Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
68
мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс(тілдік және сөйлеу біліктілігі).
5-9-сыныптарда оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім
және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен
өзгерістермен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің
5-9сыныптары үшін «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді) пәнінен типтік оқу
бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы
апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларға терең білім берумен қатар,
олардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып орамды
сөйлеп әрі дұрыс жаза білуді талап етеді. Сондықтан қазіргі оқу процесі арқылы
оқушылардың жазбаша тілі мәдениетін дамытып, жүйелі жазу дәрежесін көтеру
мақсатын қояды.
Әрбір мұғалім қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жазба жұмыстарын
үйретіп, тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс
ұйымдастыра білуде ең негізгі мәселенің бірі – оқушының жас ерекшелігі мен
білім қорына байланысты жазба жұмысын үйретудің міндеті мен көлемін
анықтау болып табылады. Мұғалім сол міндет пен көлемге байланысты
жазбаша тіл дамыту жұмысының түрін, көлемін, оның әдіс-тәсілдерін
белгілейді, анықтайды.
Жазба жұмысына қойылатын талаптар (диктант) (15-кесте).
15-кесте.Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі
Сыныптар
Жазба жұмыстар
түрлері
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
5
Диктант
3
3
3
3
12
6
Диктант
3
3
3
3
12
7
Диктант
3
3
3
3
12
8
Диктант
3
3
3
3
12
9
Диктант
1
1
1
1
4
Барлығы:
13
13
13
13
52
Диктант – оқушылардың орфографиялық және пунктуациялық
сауаттылығын тексерудің негізгі формаларының бірі. Білім алушылардың
ауызша жауаптары және жазба жұмыстары бойынша бағдарламалық
материалдарды қаншалықты деңгейде меңгергендігін ескере отырып, әр
сыныпта белгілі бір нақты көлемде қорытынды жазба жұмыстары өткізіледі.
Диктант мәтіні үшін әдеби тіл нормаларына сай келетін мәтіндерді
пайдалану ұсынылады (16-кесте).
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
69
16-кесте.Диктанттар нормасы
Сыныптар
Диктант саны
Сөздер саны
Орфограмма
саны
Тыныс белгілері
5
12
90-100 сөз
12
2-3
6
12
100-110 сөз
16
3-4
7
12
110-120 сөз
20
4-5
8
12
120-150 сөз
24
10
9
4
150-170 сөз
24
15
Диктант белгілі бір тақырып бойынша оқушылардың дайындығын тексеру
мақсатында жүргізілетіндіктен, сол тақырыптың негізгі орфограммалар мен
тыныс белгілері енгізіліп, сонымен қатар, бұрынғы алған дағдыларының
беріктігін көрсетуі тиіс.
Диктанттың мәтінінде:
- 5- сыныпта - 5 сөзден артық емес,
- 6-7- сыныптарда - 7 сөзден артық емес,
- 8-9- сыныптарда - 10 сөзден артық емес өткен сабақтардамеңгерілген
орфограммалар ғана енгізілуі қажет. Оқушылар жазылуы қиын сөздермен және
олардың емлесімен өткен сабақтарда таныс болуы тиіс.
Жылдың, тоқсанның аяғында болатын қорытынды диктанттарды
оқушылардың барлық өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеруге
арналып құрылатындықтан қосымша тапсырмалар беру немесе бермеуді пән
мұғалімі өзі шешеді.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
- «5» деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0)
немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) бар;
- «4» деген баға емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі бар (3/3) немесе
емледен 2, тыныс белгісінен 4(2/4) немесе емледен 1 немесе тыныс белгісінен 5
қатесі (1/5) бар, емледен бір типті (4/0) 4 қатесі бар;
- «3» деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе
емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс
белгісінен 8 қатесі (3/8) бар;
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе
емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) бар диктанттарға қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар
аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің
түбірінде
қайталанса,
онда
ол
бір
қатеге
саналады.
Бір
типтінемесебіртектіқателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық,
фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы
біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес
есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі.
3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.
Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және
пунктуациялық қателер:
1) сөзді тасымалдау;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
70
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің
ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді
айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге
есептеледі.
Жеңіл қатеге жатады:
1) ережеге бағынбайтын сөздер;
2) автор сөзін берудегі тыныс белгілер.
Ескерту:диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл
көрсеткіштері де сөзбен жазылады;
Диктантқа бір ғана баға қойылады.Қосымша тапсырмаларды орындағаны
үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
- «5» бағасы - оқушы барлықтапсырмаларды орындағанда;
- «4» бағасы - оқушы барлықтапсырмалардың 4/3 бөлігінорындағанда;
- «3» бағасы -оқушы барлықтапсырмалардың жартысынорындағанда;
- «2» бағасы - оқушы барлықтапсырмалардың жартысын орындамағанда
қойылады.
Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген
орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында
ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері.Оқушылардың жазба жұмыстарын
мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен
жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске
асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат
бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі
ескертін жағдайлар:
1)
мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен
қателердің астын сызып көрсетуге болады;
2)
орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты
белгілерді қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс
болуы қажет;
3)
түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге
жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;
4)
емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу
жолымен түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы
тәсілдердің бірі;
5)
сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға
болады. Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.
6)
оқушы қате жазылған сөздің дұрыс нұсқасын ғана қайта көшіріп жазады.
«Қазақ тілі» пәнінен дәптер тексеру тәртібі:
Оқушыларда болуы тиіс дәптерлер саны туралы мәліметтер ұсынылады
(17-кесте).
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
71
17-кесте.Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазбажұмыс дәптері
Сөздік дәптер
Барлығы
Қазақ тілі
2
2
1
5
Дәптер тексеру тәртібі:
1) 5-9-сыныптарда үй жұмысы күнде тексеріледі;
2) 6-8-сыныптарда күнде сабақтан кейін үлгерімі төмен оқушылардың
дәптерлері тексеріледі, үлгерімі жоғары оқушылардың маңызды деген
жұмыстары тексеріледі, сонда да бұл сыныптарда аптасына толығымен 1 рет
тексерілуі қажет;
3) 9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет;
4) 5-9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға
қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).
«Қазақ тілі» пәнінен барлық дәптерлердегі жазба жұмыстарын мынадай
тәртіппен орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет
кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет:
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарынаарналған дәптері (бұл дәптерге
диктанттар мен бақылау жұмыстары орындалады);
«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері;
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай
отырып жүргізілуі керек:
- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан,
жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.
-
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті
жазылмайды;
-
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады, мысалы: 15-жаттығу
(тапсырма);
- сынып немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол
қалдырылмайды;
- мәтін азат жолдан басталады;
- сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара
қарындашпен орындаған жөн;
- ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады.
Талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем
мүшелеріне талдау).
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса қызыл жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі
тиіс.
Дәптерге мүмкіндігінше мұғалімнің ескертулері жазылып отырады (Дұрыс
жаз. Қатесіз көшір.).
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
72
Дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет
Дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға
көрсетілуі керек:
-
орфографиялық қате – /.
-
тыныс белгілер қатесі – ۷
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, жас
мамандар
мектебі,
педагогикалық
шеберлігін
жетілдіру
мектебі,
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының
мәселелерін қарау ұсынылады:
1.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру
үшін тілші-мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіруде дамытушы
технологияларды пайдаланудың артықшылықтары;
2.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша факультатив сабақтарын,
элективті курстарды ұйымдастырудың ерекшелігі;
3.
Білім мазмұнын жаңарту және құзыретті тәсіл – жетістікті мектепке
қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары);
4.
«Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік
аспектілері»
5.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін
интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру;
6.
Блум таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері мен тапсырмалары.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту барысында үнемі «Мәңгілік Ел» идеясының
жоғарыда аталған құндылықтарымен байлыныстырып отыру ұсынылады.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – білім
берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі оқушылардың алған
білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу
процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін
меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді,
алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді
әдістерді білім беру процесіне оңтайлы енгізу – мектеп пен ұстаз қауымына
қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.
Оқу процесі ҚР БҒМ 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен
бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін «Қазақ
әдебиеті» (оқыту қазақ тілді) пәнінен оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
Қазақ тілі мен әдебиетіпәндерінен өткізілетін жазба жұмыстарының
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
73
нормалары (18-кесте).
18-кесте.Жазба жұмысына қойылатын талаптар (мазмұндама, шығарма)
Сыныптар
Жазба жұмыстар
түрлері
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
5
Мазмұндама
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
6
Мазмұндама
2
2
-
-
4
Шығарма
-
-
2
2
4
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
7
Мазмұндама
2
2
-
-
4
Шығарма
-
-
2
2
4
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
8
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
9
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс жұмыс
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін
тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын
жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі
айқын көрінеді (19,20-кесте).
19-кесте. Мазмұндама мәтінінің көлемі
Сыныптар
Мәтін көлемі
5
100-150 сөз
6
150-200 сөз
7
200-250 сөз
8
250-300 сөз
9
300-350 сөз
20-кесте.Мазмұндама мәтінінің шартты белгілері
Шартты белгілер
Белгілер
Нені білдіреді?
/
емле қатесі белгіленеді
V
тыныс белгісінен кеткен қате
Z
абзац керек деген белгі
Z
артық қойылған абзац
?
екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі
?!
пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік
!
осы жерге ерекше көңіл аудар
~ ~
ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер
мен сөйлемдер
...
стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген
белгі
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
74
Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылардың тілдік материалдарды
орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігін, мәтіннің синтаксистік
құрылысын меңгертуге, ең басты қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді.
Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынандай
түрлерін жүргізуге болады:
-
дайын мәтін бойынша мазмұндама;
-
сурет бойынша мазмұндама;
- аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.
Мәтін мазмұнын мазмұндап жазу формалары әртүрлі болады:
-
мәтін мазмұнын дәлме-дәл жеткізіп жазу;
-
мәтін мазмұнын өз беттерінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыру;
-
өз жанынан қосымша оқиға қосу;
- мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни, бірінші жақ, осы шақ
формасында немесе керісінше мазмұндау;
- қысқарта мазмұндау, яғни, берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі
мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды қысқарту;
- кеңейте мазмұндау, яғни, мәтін мазмұнына байланысты дәйексөз және
эпиграф келтіре отырып мазмұндау;
- берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.
Шығарма мен мазмұндаманы бағалау. Оқушы шығармасын тексеру,
бағалау негізінен бес салаға бөлініп қарстырылады:
1)
мазмұндылығы мен идеялылығы;
2)
ой-пікірдің жүйелілігі;
3)
стилі;
4)
грамматикалық сауаттылығы;
5)
әдеби материалдарды пайдалануы.
Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.
Оқушылардың тақырыпты аша білу және стильге сәйкес тілдік құралдарды
пайдалана алу дағдысы; тілдік нормалар мен сауатты жазу ережелерінің
сақталуы; ой-пікірдің жүйелілігі, шығарманың тақырыпқа сәйкестігі, әрбір
бөлімнің мөлшері мен пікір ұтымдылығы; тақырыпты ашуға байланысты сөз
қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді ұтымды қолдана
білуі; алынған әдеби материалдарының, дәлелдерінің нақтылығы, тақырыпты
ашуда тиімді қолдануы бағалауда ескерілу ұсынылады.
Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:
Бірінші баға – мазмұны мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі)
қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық
және тілдік нормалардың сақталуына қойылады.Баға дәптердің сол жақ шетіне
қойылады.
Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы
бағанға қойылады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша дәптермен жұмысты ұйымдастыру.
Дәптерлерді тексеру тәртібі. 5-9-сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына
1 рет тексерілуі қажет (21-кесте).
...
сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-2017
оқу жылы
75
21-кесте.Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазбажұмыс дәптері
Барлығы
Қазақ әдебиеті
1
1
2
«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын мынадай тәртіп
бойынша орындау ұсынылады:
- дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;
- көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;
- дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.
- қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарынаарналған дәптері (бұл дәптерге
мазмұндама, шығарма, эссе, бақылау жұмыстары орындалады);
- «Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналған дәптері.
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай
отырып жүргізілуі керек:
-
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
-
күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан,
жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;
-
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар
арасында жол қалдырылмайды;
-
мәтін азат жолдан басталады;
-
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
-
дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;
-
дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау
және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін
мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің
туғанына 75 жыл (1942ж.);
5 қыркүйек
–
қазақтыңақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы,түркітанушы,
публицист,педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының
туғанына 145 жыл (1872 -1937);
17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтың туғанына 95 жыл (1922
-
1993);
28 қыркүйек - Қазақстанның халықжазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-
ныңеңбексіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл
(1932 ж);
15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің
иегері Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл (1936-2007);
2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай
Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889);
26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958);
12 желтоқсан - жазушы,әдебиетзерттеуші,ғалым, филология ғылымының
докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 );
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының
|