Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет120/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
3.4 Сөздердің байланысу түрі 
 
Сөздердің  байланысу  түрі  байланысу  тәсілдері  негізінде 
жасалады.  Бұл  –  сөзтұлғаларды  байланыстыруға  дәнекер  болатын 
амал-тәсілдер.  Сөздердің  байланысу  түрі  басыңқы  мүшенің 
грамматикалық  мағынасына  байланысты.  Қазақ  тілінде  байланысу 
түрі бес  байланыс формалары деген атпен таныс.    
Қиысу  –  сөйлемдегі  предикаттық  қатынасты  білдіретін  негізгі 
тұлғалардың  арасындағы  басты  байланыс  формасы.  Мұның  өзі 
орайлас байланыс пен предикаттық қатынас заңдылығына негізделеді. 
Қиысудың грамматикалық көрсеткіші – жіктік жалғау. Сондықтан да, 
сөйлемнің баяндауышы бастауыштың жақтық және жекелік не көптік 
мағынасына  үйлесе  тұлғаланады.  Ол  баяндауыштың  жіктік 
жалғауынан  көрініс  табады.  Мәселен,  Сүйіндік  Бөжей  сөзінен 
тіксініп қап еді (М.Әуезов) деген сөйлемде  Сүйіндік   тіксініп қап еді 
тіркесімінің  өзара  қиыса  байланысқа  енуі  жіктік  жалғаудың  нөлдік 
тұлғасымен  байланысып  тұр. Сондай-ақ, интонация амалы да қиысу 
байланыс формасын түзуге әкеледі: Көпшіліктің ішінде қатты өскен 
ата – Жұмық (Қ.Жұмаділов). Бірақ елге қызмет көрсетуді  бұлайша 
тым оңайлату өздері үшін тиімсіз (К.Ахметбеков). 
Матасу 
– 
анықтауыштық 
қатынастағы 
сөзтұлғалардың 
мағыналық және синтаксистік жағынан үйлесіп келуі. Бұл форманың 
грамматикалық  көрсеткіші  –  ілік  септік  пен  тәуелдік  жалғауы.  
Мейрамның көзі Ардаққа түсті. Папкасы қолында, жиынға телміре 
қарап, шеткері тұр (Ғ.Мұстафин) мысалындағы  Мейрамның көзі, ал 
екінші сөйлемдегі   папкасы сөзі ілік жалғаулы сөзтұлғаның контексте 
жоқ  екендігіне  қарамастан,  оның  ойша  табылуына  көмектеседі.    


 
182 
Матасу  формасындағы  сөз    тұлғалар    сөйлем    ішінде  орын 
талғамайды, әрі есім сөз табының кез келгенінен бола береді.   
Меңгеру – жеке сөзтұлғалардың бір-бірімен толықтауыштық және 
пысықтауыштық  қатынаста  келіп,  септік  жалғаулары  арқылы 
байланысқа  түсуі.  Демек,  меңгерудің    грамматикалық  көрсеткіші  – 
барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септігі.   
Екінші  сыңардағы  сөзтұлға  орнында  етістік,  есім  және  олардың 
кейде  бірлесе  келуі  меңгеру  қызметін  аша  түседі.  Осыдан  барып 
меңгерудің  етістікті,  есімді  және  ортақ  меңгеру  деген  түрлері 
анықталады.  Бұлардың  толықтауыштық  немесе  пысықтауыштық 
қатынасы  да  септік  жалғауларының  қызметінен  шешіледі.  Мысалы: 
Шахтаға  түскелі  келген  Жұмабай  қолындағы  тетрадына  үңіліп 
отыр  (Ғ.Мұстафин).  Мұнда  шахтаға,  тетрадына  барыс  септік 
тұлғалы  сөзтұлғалары  өзінен  кейінгі  сөзтұлғалармен  меңгеріле   
тіркескен. Сол сөздердің ерекшелігіне қарай  олар етістікті меңгеруге 
бағынған.  Екіншіден,  меңгерілген  сөзтұлғалар  табыс,  жатыс,  шығыс, 
көмектес  сияқты  септік  тұлғаларында  тұрып  дамытыла  береді: 
Екпінімен  етпенінен  түсті,  қайта  тұрып,  сыртқа  жүгіре  шықты 
(Т.Дәуренбеков). 
Есімді  және  ортақ  меңгеруде  екінші  сыңар  қызметінен 
белгіленеді. Есімді меңгеруде зат есімнің жұмсалуы жиі болса, ортақ 
меңгеруге  көбіне  зат  есім  мен  етістік  тұлғалы  сөздің  тіркесе 
жұмсалуы әсер етеді.   
Қабысу  –  өзара  анықтауыштық  қатынаста  келген  сөздер  тобы. 
Қабысудың  грамматикалық  көрсеткіші  ретінде  орын  тәртібі  амалы  
қызмет  көрсетеді.  Сондай-ақ,  қабысу  формасына  бағынған 
сөзтұлғалардың алғашқы сыңары ретінде зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдік және есімшелі тіркестер қолданылады. Ал екінші сыңарда зат 
есім  сөздің  қызметі  басым.  Мұндай  қызметтегі  байланысу  формасы 
есімді қабысу деген атауға ие бола бастады. Төмендегі ерекшеленген 
сөзтұлғалар өзінен кейінгі сөзтұлғалармен орын тәртібі амалы арқылы 
байланысады  және  қабысу  формасына  бағынады:  Сары  топырақ, 
қара  көмір  үйінділер,  қалқайған  жер  барақ  қараша  ауылдар  көшін 
кеңейте түскен (Ғ.Мұстафин).   
Етістік  те  екінші  сыңарда  жұмсала  алады.  Мұндайда 
анықтауыштық  қатынас  түрі  пысықтауыштық  қатынасқа  өзгеріп, 
алғашқы  сыңар  мүшесі  ретінде  сын  есім  мен  сан  есім  жұмсалады. 
Сондай-ақ,  есімше  мен  модаль  мәнді  сөз  топтарының  жиі  келетіні 
байқалды. Бұларды қазір етістікті қабысу деп атау орныққан. Оларда 
орын  тәртібі  амалының  қатар  тұру  белгісі  қатаң  сақталады:  жақсы 
білді,  бірінші  рет  босағандық  көрсетті,  болар-болмас  ашық  тұр 
екен, көп жарысты.    


 
183 
Жанасу  –  синтаксистік  сөзтұлғалардың  пысықтауыштық 
қатынаста  тұрып,  орын  тәртібі  амалы  арқылы  байланысуы.  1990 
жылдарға дейін  жанасу жеке байланыс формасынан гөрі, қабысудың 
ерекше бір түрі ретінде танылды. Бірақ соңғы зерттеулерде (Аблақов 
Ә.,  Шалабай  Б.,  Сағындықұлы  Б.)  оның  өзіндік  ерекшеліктерін 
белгіледі.  Әсіресе,  бұл  байланыс  формасының  алғашқы  сыңары 
қатарында,  яғни  грамматикалық  көрсеткіштері  ретінде  үстеу, 
еліктеуіш,  көсемше  тұлғалы  сөздер,  сондай-ақ  шылау  түйдегіне 
түскен  сөзтұлғалар  жұмсалатындығы  анықталды.  Мысалы,  Ойға 
түсіп келе жатқан,  бір кезде  естіді, қозғалмай,  үн шығармай тұр  
деген  көсемше  тұлғалар  мен  бір  кезде  үстеуі  өзінен  кейінгі 
сөзтұлғалармен  орын  тәртібі  амалы  арқылы  байланысып,  синтагма 
құраған.
 
 
Сөз тіркесі және номинативті тіркестер. Сөз тіркесі де сөйлем 
сияқты синтаксистік единица екендігіне ешкім талас туғызбайды.  Бұл 
мәселе  –  тек  түркі  тіл  білімінде  ғана    емес,  тіпті  орыс  тіл  білімінің 
өзінде  де  талас  туғызып  жүрген  жайттардың  бірі.  В.В.Бабайцева, 
В.В.Виноградов,  А.С.Смирницкий,  К.Аханов,  Н.А.Баскаков  сөз 
тіркесіне  номинативті  қасиет  тән  десе,  Ю.В.Фоменко,  А.Моисеев, 
М.Балақаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады.  
В.В.Виноградов:  «Сөйлем  құрамына  және  сөйлем  арқылы  сөз 
тіркестері  коммуникативті  құралдарының  жүйесіне  ене  алады. 
Сөйлемнен  тыс  тек  соған  керекті  құрылыс  материалы  ретінде 
қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті 
құралдарының  саласына,  заттарды,  құбылыстарды,  процестерді 
белгілеу құралдарының қатарына ене алады» - дейді.  
К.Аханов  бұл  пікірді  қуаттайды.  «Сөз  тіркестері  номинативті 
сипатқа  бұрыннан  жасалып  қойған,  даяр  тұрған  единицалар  емес, 
сөздердің тілдік грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие 
болады».  Мысалы,  екі  номинативті  сөз  алайық:  ақылды  қыз.  Осы 
екеуінің  тіркесінен  үшінші  бір  номинативті  мән  пайда  болып  тұрған 
жоқ,  анықтауыштық  қатынастағы  жаңа  грамматикалық  мағына 
жасалып тұр.   
М.Балақаев  номинативтілік  қасиет  туралы  өз  еңбегінде  анық 
көрсеткен. Ол сөз тіркесінің бәріне номинативтілік тән емес екендігін, 
тек  олардың  жұмсалу  орайында  атқаратын  қызметі  тұрғысынан 
номинативті  деп  тануға  болатындары  бар  деп,  оған  сөз  тіркесі 
құрылысында  пайда  болған  терминдік  тұрақты  атауларды 
жатқызады.  
 
 
 


 
184 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет