-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
161
курсының
ерекшелігі
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
тереңдете оқыту болып табылады.
Математика және информатика пәндері бойынша білім сапасын жетілдіру
мақсатында келесі педагогикалық тәсілдерді қолдану ұсынылады: саралап
оқыту, іс-әрекеттік оқыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту, жүйелі оқыту.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында
жобалық іс-әрекеттерді дамыту жұмыстарын жалғастыру ұсынылады. Жобалау
технологияларын қолдану пәні бойынша оқу сапасын көтеріп қоймайды,
пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін
арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке
жұмыстарын жоспарлау, мақсат қою, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны
ұсыну және дәлелдеу, тәжірибелер жүргізу, орындалған жұмыстың
нәтижелерінін көрсету, талдау мен бағалау, сонымен қатар өз жобаларын
қорғау бойынша біліктіліктерін дамытады.
2016-2017 оқу жылындағы 10-11 сыныптарда математика және
информатика пәндерінен өткізілетін бақылау жұмыстарының үлгілік нормасы
келесі кестеде берілген. Бақылау жұмыстарына пәндерге сәйкес жартыжылдық
және жылдық бақылау жұмыстары, практикалық жұмыстар кіреді.
31-кесте
Сынып
Пәннің атауы
Аптадағы
сағат саны
Оқу
жылындағы
сағат саны
Бақылау
жұмыстарының
нормасы
10
ЖМБ
Алгебра және анализ
бастамалары
3
102
7-8
Геометрия
2
68
7-8
Информатика
1
34
3-4
10 ҚГБ Алгебра және анализ
бастамалары
3
102
7-8
Геометрия
1
34
3-4
Информатика
1
34
2-3
11
ЖМБ
Алгебра және анализ
бастамалары
3
102
6-7
Геометрия
2
68
4-5
Информатика
1
34
2-3
11 ҚГБ Алгебражәне анализ
бастамалары
3
102
5-6
Геометрия
1
34
3-4
Информатика
1
34
4-5
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Жалпы орта білім деңгейіндегі «Жаратылыстану» білім беру саласы оқу
пәндерінің мазмұны дүниетанымдық сипатымен ерекшеленеді, сонымен қатар
оқушылардың бойында табиғат, табиғи құбылыстар, процестер, заңдылықтар
туралы, Жер адам өмір сүретін планета ретінде, әлемнің ғылыми бейнесінің
астрономиялық құрамы туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағытталған
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
162
көзқарас қалыптастырады.
Оқу
пәндерінің
мазмұны
оқушылардың
жалпы
мәдениетін
қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білім берудің тәрбиелік және
дамытушылық мақсаттарын және оқушылардың әлеуметтенуін жүзеге асыруда
үлкен рөл атқарады.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың ерекшеліктері:
– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, экономикалық,
технологиялық, әлеуметтік және адам қызметінің этикалық ортасына әсерін
түсінуді қалыптастыру;
– оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, білім
алушылардың өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
– оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақ және сабақтан тыс іс-
әрекет барысында қауіп-қатерсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып
табылады.
«Жаратылыстану» білім беру саласының құрамына: география,
физика, химия және биология, яғни ғылыми-жаратылыстану циклы пәндері
кіреді.
Оқу пәндері бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу
материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
1. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып
табылады.
Оқушылардың:
– ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын сипаттау,
түсіндіру және болжау;
– дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білігін;
– зерттеу әдістерін түсіну, ғылыми әдістердің көмегімен шешілетін
сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы
тиіс.
Жалпы орта білім деңгейіндегі бейіндер бойынша ғылыми жаратылыстану
циклі пәндерінің сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру
бойынша ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны келтірілген (1-кесте).
32-кесте.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша
ұсынылатын іс-әрекет түрлерінің мазмұны
32-кесте
Іс-әрекет түрлері (жобалаудың
параметрлері)
Білім беру бейіндер бойынша
ЖМБ
ҚГБ
1
Оқылатын тақырыптар
бойынша шағын зерттеулер
Негізгі бөлімдер және
тақырыптар бойынша
жүйелі, сабақ барысында
презентация жасау
Жекелеген сабақтарда
презентациямен,
жекелеген тақырыптар
2
Карталар, кестелер, сызба-
нұсқалар, көрнекі
құралдармен жұмыс
Талдау, өз бетінше
шешімдер әзірлеу, жаңа
сызбалар, жаңа білім
Талдау,
қорытындылау
3
Түрлі күрделілік деңгейіндегі
практикалық, зертханалық
Жоспарлы, жаттықтырушы,
дамытушылық, іс-әрекеттік
Жоспарланған, іс-
әрекеттік
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
163
жұмыстар
4
Статистикалық
материалдармен жұмыс
Әрдайым, негізгі бөлімдер
және тақырыптар бойынша,
міндетті түрде көрнекі-
графикалық бейнелеу
Әрдайым, негізгі
тақырыптар бойынша
5
Мерзімді баспасөз
материалдарын, қосымша
материалдарды зерделеу
Әрдайым, жаңа білім
сабақтарындағы
презентация, олардың
функционалдық маңызы
оқушы үшін жаңа
білім сабақтарындағы
презентация, олардың
функционалдық
маңызы
6
Үй тапсырмасының
тәжірибелік бағыттылығы
Жүйелі, жүйелі іс-әрекет,
өзін-өзі тәрбиелеу,
өздігінен даму міндеттері
Жүйелі, жүйелі іс-
әрекет, өзін-өзі
тәрбиелеу міндеттері
2. Мұғалімдердің басты мақсаты оқушылардың пәндік білімді тәжірибеде
қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған
білім беру.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл
мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Сабақтарда пәндер бойынша жүргізілетін
практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау,
болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық
сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және
эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану
ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы
компьютерлік технологиялар:
– оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды
пайдалануды;
–
оқушылар
мен
мұғалімдердің
күнделікті
оқу
жұмысында
компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
– пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
–
оқу
телекоммуникациялық
жобаларды
орындау
барысында
оқушылардың өзбетінше іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
– Интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу
және өңдеуді;
– есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
– виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді
қарастырады.
Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, оқу-зерттеушілік және өмірлік
жағдаяттарда география, физика, химия және биология пәндерінен алған
білімдерін қолдану біліктерін дамытатын есептерді, тапсырмаларды және
жаттығуларды кеңінен қолдану ұсынылады. Оқу тапсырмаларын әзірлеу
барысында Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА басылымдарында ұсынылған,
халықаралық салыстырмалы PISA және TIMSS зерттеулерінде қолданылатын
тапсырмалар жүйесіне көңіл аудару қажет (www.nao.kz).
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері аясында сыныптан тыс,
экскурсиялық-экспедициялық түрлі жұмыстар ұйымдастыру ұсынылады.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
164
Сабақтарда міндетті түрде өлкетану аспектісі қарастырылуы тиіс. Сабақ
барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу
дағдылары мен біліктерін дамытуға жағдай жасалуы тәжірибеге бағытталған
оқытуға тиімді әсер етеді.
3. Мектеп оқушыларының зерттеушілік қабілетін, зейінін және
байқағыштығын, логикалық ойлауын және шығармашылық қиялын, есте
сақтау, тілдік және көптілділік, пәндік оқу, ғылыми және әдістемелік, мерзімді
баспасөз басылымдардың, интернеттің, білім берудің сандық ресурстарының
ақпараттарын қолдану дағдыларын дамыту маңызды.
Сабақтарда тәжірибелер, эксперименттер және зерттеулер жүргізу кезінде
жүзеге асырылатын зерттеушілік дағдыларды дамыту барысында, тұлғаның
жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың мақсаттары жүзеге
асырылады.
Практикалық және зерттеушілік жұмыстар, зертханалық тәжірибелер
орындау, эксперименттер және эксперименттік есептер шығару, жобалар
орындау, модельдер құрастыру барысында табиғи және әлеуметтік-
экономикалық процестердің, құбылыстар мен заңдылықтардың мәнін түсіну
тереңдетіледі. Оқушылар себеп-салдарлық байланыстарды көре білулері,
қоршаған ортадағы өзгерістерді анықтай алулары, нақты жағдаяттардың
салдарынан болатын қауіпті өзгерістердің алдын алу тәсілдерін ұсына алулары
тиіс.
Физика, химия және биология мұғалімдері кабинеттердің жабдықталуын
және оқытудың электрондық құралдарын ескере отырып практикалық және
зертханалық жұмыстардың, практикумдардың тақырыптарын өз беттерінше
таңдай алады. Зертханалық және практикалық жұмыстар орындау барысында
(зертханалық
жұмыстарға
арналған
дәптерде)
сыныптың
барлық
оқушыларының жұмыстары міндетті түрде бағаланады. Географиядан
бағаланатын практикалық жұмыстар оқу бағдарламасында көрсетілген және
нөмірлермен белгіленген.
Пәндердің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-
әрекеті туралы білімді қамтиды. Сабақтарда экологиялық проблемаларды
шешудің және жаңа технологиялар негізінде қоғамның өндірістік күшін дамыту
мүмкіндіктерінің заманауи жолдары қарастырылуы тиіс.
Білім беру саласы пәндері курсын зерделеу кезінде оқушылар қоғамның,
экономиканың және табиғаттың өзара байланысы туралы, Жерде тіршіліктің
болуы үшін біздің планетамыздың атмосферасы және басқа да қабықтарының
мәні, оны ластайтын негізгі ошақтар, ластанудың қоршаған ортаға және
тіршілік процестеріне әсері, зиянды факторлардың әсерінен тірі табиғатты
қорғау шаралары, табиғи ортаны өзгертудің (сонымен қатар, оқушылардың
өздері қатысатын жағдайларды қоса алғанда) апатты салдары туралы нақты
түсінік алулары тиіс. Оқушылар Жердің, материктің, елдің, өзінің туған
өлкесінің табиғат кешеніндегі өзара байланысты жақсы түсінулері тиіс.
Оқушылардың
жеке
жобалық-зерттеу
жұмыстарының
үлгілік
тақырыптары:
– Судың сапасын жақсарту жолдары.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
165
– Жыралардың дамуын зерттеу.
– Өлкенің өнеркәсіптерінде таза технологияларды дамыту жобалары.
– Биогаз энергетикасы.
– Жергілікті жердің гидрографиясын зерттеу.
– Судың кермектігін анықтау.
– Сағызды зерттеу.
– Чипсыды зерттеу.
– Шайдың сапасын зерттеу.
– Сүттің сапасын зерттеу.
– Темекіні зерттеу.
– Сабынның сапасын зерттеу.
– Адамның еңбекке қабілеттілігіне музыканың әсерін зерделеу.
– Бөлме ауасының шаңмен ластануын зерттеу.
– Ағаштар мен бұталардың қабығын зерттеу.
– Адам денсаулығының атмосфераның жағдайына тәуелділігін зерделеу.
– Мектептегі жұмыс үстелдерінің жарықтануын зерттеу.
– Өз пәтеріндегі энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін зерттеу.
Жалпы орта білім деңгейінде ғылыми-жаратылыстану циклі пәндері
(география, физика, химияжәне биология) үшін математикалық және
ақпараттық сауаттылықты дамыту маңызды болып табылады. Ол ақпараттық
құрылымдарды (сызбанұсқалар, кестелер) құрастыру және толтыру, ақпарат
жинауды ұйымдастыру және оған талдау жасау, сызбалар құру және талдау,
модельдеу әдістерін қолдану білігін қамтиды. Сонымен қатар проблемаларды
талдауды, тапсырмаларды тұжырымдауды, мәтіндік шарттан формулаға,
процесті суреттеуден оны ұсынуға өтуді және өзгерістің мәнін түсіндіруді
қамтиды.
«Модель», «деректер», «параметрлер», «нақты және өзгермелі өлшемдер»,
«болуы мүмкін мән саласы» ұғымдары зерделенеді және қолданылады.
Параметрлерінің мәні әртүрлі модельдермен зерттеулер жүргізіледі. Орта
мектепті бітірушінің мектептің ақпараттық білім беру ортасының ғылыми
жаратылыстану аспектілері бойынша белсенділігі маңызды нәтиже болып
саналады.
Бұл оның процестің алгоритмін құру, алгоритм бойынша бағдарлама жасау
және компьютердің көмегімен оны зерттеу қабілетінен көрініс табады.
Оқушылардың алынған деректер бойынша эксперименттің нәтижелерін зерттеу,
математиканың және компьютердің кестелік деректерін қолдану, диаграммалар
және тәуелділік графиктерін құру, дөңгелектеуді жүзеге асыру білігі,
қателіктерді анықтау, яғни есептеулерді дәстүрлі құралдардың көмегімен ғана
орындамай, ол үшін компьютерді және сандық құралдарды да қолдану
дағдыларын меңгеруі маңызды болып табылады.
Сабақтарда газеттердің, журналдардың, фильмдердің, бейне-таспа
материалдары, веб-сайттар мен әдебиеттердің материалдарын қолдану
ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексика қалыптастыру үшін сабақта
терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым жүргізіп отыру қажет.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
166
Оқушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін ауызша
және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Білім алушылардың білім
жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына
көңіл аудару қажет.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін
жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары сарайлары жанындағы іштей
және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Оқушыларға атом энергиясы
бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядерлік
қоғамы» Ассоциациясының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын
өткізілетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған
арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар
атом электр стансасының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа
планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі
ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса
алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи тәсілдері туралы
ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt сілтемелері бойынша
алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық
қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану
ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар
дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы
алуға болады:
skachatreferat.ru/poisk/экспо;
http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017
.
4. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарындағы сыни
ойлау келесі дағдыларды дамытуды қарастырады: мәнмәтінді есепке ала
отырып тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау арқылы дәлелдеуге үйрену.
Сондықтан оқушылардың бақылау, талдау, пайымдау және түсіндіру
дағдыларын қалыптастыруларына жағдай жасау қажет. Ол үшін оқушыларды:
– пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және жинақтауға;
– олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және сәйкес сұрақтар қоюға;
– тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда негізгі
дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;
– жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің көзқарастары мен
болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:
– Ақпаратпен танысыңыз. Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да,
оқулықтар, энциклопедиялар немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден
жинақталған ақпаратқа шолудың немесе сауалнаманың қорытындысына да
қолданылуы мүмкін.
– Дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді құрылымдайтын немесе келесі
әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді немесе болжамдарды
анықтаңыз.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
167
– Ақпараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу және ауызша дәлелдерді
біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз.
–
Жеке
компоненттер
арасындағы
ұқсастықтарды
және
айырмашылықтарды салыстырыңыз және зерттеңіз.
– Түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе идеяларды біріктіру арқылы
білімді жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздерін арасындағы байланысты табыңыз.
– Дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін, сонымен қатар,
дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе қарсы
келетінін бағалаңыз.
– Сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде алынған білімді
қолданыңыз.
– Тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен
маңыздылығын негіздеңіз.
5. «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің сабақтарында пәнаралық
байланысты қолдану ғылыми-жаратылыстанудың негізін құрайтын – «Өмір»,
«Адам», «Табиғат кешені», «Экономика және экология», «Зат», «Дене»,
«Энергия», «Күш», «Қозғалыс» және «Даму» ұғымдарының қалыптасуында
маңызды рөл атқарады.
Жоғары сыныптардағы география, биология, химия, физика сабақтарында
пәнаралық проблемалық жағдаяттар жасап отыру қажет, мысалы:
кездейсоқтық, дәлелдеу, жоққа шығару, болжау жағдаяттары.
6. «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму
стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика»,
«жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің
ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және
жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел»
ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық
кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы
туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды
болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын
қамтып отыру тиіс.
«ЭКСПО-2017» ғылыми-техникалық көрмесін өткізудің елдің дамуы үшін
стратегиялық ерекшелігін және келешегін зерделеу маңызды болып саналады.
7. Білім саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау
курстарының тақырыптары мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға
байланысты өзгертілуі мүмкін:
Биология: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Әлемнің
ғылыми-жаратылыстану
бейнесінің
эволюциясы»,
«Биологиядағы
математикалық модельдер мен әдістер», «Биологиялық белсенді заттар», «Бәрі
біздің
түп-тұқиямызда
(генетика
негіздері
бойынша)»,
«Тұқым
қуалаушылықтың
заңдылықтары»,
«Биология
проблемалары»,
«Биогеографияпроблемалары»,
«Заманауи
микробиология»
«Нанотехнологияларға кіріспе».
География:«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалық
модельдері және әдістері», «Картографияның математикалық модельдері және
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
168
әдістері», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Медициналық экология»,
«Медициналық география», «Жобалық есептер мен тапсырмаларды шешу
тәсілдері».
Физика: «Мектептің физикалық практикумы: бақылаулар, эксперимент,
модельдеу»,
«Күрделілігі
жоғары
физикалық
есептерді
шығару»,
«Математикалық
модельдер
және
физикадағы
әдістер»,
«Өндірісті
автоматтандыру негіздерін зерделеудің қолданбалы физика курсы», «Ауыл
шаруашылық өндірісі материалдарындағы қолданбалы физика курсы», «Физика
ғылымындағы іргелі эксперименттер», «Физикалық-техникалық модельдеу»,
«Ғарышкерлік негіздері», «Ғарыш физикасы», «Биофизика элементтері»,
«Биохимиялық
физика»,
«Заманауи
ғарышкерліктің
жетістіктері»,
«Радиациядан қорғану».
Химия: «Мектептің химиялық практикумы: бақылаулар, эксперимент,
модельдеу», «Химиядан ашылуларды қалай жасайды», «Күрделілігі жоғары
химиялық есептерді шығару», «Фармакология әлеміне саяхат»,«Ұзақ өмір сүру
жолы (кіріктірілген курс)», «Косметикалық химия әлемі», «Химия, ғылыми
фантастика шығармаларының негізі ретінде», «Химия және материалтану»,
«Агрономның химиялық құпиялары», «Химия және СЖҚ», «Тамақтық
қоспалар: плюстері мен минустері», «Косметика: кеше, бүгін, ертең»,
«Химиялық есептерді шығару әдісі», «Химиядан эксперименттік есептерді
шығару әдісі».
Оқу жүктемесі:
География пәні бойынша:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 1
сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2
сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.
Биология пәні бойынша:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда, аптасына – 1
сағат, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
10-11-сыныптарда
аптасына – 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
«Физика» пәні бойынша:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 1
сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 3
сағат, оқу жылында - 102 сағат.
«Химия» пәні бойынша:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда, аптасына – 1
сағат, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
10-11-сыныптарда
|