тұлғалық қасиеттерді дамыту бағытындағы сұрақтарға жауап бере отырып, «студент-практикант өз тәжірибесі мен білімін пайдаланады, өзіне лайықты ақпаратты жасақтап, белсенді болады, нені білетінін және болашақта нені ескеру қажеттігін анықтайды». Студент-практикантбойындағы кәсібитұлғалық қасиеттерді дамыту мақсатына жетуде жетекші мен студент арасындағы өзара сенімділік маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет