ІЗДЕНУ-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫС ҮШІН
ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Іздену-эксперименттік жұмысты іске асыру үшін заттық-дамытушы білім
беру орта қажет.
Заттық орта балаға оның өмірге келген алғашқы сәтінен бастап әсер етеді.
Қойылатын ортаға негізгі талаптар, дамыту құралы ретінде белсенді
балалардың өзіндік дамуын қамтамасыз ету, балалардың жасына сәйкес
экологиялық бұрышты, шағын зертхана материалдармен жабдықтарға және
жүргізілген тәжірибелер саны үнемі толықтырылып отырады.
Зерттеу әрекеті және тәжірибе жүргізу үшін қажетті шағын зертханалар
мынадай құрал-жабдықтармен:
- көмекші-аспаптар: ұлғайтқыш әйнек, таразы (безмен), құм сағат, компас,
магниттер;
- әр түрлі көлемді ыдыстар мен материалдардан (пластмасса, шыны,
металл);
- табиғи материал: тасты, саз, құм, қайыршақ, құс қауырсыны, бүрлерді, жер
асты алынған және ағаш жапырақтары, мүк, тұқымдар және т. б.;
- қалдық материал: сым, кесінділер, тері, былғары, мата, пластмасса, ағаш,
тығын және т. б.;
- техникалық материалдар: сомындар, түйреуіштер, болт, шеге, винтиктер,
бұрандалы шегелер, бөлшектер, конструктор және т. б.;
- әр түрлі қағаздар түрлері: қарапайым, картон, наждак, көшірме және т. б.;
бояғыштар: тағамдық және тағамдық емес (гуашь, акварель бояулары және т. б.);
- медициналық материалдар: пипетка, колба, ағаш таяқшалар, шприцтер
(инелерсіз), өлшегіш қасық, резеңке алмұрт және т. б.;
- зертханалық ыдыс-аяқ, қарапайым құрылғылар, нысандар тірі және
жансыз табиғат және басқалар.
7
- өзге де материалдар: айналар, әуе шарлары, май, ұн, тұз, қант, түрлі-түсті
және мөлдір шыны, елеуіш, балауыз шамдар және т. б. жабдықталады.
Шағын зертханаларды жабдықтау кезінде балалардың өмірі мен
денсаулығының қауіпсіздігін; жеткіліктілігі; заттардың қол жетімді орналасуын
ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |