Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ»



бет11/15
Дата07.01.2022
өлшемі34,9 Kb.
#18814
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Инклюзив багдарламасы-конвертирован

Диагностикалық бағыт:


  • баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;

  • баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау;

  • баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау;

  • мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу;

  • жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау;

  • компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу;

  • баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.

Сонымен, диагностика келесі міндеттерді шешуге бағытталады.

Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау. Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі.

Баланы динамикалық тексеру – оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін

анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге, баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді.



Кезеңдік диагностика – бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім-білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.

Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі. Баланы психологиялық- педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.

Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жан-жақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. Аталған қағидаларды ескере отырып, әр психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді. Мұғалім- дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді:



  • Сенсорлы-перцептивті жағдай;

  • Зейіні;

  • Есте сақтауы;

  • Ойлауы;

  • Сөйлеу ерекшеліктері;

  • Өзін-өзі бағалауы;

  • Ерік-жігері;

  • Психомоторлық жағдайы;

  • Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;

  • Оқу біліктілігі;

  • Еңбек біліктілігі;

  • Коммуникативтілігі;

Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық- педагогикалық профиль толтырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.

Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады. Консилиумда баланың дамуының

мінездемесі, оның одан әрі дамуы, балаға түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері қарастырылып ортақ шешімге келеді. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының болжамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете-дамыту жұмысының мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет