2. Педагогикалық іс-тәжірбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген педагогикалық іс-тәжірибе студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Педагогикалық іс-тәжірибе барысында, студенттер болашақ қызметінің қыр-сырын тікелей жұмыс орнында танып, психологиялық және кәсіби бейімделуден өтеді. Студенттер іс-тәжірибе кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алып, мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренеді. Педагогикалық іс-тәжірибе болашақ педагогтардың кәсіби қалыптасуында үлкен және маңызды рөл атқарады. Іс-тәжірибеден өту барысында студенттердің теориялық білімдері тереңдетіледі, кеңейеді, нығайтылады. Студенттердің кәсіби білік-дағдылары мен кәсіби-тұлғалық қабілеттері қалыптасып, педагогикалық ойлауы, шығармашылық белсенділігі мен дербестігі дамиды.
Педагогикалық іс-тәжірибесоңында студент өзінің болашақ маман ретінде кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, жеке тапсырмалар тізімін жасайды.
-Тәжірибе өтілген білім беру мекеменің ерекшелігімен танысу;
-Білім беру мекеменің оқытушыларының қызметтерімен танысу;
-Психологтың іс-шараларымен жеке жұмыс жоспарымен танысу;
-Педагогикалық іс-тәжірибенің әдіскерлерімен танысу;
-Негізгі психологиялық мәселелермен танысу;
-Мектептің әкімшілігімен, мұғалімдерімен әңгімелесу;
-Кабинетпен, сынып оқушыларымен танысу;
-Сабақтарға қатысып сыныптағы хал-ақуалмен танысу ;
-Сыныптан тыс психологиялық іс-шараларға ат салысу;
-Жеке тұлғаның өзіндік қабілеттері мен қасиеттерін анықтауға арналған әдіс-тәсілдерді жүргізу;
-Сыныппен өзара қарым-қатынас жасай отырып топтық тренингтер жүргізу;
-Баланың таным процесін зерттеуге арналған әдістемелер жүргізу; -Баланың темпераментін анықтауға арналған психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу;
-Кабинетпен, сынып оқушыларымен танысып, сыныптағы психологиялық хал-ақуалды меңгеру;
-Психодиагностикалық әдістемелерді жасап, нәтижесін психокоррекциялық әдістермен ұштастыру;
-Жеке тұлға мәселесін іс-тәжірибе барысында ашып, баланың өзіндік қасиеті мен өзіндік менін қалыптастыруға мүмкіндік жасау; -Жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіндегі негізгі проблемаларымен жұмыс жасап үйрену.
Іс-тәжірибе бойынша есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар
-Іс-тәжірибе өткен кездегі есеп беруінің титул беті болуы тиіс; -Білім беру мекемесінің паспорты болуы керек; -Тәжірибе күнделігі талапқа сай толтырылуы тиіс; -Сабақтарда өткізілген әдістемелер тұруы қажет -Оқушымен жүргізген психологиялық тренингтер.
- Бір оқушыға берілген психологиялық мінездеме. -Сыныпқа берілген мінездеме -Психодиагностикалық жүмыстар.
-Психокоррекциялық жұмыстар
-Студент оқу іс-тәжірибесінің нәтижелерін қорытынды есебі -Іс-тәжірибе есебі бағдарлама мазмұнымен сәйкес келуі керек.
Іс-тәжірибені бағалау талаптары
Студент есебі іс-тәжірибе жетекшісімен тексеріліп, кафедра меңгерушісінің ұйғарымымен құрылған комиссия мүшелерінің алдында қорғалады. Қорғау қорытындысы дифференциалды сынақ ретінде балды-рейтингтік әріп жүйесімен төмендегі кестеге сәйкес бағаланады: