Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет121/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

3.5 
Сөз тіркесі және сөйлем 
 
Белгілі  түркітанушы  Н.К.Дмитриевтің  сөз  тіркесін  сөйлемнен 
айырып  тану  туралы  айтқан  пікірлері  тіл  білімінде  біраз  талас 
тудырды.  Әсіресе,  бастауыш-баяндауыштық  қатынаста  тұрмаған 
сөздер тобының бәрін сөз тіркесіне жатқызу, байымдауды сөйлемнің 
сөз  тіркесінен  ажыратушы  меже  деп  тануы  біраз  дәлелдеуді  қажет 
етеді. 
Байымдауды  сөйлемді  сөз  тіркесінен  ажыратушы  меже  деп  тану 
туралы  көзқарастар  Н.А.Баскаков  еңбегінде  де  кездеседі.  Ғалымның 
сонымен  бірге  аталған  екі  синтаксистік  категорияны  ажыратуда 
басыңқы сыңардың грамматикалық формасын меже етіп алу керектігі 
туралы пікірі де бар. Автордың пікірінше, атқа мінді десек – сөйлем, 
ал,  атқа  мініп,  атқа  мінген  десек  –  сөз  тіркесі,  дәлірек  айтсақ,  сөз 
тіркесі  болу  үшін  оның  басыңқы  сыңары  есімше,  көсемше 
тұлғаларынан жасалуы керек. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде предикаттық емес қатынастарда тұрған 
тіркестердің  барлығы  бірдей  сөз  тіркесі  бола  алмайтындығы, 
байымдаудың  грамматикаға  емес,  логика  ғылымына  тән  екендігі 
туралы пікірлер орныққан. 
Сөз  тіркесін  жан-жақты  зерттеген  ғалымдардың  бірі  – 
Е.И.Убрятова якут тілі синтаксисіне қатысты еңбегінде сөз тіркесінің 
негізгі  түрлерін  синтаксистік  байланысқа  негіздей  қарастырады. 
Ғалымның  сөз  тіркесін  «предикативті»,  «предикативті  емес»  деп 
қарастыруы  және  т.б.  пікірлері,  бір  жағынан,  сөз  тіркесін 
грамматикалық  тұрғыдан  зерделеуінен  туған  болса,  екінші  жағынан, 
өзіндік  қыр-сыры  мол  тіркес  табиғатын  тануда  сол  кезде  үстемдік 
алған  көзқарастардың  ықпалынан  екені  айқын  сезіледі.  Ғалым 
ұсынған  таптастыруды  тек  синтаксистік  тіркестерге  қатысты  емес, 
жалпы  бір-бірімен  грамматикалық  байланысқа  түскен  қатысты  алсақ 
дұрыс  болар  еді.  Сөйтіп,  тіліміздегі  тіркеске  түсуші  сөздердің 
арасындағы  синтаксистік  қатынастарды  предикативті  және 
предикативті  емес  топтастырсақ,  бастауыш  пен  баяндауыштың 
қатынасы  –  сөйлем  предикативті  қатынасқа,  ал  сөз  тіркесіне  тән 
анықтауыштық,  толықтауыштық,  пысықтауыштық  қатынастар 
предикативті емес қатынасқа негіз болатынын аңғару қиын емес. 
Сөйлем,  оның  ішінде  жай  сөйлем  мен  сөз  тіркесі  өзара  ұқсас, 
бірақ  олардың  елеулі  айырмашылықтары  бар:    Сөйлем  - 
коммуникативтік  қызмет  атқарады,  яғни,  ой,  хабар,  информация  
береді (Марат келді. Ол жазды), ал сөз тіркесі номинативтік  қызмет 
атқарады (ауылдан келді, қаламмен жазды).    


 
185 
Сөйлемнің  өзіне  тән  бастауыш-баяндауыштық  құрылымдық 
үлгісі  болады.  Сөйлемнің  басты  үш  белгісі  бар:  коммуникативтілік, 
предикативтілік,  модальдық.  Сонымен,  сөйлем  сөз  тіркесінен 
коммуникативтілік 
қызметімен, 
предикативтілік 
қасиетімен, 
интонациялық–модальдық  белгілерімен  ажыратылады.  Ал  мұндай 
ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды.  
М.Балақаев:  жазық  дала  тіркесі  тек  сөйлем  ішінде  ғана  сөз 
тіркесі болады  да, жеке тұрған кезде атаулы сөйлем болады   дейді.  
Мысалы,    Егіс  даласы.  Жайқалған  алқап  көз  тартады.  Комбайндар 
егіс  даласында  сап  түзеп  барады  деп  алсақ,      «егіс  даласы»  атаулы 
сөйлем,  ал  екіншісі  –  сөз  тіркесі.  Себебі,  атаулы  сөйлемдердің 
мазмұны осы шақтағы болмысты, құбылысты білдірумен байланысты 
болады.  Атаулы  сөйлем  көбінесе  мезгілді,  айналамыздағы  табиғат 
құбылыстарын,  заттардың  сол  заттық  бейнелі  қалпын  айтуға 
арналады.  Ал  сөз  тіркесі  сөйлемнен  тыс  қолданылмайды,  ол  тек 
сөйлем ішінде танылады. 
Кез  келген  сөздер  тіркесі  атаулы  сөйлем  бола  алмайды.  Атаулы 
сөйлем  болу  үшін  оның  айтатын  ойға  қатысы  болу  керек.  Өзінен 
кейін келетін атаулы емес сөйлемнен мезгілдес, сабақтас болуы шарт. 
Сондықтан  газет-журналдың,  мекеменің  маңдайшасына  жазылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет