Әлеуметтік-бейімдеу бағыты
баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;
баланы шығармашылыққа тарту;
баланы мерекелік іс-шараларға қатыстыру;
баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
Сонымен қатар баланы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде әлеуметтік-бейімдеу бағыты балалардың, қоғамның толеранттылығын қалыптастыруды жүзеге асырады.
Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:
Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау;
-оқушыға портфолио құрастыру.
Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім-білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші.
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық- педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.
Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. Психодиагностикалық тестілеу баланың танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт – мұғалім-дефектологтың психологиялық құзырлығы болып табылады. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің артуына, жетістіктерге бір қадам жақындауға жағдай жасайды.
Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, бала − ата-ана − педагог, отбасы және білім беретін ұйымдар арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ.
Біз, балалар үшін бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей жағдай жасауымыз керек.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Инклюзивті оқыту – мүмкіндігі шектеулі балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан- дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.
Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |