Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет125/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

2-тапсырма.  Есімді  және  етістікті  сөз  тіркестерін  түрлеріне 
бөліп жазыңыз (қабыса байланысқан, меңгеріле байланысқан, матаса 
байланысқан  есімді  сөз  тіркестері,  қабыса  және  меңгеріле 
байланысқан етістікті сөз тіркестері). 
 Сөйлемдегі  сөз  тіркестерін  ажыратыңыздар.  Сөз  тіркестерін 
түрлеріне,  құрамына,  байланысу  тәсілдері  мен  формаларына  және 
синтаксистік қатынастарына қарай толық талдау жасаңыз.       
1.Бақ пен Дәулет тең келсе, Адамның толар кемелі. (Ескелді би.) 
2. Өз ойларын көрікті айта алмау – кемшілік, ал өзінің көкейін тескен 
ойларының  болмауы–одан  да  асқан  кемшілік.  (К.Д.Ушинский.)                        
3.  Сабырлылық  алдында  не  дұшпан  сасады,  не  сабырсыздан  береке 
қашады.  (Б.Майлин.)  4.  Жомарт  дос  көбейтеді,  Сараң  мал  көбейтеді. 
(Мақал.)  5.Досы  жоқпен  сырлас,  Досы  көппен  сыйлас.  (Абай.)                         
6. Тіршілікте мал да керек, жер қайысқан жасақты қол да керек, бірақ 
ұрпақтың  көкірек  көзін  ашатын  кітап  жөні  бөлек,  дүниедегі  небір 
жұмбақ  нәрселердің  шешуі  ғылым-білімде.  (Маман  қажы.)                            


 
190 
7. Мәдениет неғұрлым жоғары болған сайын, еңбек соғұрлым жоғары 
бағаланады.  (В.Рошер.)  8.  Балықшының  байлығы,  Етек-жеңі 
кепкенше,  Егіншінің  байлығы,  Ендігі  жыл  жеткенше.  (Мақал.)                       
9.  Адамның  толық  бақытты  болуы  үшін,  аяулы  Отаны  болу  керек. 
(С.Кеосский.)  10.  Сенің  шешен  болғаның  –  Шер  халықтың  арқасы. 
Сенің  көсем  болғаның    -  Ер  халықтың  арқасы.  (Әйтеке  би.)                            
11. Әлішер Науаидің әдебиет тарихында алатын орнының күрделілігі 
соншалық  –  оны  тек  бір  халық  әдебиеті  әлемінде  ғана  атап  өту 
жеткіліксіз болар еді. (Р.Бердібаев.) 12. Еріншекке іс тапсырсаң, өзіңе 
ақыл айтады. (Мақал.) 13. Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, 
түсірген  балуаны  жықса,  салған  құсы  алса,  қосқан  иті  өзгеден  озып 
барып  ұстаса,  есі  шығып  бір  қуанады.  (Абай.  26-қара  сөз.)                              
14.  Адамдарды  әділдікті  сүюге  үйрету  үшін,  оларға  әділетсіздіктің 
нәтижесін  көрсету  керек.  (А.Смит.)  15.  Көп  істің  шала  білгірі 
болғанша,  Бір  істің  дана  білгірі  бол.  (М.Әлімбаев.)    16.  Өгізді  өрге 
салма –қанатың талар, Наданға көзіңді салма – сағың сынар. Досыңа 
өтірік  айтпа  –  сенімің  кетер,  Дұшпанға  сырыңды  айтпа  –  түбіңе 
жетер.  (Төле  би.)  17.Сөз  –  ойдың  көрінісі:  ой  бұлдыр  болса,  сөз  де 
бұлдыр.  (В.Г.Белинский.)  18.Аспан  шырақтары  түн  түнегін  қалай 
жарық  қылса,  тек  қайғы-мұң  ғана  өмірдің  мән-мағынасын  солайша 
ашады. (Торо.)  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет