Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет66/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
Байланысты:
пед

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Құрманалина Ш. Х, Мұқанова Б. Ж.. Педагогика: Оқу құралы.-Астана.2007.

  2. Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособиеМ.:Проспект,2005.стр.55-57.

  3. Елканов С.Б. Основы пофессионального самовоспитания будущегоучителя. –Москва.: «Просвещение» –1989.

  4. Маркова А.К. Психология профессионализма. -М.: Международный гуманитарный фонд ―Знание, 1996. 312с.

  5. Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ.сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр«Академия», 2009.-256с.

  6. Мұқытова Ж.Қ., Педагогикалық шеберлік: дәрістер, практикалық тапсырмалар, тестер.Оқу құралы. Көкшетау, 2015.

  7. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя. – Алматы, 2000.

  8. Лактионова С.А. Организация деятельности ученика инновационной школы. Метод. пособие– Астана,2010(в соавт.)

Тақырып №13. БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Теориялық мәліметтер
Жоспар

  1. Педагогикалық іс-тәжірбиенің міндеттері мен мазмұны. Студенттерді педагогикалық іс-тәжірбиеге даярлау

  2. Педагогикалық іс-тәжірбиені ұйымдастыру ерекшеліктері.

  3. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында кездесетін проблемалық жағдайлар.

1. Педагогикалық іс-тәжірбиенің міндеттері мен мазмұны. Студенттерді педагогикалық іс-тәжірбиеге даярлау
Мұғалімдерге кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық істәжірбиенің алатын орны ерекше. Ол болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығын, олардың мектептегі оқу-тәрбие процесі барысындағы практикалық қызметімен ұштастыру болады.
Педагогикалық іс-тәжірбие – студенттерді ұстаздық мамандыққа дайындаудың ең күрделі бөлігі. Сондықтан да мектепте студент – практиканттар бірінші күннен бастап мұғалімдер ұжымының мүшесі екендігін іштей сезініп, соның жұмысына бар ынтасымен араласып кетуіне көңіл бөлу керек. Осындай қамқорлық арқасында ғана болашақ мұғалімде педагогтік сезім, нағыз мамандық ерекшеліктері қалыптасады..
Педагогикалық іс-тәжірбие барысында студенттердің теориялық дәріс алу кезінде алған білімдері нақтыланып тереңдей түседі, оқутәрбиелік тапсырмаларды орындау кезінде психологиялық-педагогикалық және арнаулы білім одан әрі тереңдетіле түседі. Студентпрактиканттарға мектеп өміріндегі негізгі педагогикалық заңдылықтарды қадағалауға жағдай туғызылып, жан-жақты оқутәрбие барысында оқушының білімін тереңдету концепциясын (тұжырымдамасын) жүзеге асыруды қадағалауға мүмкіндік туады және де оны жүзеге асыруға ат салысуға жағдай жасалады.
Жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер, болашақ мамандардың өсіп-жетілуін жақсартуға ықпал етеді, бұл тек рухани дамыған жан-жақты мамандарды әзірлеу емес, сондай-ақ ғылымның және техниканың жаңалықтарын шеберлікпен пайдалана алатын мамандар даярлау.
Сондықтан да мектепте өткізілетін педагогикалық іс-тәжірбие барысында бүгінгі студент – ертеңгі ұстаздың белсенділігін арттыру, интелектуалдығын қалыптастыру, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқытудың тиімділігін арттыру, тәрбие мәселелерін шешетін әдістерді талдап керекті жолдарын табу көңіл бөлетін маңызды мәселе болып табылады.
Студент-практиканттардың педагогикалық іс-тәжірбиесі мынадай негізгі міндеттерге бағытталған:
Студенттердің педагогиканы, психологияны, әдістемені және негізгі сабақтарды оқу кезінде алған теориялық білімдері мен практикалық шеберлігін тереңдетіп бекіту.
Студенттерді практикалық істерді өз бетінше жоспарлауға оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын өткізуге, жалпы ісі мен білім берудің негізгі мәселелерін шешуге шығармашылықпен қарауға үйрету. Студенттерді оқушылар ұжымымен, жеке топтармен және жеке оқушымен жұмыс өткізуде олардың жасындағы жекелік ерекшеліктерін ескеріп отыруға үйрету.
Студент-практиканттарды педагогикалық мамандықты сүюге тәрбиелеу.
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық пән негізіндегі ғылымизерттеу жұмыстарына қызығушылыққа және озат мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін талдап қорытуға дағдыландыру.
Студент-практиканттарды халық арасындағы қоғамдық жұмыстарға және халық педагогикасын насихаттауға бейімдеу. Пән үйірмесін өткізу, жалпы сыныптан тыс жұмыстарды пән бойынша ұйымдастыру.
Пән және педагогика-психология әдіскерлерінің міндеттері:

  • Студенттерде мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілік пен тұрақты қызығушылығын өздігінен педагогикалық білім алу қажеттігін айқындау.

  • Нақты педагогикалық міндеттерді шешуде қоғамдық-саяси, психология-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану, сол білімдерді тереңдету және баянды ету.

  • Болашақ ұстаздарда кәсіптік шеберлік пен дағдының қалыптасып дамуы.

  • Педагогикалық қызметке шығармашылық және зерттеушілік тұрғыдан дағдыландыру.

  • Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының қазіргі жайымен, озат педагогикалық тәжірибемен танысу.

Студент-практикант педагогикалық іс-тәжірбие барысында кәсіби-педагогикалық шеберліктің төмендегі негіздерін меңгеруі міндетті:

  • Балалардың жасы және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының нақты міндеттерін анықтау.

  • Оқушылардың жан-жақты дамуын және тәрбиені байқау, жобалау мақсатында оқушылар ұжымы мен оқушының жеке басын зерттеу.

  • Педагогикалық қызметті келешекте заман талабына сай іске асыру (пән бойынша мектепте және сыныптан тыс істелетін жұмыстар балалардың әртүрлі әрекеттері т.б.).

  • Оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық етудің түрлі формалары мен әдістерін және білімдік-тәрбиелік міндеттерін айқындау (оқу материалын, ұйымдастыру түрлері мен оқыту әдістерін дәлелді түрде таңдап алу).

  • Балалар ұжымына қойылған міндеттерін орындауға ұйымдастыру, оны және ұжымды тапсырмаларды орындаудың әдістеріне үйрету, актив пен ұжым арасындағы өзара қарымқатынасты үйлестіру, бақылауды іске асыру, қортындылау (жұмысқа талдау жасау).

  • Бала тәрбиесінде мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен, тағы басқалармен бірлесіп жұмыс істеу.

  • Оқу-тәрбие жұмысын бақылау, оған талдау жасау, ондағы істерді жетілдіру.

  • Еңбек ұжымдарында, ата-аналар арасында педагогикалық үгіт-насихат жүргізу.

Педагогикалық іс-тәжірбие студенттерді ұстаздық мамандыққа дайындаудың ең күрделі бөлігі. Ол істің негізгі мазмұны мына төмендегіше:
Педагогика, психология курсынан алған теориялық білімін, әдістемесін мамандық пәндерін тексеріп, бекіту.
а) Студенттерді оқу-тәрбие жұмысын өз бетінше өткізуге үйрету.
ә) Педагогтік мамандыққа бейімділігін, ынта-ықыласын
қалыптастыру.
Педагогикалық іс-тәжірбие кезінде студент-практикант мектептегі педагогикалық ұжымның мүшесі болып саналады және мектеп тәртібін әкімшілік бұйрығын орындайды.
а) Студент-практикант бекітілген мектептегі жеке сыныптың
оқу-тәрбие жұмысын зерттеп-білуге міндетті.
ә) Мамандық бойынша сабақ өткізу.
б) Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде тәрбие және
сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу.

  • Ең әуелі студент-практикант мектеппен және өзіне бекітілген сыныппен танысуға міндетті, өз мамандығы бойынша тәжірибелі мұғалімнің 8-10 сабағына, ал басқа пән мұғалімдерінің 3-4 сабағына қатысуға тиіс. Сабақтың тақырыбын студент күнтізбелік жоспары бойынша пән мұғалімінен алып отырады.

  • Студент өткізетін сабағының жоспарын кем дегенде екі күн бұрын әдіскер ұстазға көрсетуге тиіс. Жоспарды мұғалім және топ жетекшісі бекітеді. Бекітілмеген жоспармен студент сабаққа жіберілмейді. Есеп беру сабағына барлық топ студенттері қатысады. Әрбір есеп беру сабағы сол күні талқыланады және бағаланады.

  • Әрбір студент іс-тәжірбие кезінде өткізетін сабағында қолданылатын немесе сыныптан тыс жұмысқа арналған 1-2 көрнекі құралдарды дайындауға міндетті (кесте, сызба, альбом, т.б.).

Іс-тәжірбие кезінде студент мектептегі кезекшілікке қатысады.

  • Сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде студент тәрбие ісі бойынша 1-2 есеп беру жұмысын жоспарлап, оны жетекшіге өткізуге тиіс.

  • Есеп беру тәрбие жұмысы топ студенттерінің қатынасуымен өтеді, соңынан талқыланады.

  • Студент педагогикалық іс-тәжірбие кезінде мектептің барлық оқу-тәрбие жұмысының іс-қағаздарымен танысуға тиісті.

  • Әрбір студент іс-тәжірбиекезінде күнделік жүргізеді, онда мектепке келген уақыттан бастап жүргізілген жұмыстарын көрсетеді.

  • Топ студенттері жалпы топ жиналысының хаттамасын кезекпен жүргізіп, оған барлық талқыланған сабақтары мен есеп беру жұмыстарын жазады.

  • Студент-практикант мектепте күніне 6 сағат жұмыс істеуге міндетті.

  • Студенттердің топ басшысы қатысу журналын жүргізіп, істәжірбиеге себепсіз қатыспаған, кешіккен студенттер туралы факультеттің деканына хабарлап отырады.

Педагогикалық іс-тәжірбиені талапқа сәйкес өткізіп, жоғарыдағы берілген әдістемелік нұсқауларды орындау жоғары деңгейдегі маман дайындауға үлкен септігін тигізетіні анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет