Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу


БАЛАБАҚШАДА СЮЖЕТТІ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ



бет2/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
БАЛАБАҚШАДА СЮЖЕТТІ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ

Мектепке дейінгі балалық шақ — 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста танылады.


Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында туындайды.
Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды (немесе модельдейді).
Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл ойында барлығы шартты, барлығы «әзіл сияқты». Бала елестеткен шегені ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды, «дәрігер» болып, ауру қуыршақтарды «емдей» алады, ал шын мәнінде бұл «ересектердің» мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған жағдайларды қайтадан «бастан кешіп» жатады.
Сюжетті ойынның осындай «мүмкіншіліктердің» барлығы мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық жайлылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын - адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды, оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген.
Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде — спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде — әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп, оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3 құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет