Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет12/27
Дата07.01.2022
өлшемі488,8 Kb.
#19494
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ 

 

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру жолдары: 

1.  Дарынды  балаларды  анықтау:  баланың  табыстары  мен  жетістіктеріне 

талдау.  Балалардың  әлеуеттік  мүмкіндіктерін  диагностикалау.  Бақылау, 

сараптамалық бағалау әдістерін қолдану. Психологиялық тестілер (ата-аналар 

мен  педагогтарға  арналған  А.  И.  Савенковтың  «Дарындылық  картасы» 

әдістері;    В.  Шебеко,  А.  Булахтың  ата-аналарға  арналған  сауалнамалары; 

Торренс және басқалардың креативтілік тестілері) қолдану. 

2.  Мектепке  дейінгі  жастағы  дарынды  балаларды  психологиялық-

педагогикалық қолдау: 

-  баланы дербес дамыту жоспарын құру; 

-    дарынды  балалардың  жан-жақты,  эмоциялық  және  әлеуметтік  дамуына  

көмектесетін  қолайлы заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру

-  мектепке  дейінгі  жастағы  дарынды  балалардың  шығармашылық 

бағыттарын: дербес шығармашылық тапсырмаларды іске асыруына көмек беру

-  зияткерлік ойындарға, конкурстарға қатысу; 

-  дарынды балаларды ынталандыру: әртүрлі конкурстарға қатысқаны үшін 

дипломдармен, грамоталармен марапаттау. 

3.  Дарынды  балалардың  ата-аналарымен  жұмыс:  дарынды  баламен,  ата-

анамен  және  тәрбиешімен  бірлескен  практикалық  әрекеттер.  Әңгімелер, 

тренингтер,  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  мамандарымен  жеке  кеңестер. 

Талантты  балалардың  ата-аналарына  қолдау  жасау  және  ынталандыру  (ата-

аналар  жиналыстарында  грамоталар  мен  алғыс  хаттар  тапсыру).  Ата-аналарға 

дарындылық тақырыбында психологиялық дайындық жасау.  

4. Педагогикалық ұжыммен жұмыс: дарынды балалармен жұмыс бойынша 

педагогтардың кәсіби және тұлғалық жетілуіне ықпал ету, дарынды балалармен 

жұмыс  мәселелері  бойынша  «Мектеп  жасына  дейінгі  дарынды  балалар: 

теориясы,  мәселелері  және  оларды  ертерек  анықтау»  тақырыбында  оқыту 

семинары,  «Дарындылық  бала  тұлғасының  даму  факторы  ретінде», 

«Кіріктірілген  оқыту  әдістерін  қолданудың  вариативтілігі»  тақырыптарында 

кеңестер.  Кітапхана  қорына  өз  білімін  көтеруге  қажетті  әдебиеттер  жинақтау 

және  іріктеу,  жаңадан  түскен  әдебиеттерге  жүйелі  шолу,  Ғаламтор 

мүмкіндіктерін  пайдалану.  Мектепке  дейінгі  балалық  шақ  кезеңінде  алғашқы 

бейімділіктері  айқындалғаннан  бастап    бала  қабілеттерінің  жарқырап 

гүлденуіне,  дарындылыққа  дейінгі  аралықта    дарынды  бала  тәрбиеленетін 

балабақшада  және  отбасында  қолайлы  жағдай  құрылып,  бірлескен  жұмыстар 

үйлесімінде мүмкін болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет