Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу



бет13/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Ұйымдастырылған өқу іс-әрекеті
- балалармен бірге ермексаздан, табиғи материалдардан (кондитерлік өнімдерді, көкөністерді, жемістерді, нан мен тоқаштарды, қағаздан әмияндарды) дайындау.
- сауда қызметкерлері жөнінде иллюстрациялы альбомдарды безендіру.
Балалармен әңгімелесу
- «Супермаркет деген не?». Балалар «Дүкендер» туралы тақырыпта не біледі және оны топта қалай ойнайды, ол үшін не қажет, балалар ата-аналар, педагогтармен бірге не істей алады.

  • «Жайлау дегеніміз не?», Малшы, көкөнісші, егінші»; немен айналысады.

  • Ойлануға жағдай туғызу. «Тасымалды дүкен несімен ыңғайлы?».

Дидактикалық ойындар
- «Сөз айт»;
- «Бір сөзбен ата».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- дүкенге саяхат;
- мүсіндеу «жемістер, көкөністер, кәмпиттер»;
- сурет «Жайлауда», «Киіз үй».
Ата-аналармен жұмыс
- қажетті атрибуттарды жинауға көмектесу;
- ойынға қатысып көру, бақылау.
«Супермаркет. Жайлаудағы дүкен» сюжетті-рөлді ойынның технологиялық картасы


Мақсаты: Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына дейін рөлге сәйкес әрекет ету, құрбы-құрдастарымен өзінің жеке ойын бөлісу, келісе білу біліктерін қалыптастыру. Қазақтың салт-дәстүрі мен өмірі бойынша балалардың білімдерін кеңінен қолдану. Билингвалдық компоненттер негізінде диалогтік тілдік қатынасын дамыту.



Жағдайят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Супермаркетке
келу.
Қажетті тауарларды сатып алу.
Менеджерлерден кеңес алу. Тауарды орау, сатып алынған заттар үшін төлеу;
Директормен даулы жағдайды шешу.
Жайлауға тауармен шығу. (қазақтың қол өнер заттарын және азық түліктер, орыстың, қазақтың асханасынан) Малшылар өздеріне ұнаған заттардың барлығын сатып алады. Қазақ және орыс тілдерінде тілдеседі (екі тілдің элементтері)
Малшылар бірге жиналып бесбармақ жейді және шай ішеді.

Касса, азық-түліктер жинағы;
менеджерлер, сатушылар, кассирлердің арнайы киімдері; сувенирлер; чектер, сөмкелер, әмияндар, ақшалар; ұсақ ойыншықтар жинағы; журналдар, газеттер; киім, аяқ-киім, бас киім; тіркеудегі кітаптар, бағалар, бөлім атауларының сілтемесі.
Телефондар, рациялар, микрофондар; орау, азық-түлікке арналған арбалар
Қазақтың тұрмыстық заттары: дастархан, кесе, шыныаяқ, шайнек, ұлттық киімдер, қазақтың және орыстың асханасынан азық-түліктер



Дүкеннің директорының рөлін ойнау: дүкенге тауар жинайды (азық-түлік және өнеркәсіптік).
Дүкендердің жайлауға тасымалдауын ұйымдастыру. Қажетті тауарлады іріктеп қояды, тауарды артқанда жұмысшыларға тауардың сақталуы жөнінде ескертеді.

Жүргізуші көлік жүргізеді, тауаршыдан тауар алады, түсірілген жүкті артады. Тапсырыс берілген тауарды алады, меңгеруші оны жөнелпе құжатқа жазады.
Сатушылар тауар алып, сөрелерге көрмеге жайып, сатып алушыларға қызмет жасайды. (ақшаларды алып, қайтарып, тауарға чек береді).
Менеджер ұсынылған тауардың сапасы жөнінде айтып, оларды сатып алуға кеңес беріп жарнамалайды. Әр бөлімнің сатушыларына тауарға телефонмен тапсырыс беріп, жөнелпе құжат алуға көмектеседі, еңбекақы алады. Сатып алушылар өзіне қажетті тауарларды сатып алады, сатып алынған заттарды сөмкеге салып қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет