Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет118/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
3.2 Шектеулі тіркестер 
 
Шектеулі  тіркестер  деген  тілдік  топтар  белгілі  бір  ұғым 
төңірегіндегі бір сөздің бірнеше сөзбен ғана  шектеліп тіркесіп, ұғым 
құрауынан  пайда  болады.  Мысалы,    ауыз  омыртқа,  бел  омыртқа.  
Тіркестері  шектеулі  тіркес  болып  табылады.  Себебі  ауыз  омыртқа, 
бел омыртқа деген тіркестерде ғана осы сөздер жұмсалымға   түседі. 
Тіркестегі негізгі ұйытқы сыңар – омыртқа. Ол ауыз, бел сөздерімен 
ғана  тіркесіп,  белгілі  бір  ұғымдар  төңірегінде  шектеліп  қана 
жұмсалады.  Олар  құрамындағы  кез  келген  сөздермен  тіркеспей, 
арнаулы  бір  сөзге  тәуелді  болып,  белгілі  ұғымның  атауы  ретінде 
жұмсалуға икемделе бастаған.   
Осы тақырыпты қарастырған Б.Рысбай «Қазақ тіліндегі шектеулі  
тіркестер» деген
  
еңбегінде шектеулі тіркестердің белгілерін былайша  
көрсеткен:  1)  Құрамы  кемі  екі  сөздің  өзара  тығыз  байланысынан 
тұрып,  зат  не  құбылыстың  атауы  ретінде  жұмсалады;  2)  Оның 
құрылысы,  құрамы  біршама  тұрақты  болып,  даяр  қалпында 
жұмсалады;  3)  Шектеулі  тіркестер  сыңарлары  белгілі  бір  ұғым 
төңірегінде  санаулы  сөздермен  ғана  тіркесіп,  мағына  жағынан  өзара 
байланысты құрылымдық топтар құрайды;  4) Олар тұтас күйінде бір 
сөз  табының  құрамына  еніп,  морфологиялық  тұрғыдан  тұтас 
тұлғаланып,  сөз  тіркесінің  бір  сыңары  ретінде  жұмсалып,  сөйлемнің 
бір ғана мүшесі қызметін атқарады. 
 
      
Шектеулі  тіркестер  мәселесі  тіл  біліміндегі  соңғы  зерттеулердің 
көріністері    және  ол  ғылыми  ізденістің  нәтижесі.  Біздің  пікірімізше, 
бұларды синтаксистік тұрақты тіркестер құрамында санаған жөн. 


 
180 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет