Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.
Франция. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушілігтері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан бейімдеу орталығына барады.
Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек ретінде мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы балалармен дайындалады.
Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу.
АҚШ. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. «Жалпы білім беру инициативасы» - бұл АҚШ-тың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы – дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
Достарыңызбен бөлісу: |