Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата07.01.2022
өлшемі488,8 Kb.
#19494
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Дарынды бала

Креативті тип. Бұл типтің негізгі ерекшелігі өзгеше ойлауынан, өзгелерге 

ұқсайматын  әлемге  айырықша  көзқарасынан  байқалады.  Дарындылықтың  осы 

типін  практикада  анықтау  үлкен  күшті  қажет  етеді.  Себебі,  стандартты 

бағдарламалар осындай балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Негізінен 

барлық  шығармашылық  қабілетке  ие  балалар  мінезінде  айқын  көрінетін 

кемшіліктер кездейсоқ болып табылмайды. Бұл дәйек олардың өздерін жайсыз 

сезінуінен, яғни өзге құрбыларымен бірге «аяқ» басуға құлықсыздығынан, тіпті 

икемсіздігінен,  олардың  дарындылық  тұлғасының  негізі,  сондай-ақ,    әлемді 

стандартты  емес  жағдайда  басқаша  қабылдауынан  болатын  жағдай. 

Шығармашылық  дарындылықтың  көптеген  әртүрлі  нұсқалары  бар:  кез  келген 

қызметті,  қай  істі  қолға  алса  да  алапат  шығармашылық  мүмкіндіктерді 

көрсететін  балалар  және  бір  ғана  салада  дарындылығымен  ерекшеленетін 

балалар  кездеседі.  Салыстырмалы  түрде  жеңіл  көруге  болатын,  алайда  нақты 

дарындылықтың  түрі  ретінде  қабылдауға  қиын  дарындылықтың  бір  типі  − 

көшбасшылық  немесе  әлеуметтік  дарындылық  деп  аталады.  Мұндай 

дарындылық  өзге  адамдарды  түсіне  білу,  олармен  конструктивті  қарым-

қатынастарды  құру,  сол  адамдарды  басқара  білу  қабілеттерімен  сипатталады. 

Көшбасшылық дарындылық көптеген зерттеушілердің пікірінше, интеллектінің 

жоғарғы  деңгейін  қажет  етеді.  Бірақ,  бұған  қоса  жақсы  дамыған  түйсік,  өзге 

адамдардың  сезімдерін  және  қажеттіліктерін  түсіне  білу,  жаңашыр  бола  алу 

қабілеттері  де  керек.  Көп  жағдайларда  бұл  қабілеттер  шешуші  рөл  атқарады. 

Әрекеттедің көшбасшылары болады. Олар көп адамдарға маңызды шешімдерді 

қабылдай алады, қозғалыстың мақсаттары мен бағыттарын белгілейді, өздерінің 

соңынан  адамдарды  ерте  алады.  Сондай-ақ,  дарынды  балалар  жіті  назар 




10 

 

салуымен,  өздерін  қызықтыратын  салада  нәтижеге  жету  үшін  табандылық 



танытуымен 

ерекшеленеді. 

Алайда, 

олардың 


көбіне 

тән 


әралуан 

қызығушылықтар кейде дарындыларды бірнеше істі қатар атқаруға, өте күрделі 

мәселелерді шешуге талпынуға әкеледі. 

Дарынды  балалар  құрдастарының  алдында  біршама  басымдықтарға  ие. 

Олар  өз  ерекшелігі  бар  қиындықтарға  да  ұрынып  жатады.  Біріншіден,  бұл  

балаларының дарындылығына деген ата-аналардың көзқарасымен байланысты. 

Кейбіреулер  өз  баласының  бойынан  ерте  көрінген  дарындылықты  байқағанда, 

тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін өз түсініктеріне сәйкестендіріп, барлық күшін 

сол  баланың  қабілеттерінің дамуына  салады.  Осы жерде мынаны  айтып өткен 

жөн:  академик  А.В.  Петровский  өз  баласын  вундеркинд  санап,  бұл  сөздің 

алғашқы  бөліміне  ғана  назар  аударып,  баланың  әлі  де  шалалығын  ұмытып, 

баланың  ерекшелігіне  назар  аударады.  Егер  дарындылық  белгілі-бір  арнаулы 

салада  көрініс  тапса,  онда  ата-аналар  баланың  осы  саламен  дендеп 

айналысуына  мүдделі  болып,  баланың  өзге  қабілеттері  мен  икемділігінің 

толыққанды  дамуына  кедергі  келтіреді.  Көптеген  белгілі  ғалымдар, 

музыканттар,  суретшілер  мен  жазушылар  өздерінің  алапат  қабілеттерін  ерте 

жастан  көрсеткен.  Кішкентай  А.  Моцарттың,  К.  Гаусстың,  Н.  Винердің,                   

Г.  Лейбництің,  В.  Гюгоның,  Ф.  Шуберттің,  И.А.  Римский-Корсаковтың,                 

М.  Мусоргскийдің  жарқын  шығармашылық  жетістіктері  көпшілікке  аян. 

Жоғарыда  айтылғандай,  дарынды  балалар  өскенде  атақты  адамдарға  жиі 

айналатыны жасырын емес. Алайда, үнемі да бұлай бола бермейді. 

Бұған керісінше, балалық шағында ешқандай ерекшеленбеген адамдардың 

ер жеткенде жоғарғы жетістіктерге жету жағдайлары да өмірде аз кездеспейді. 

Көптеген  атақты  адамдардың  өмірбаяндарына  қарасақ,  олардың  алапат  ойлау 

қабілеті айналадағы кісілердің назарына ілікпеген жағдайларға жиі жолығамыз. 

Мәселен,  Н.Коперник  дарынды  балалар  санатында  болмауымен  қатар,  ресми 

түрде  астроном-ғалымдардың  қатарына  да  енгізілмеген.  Дарындылықтың 

сапалы мінездемелерін талдау, адамның психикалық мүмкіндіктері мен оларда 

белгілі  бір  түрде  көрінетін  дарындылықтың  өзіндік  сапалы  түрлерін 

айқындауды қарастырады. 

Дарындылықтың 

әрбір 


түрі 

барлық 


деңгейдегі 

психикалық 

ұйымдастырулардың  нақты  берілген  әрекет  түріне  маңыз  беретін  деңгейдің 

басымдығымен бір мезгілде іске қосылуын қарастырады. Мысалы, музыкалық 

дарындылық  алдыңғы  орынға  сенсорлық-моторлық  қасиеттер  немесе 

эмоционалдық-экспрессивтік қасиеттер шығатын психикалық ұйымдастырудың 

барлық түрімен қамтамасыз етіледі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет