Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы ерте жастағЫ


БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА



бет37/91
Дата07.01.2022
өлшемі483,5 Kb.
#20291
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Бала өмірінің үшінші жылында дене дамуы әлі де қарқынды жүреді, алайда өткен жылмен салыстырғанда бұл процесс баяу өтеді. Бұл кезеңде балалардың жүйке жүйесінің қызметі жетіле түседі, осыған байланысты белсенді сергектік уақыты (6 сағ. - 6,5 сағ. дейін) ұзарады. Бұл жастағы балаларда өзін дұрыс ұстау дағдылары жеңіл қалыптасады, себебі ол аз уақыт өз тілектері мен әрекеттерін тежей алады. Алайда, 3 жастағы баланың тез әсерленіп, тез шаршайтынын естен шығармау керек.

Бала өмірінің үшінші жылында жүйке жүйесінің де дамуы қарқынды өтеді. Сәби психикасындағы үлкен өзгерістер тілдің ары қарай дамуы және оның әсерінен ақыл-ойдың дамуымен байланысты. Осы жастағы балалардың сөздік қоры сан және сапасы жағынан өткен кезеңмен салыстырғанда, 3-4 есе артады. Сөздердің жеңілдетілген формалары ғана емес, сонымен қатар дұрыс айтылмайтын сөздер мүлде жоғалады; балалар барлық сөз таптарын қолдана бастайды. Баланың қалыптасқан ойлау қабілеті тілдің грамматикалық құрылымында білінеді, ол жайылма және құрамалас сөйлемдерді қолданады. Бұл жастағы балалар неге? неліктен? қайда? қашан? сұрақтарын көптеп қояды. Бұл сұрақтар дамыған танымдық қажеттілікті білдіреді.

Балалардың түрлі сөз таптарын қолдануы мен бала тілінде бағыныңқы сөйлемдер мен сұрақтардың пайда болуы ойлау қабілетінің дамуын сипаттайды; балалардың қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды жеке-жеке емес, олардың арасында байланыс құра отырып, заттар мен құбылыстардың қасиеттерін түсініп, салыстыра, теңестіре отырып қабылдайтындығын көрсетеді.

Баланың айналасындағы адамдардың тілін түсінуде де елеулі өзгерістер болады. Бала өзінің айналасындағы өзіне, жан-дүниесіне тікелей байланысты сөздердің мағынасын түсінеді. Баламен тек осы уақыт туралы ғана емес, сонымен қатар өтіп кеткен уақыт жайлы да, келешек туралы да әңгімелесуге болады; мысалы, ол қайда барады, серуенде не істейді, кеше серуенде не болды, шыршаны қандай ойыншықтармен безендіруге болады, жазда орманда не жинайды т.б. Едәуір күрделі жалпылау түрлері пайда болады, мысалы, ойыншықтар, киім сөзімен бала әртүрлі, бірақ қызметтері ұқсас заттарды жалпылайды. Жалпыланған мағынаны заттың қасиеттерін білдіретін сөздер де иеленеді.

Бала өз көзімен көрмеген оқиғалар мен құбылыстар туралы ересектердің әңгімелерін түсіне алады, бірақ әңгімеде қолданылатын сөздер оларға түсінікті болуы тиіс

3 жасқа қараған бала тілінің тәрбиелік мағынасы айтарлықтай өзгереді. Үйрету барысында көрсету әлі де жетекші әдіс болғанымен, тілдің үйрету мен тәрбиелеу құралы ретінде рөлі едәуір артады. Сөзбен баланың қандай да бір әрекетін тыюға, теріс қылықтарының алдын алуға, өткенді еске түсіруге, жаңа әрекеттерге үйретуге, пайымдаулары мен түсініктерін қалыптастыруға болады. Бірақ, тілді дамытудағы жетістіктерге қарамастан, балалар тілдің грамматикалық құрылымын меңгермегендіктен, тәжірибелері әлі де жеткіліксіз болғандықтан, олардың тілдері ерекше болып келеді.

3 жаста баланың дыбыстарды дұрыс айтылуы бекітілмеген, бірақ автоматтандырылған болады. Көптеген дыбыстар жұмсақ айтылады, бір сөз тіркесінде дыбыстар дұрыс айтылса, енді біреуінде қате айтылады. Бұл жастағы барлық балалар бірдей «р, л, с, ш, з» дыбыстарын дұрыс айта бермейді, айтуға тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырып айтады немесе тастап кетеді, орнын ауыстырады. Бірақ тіліндегі кемшіліктерге қарамастан бала басқа балалардың тіліндегі кемшіліктерді байқап, оларды жөндейді. Бұл балалардың тіл дыбыстарын қабылдауы дыбыстарды айта білуінен гөрі айтарлықтай жетілгендігімен түсіндіріледі.

3 жаста балада өзін қоршаған орта туралы түрлі ұғымдар мен түсініктер қалыптасады. Бала тұрмыстық заттардың қасиеттері мен қолданылуын біледі, оларды ажыратып қана қоймай, түрін, түсін, өлшемін атайды, негізгі кеңістіктік және уақыттық қатынастарда бағдарлана алады. Балада сан (көп, аз, артық, кем, бір) туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Балалардың ұғымдары мен түсініктері әлі де жеткіліксіз, сондықтан қате қорытындылар жиі кездеседі.

Сенсорлық дамуы ары қарай жүзеге асады, бағдарлық-танымдық қызметте айтарлықтай өзгерістер болады. Баланың негізгі әрекетінің бірі бақылау болып табылады, оған ерекше назар аударған жөн, себебі ол сенсорлық дамудың маңызды құралы болып табылады. Егер ересектер баламен бірге бақыласа, бала сұрақтарды көп қояды, сондықтан зейінді болған жөн. Баланың қоятын сұрақтары қоршаған ортаны танып-білуге бағытталады.

Бала өмірінің үшінші жылында іс-әрекет күрделенеді және түрленеді. Оның келесі түрлері бар: заттық іс-әрекет (пирамида, мозаика, алмалы-салмалы ойыншықтармен айналысу); сюжеттік ойындар (қуыршақпен ойнау); бақылаулар; суреттер мен кітаптарды қарастыру; еңбек әрекетінің элементтері (дербес тамақтану, киіну, ойыншықтарын жинастыру); құрылыс материалдарымен ойындар; бейнелеу өнерінің бастауы (мүсіндеу мен сурет салу). Іс-әрекет түрлерінің сәбидің ойлау қабілетін дамытуда ерекше маңызы бар. Баланың қалыпты дамуы бұл іс-әрекеттерсіз мүмкін емес.

Көптеген іс-әрекеттердің ішінде сюжетті ойындар ерекше орынды иеленеді, оның сипаты 2 жастағы баланың ойынымен салыстырғанда күрделірек болып табылады. Бала, ойнай отырып, айналасындағы адамдардың көптеген әрекеттерін бейнелей алады («жұмысқа барады», «түскі ас дайындайды», «науқас адамды емдейді»). Бала әрекеттердің бірізділігі мен өзара байланысын бейнелеп қоймай, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көрсететін болады. Мысалы, қуыршақпен ойнай отырып, қайырымды болады, қамқорлық жасайды немесе оған ренжиді, ескертулер жасайды, жазалайды. Рөлдік ойындардың элементтері пайда болады.

Бала өмірінің үшінші жылында дамудағы жаңалық қандай да бір істі бастамас бұрын мақсатын анықтай білу болып табылады: «Мен үй саламын», «Мен қуыршақты емдеймін». Жоспарлау элементтерінің пайда болуы - бала әрекетінде маңызды. Бұл жаста бала құрылыс материалдарымен айналысқанды жақсы көреді. Ол өзі күрделі құрылыстарды жасай алады (мысалы, гараж, оған баратын жол, шарбақтар) және олармен ойнайды.

Іс-әрекеттің жаңа түрлері: мүсіндеу мен сурет салу пайда болады. Бала қарындаш, ермексаздың көмегімен бір нәрсені бейнелеуге, үш жастың соңына қарай жол, жауын, кішкентай сақиналардың суреттерін салып, таяқша, сақина, шелпекті илеп жасауды, бірнеше таяқшалар мен сақиналардан тұратын саңырауқұлақ пен пирамидаларды мүсіндеуге болатынын түсіне бастайды.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас барысында балада айналасындағы адамдар мен құбылыстарға белгілі қарым-қатынасы, соған сәйкес мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Жағымды мінез-құлықтың барлық түрлерін осы жастағы балаларда қалыптастыра бастау қажет. Осы кезеңдегі балалардың сезімдері де әртүрлі болып келеді. Олар рақаттану, қуану, өкіну, қорқу, ұялу, бауыр басу, өкпелеу сезімдерін білдіреді.



3 жас - бала дербестігінің қарқынды даму кезеңі. Дербестік баланың іс-әрекеттері мен өмірінің барлық жағында көрінеді: өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, қарапайым еңбек әрекеттері әбден жетіледі. Бала бойында құрбыларына оң қарым-қатынастарын білдіруі қалыптасады: жақсы көру, көмектесу, бірге жасау, қызықты затты бақылау. Дербестігінің артуына байланысты бала өзінің «Мен»-ін түсіне бастайды және ересектерге ұқсағысы келеді, сондай тәуелсіз, дербес болғысы келеді. Артық қамқорлық жасағанда, тәрбиелік тәсілдерді орынсыз қиындату салдарынан «мінез-құлық дағдарысы»: баланың мінез-құлқында жағымсыз жайттар - ерегесу, қыңырлық, еркелiк пайда болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет