Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет127/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   196
4. ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ 
 
4.1 Жай сөйлем синтаксисі туралы түсінік және жай  сөйлем 
синтаксисінің  зерттелуі 
 
Сөйлемнің де, сөйлем мүшесі болудың  да  негізін А.Байтұрсынов 
бір  мысал  арқылы  бергені  таңқаларлық  білімділіктің  көрінісі. 
Ғалымның  синтаксистегі  жай,  құрмалас  сөйлемдер  туралы  ойлары 
1917  жылдан  бұрын  қалыптасқан.  Тарихта  1900-1939  жылдар 
аралығында көптеген синтаксист ғалымдар таныла бастады. Мәселен, 
1929  жылғы  латын  алфавитіне  көшу  туралы  жиында  17  тілші 
сөйлеген екен. Соның 12-сі А.Байтұрсынов еншісінде.   
Қ.Жұбанов  –  синтаксис  туралы  біраз  еңбек  еткен  ғалым. 
Автордың синтаксис саласына қатысты «Из порядка слов в казакском 
предложении»,  «О  построении  речи  в  казахском  языке»,  «О  формах 
сочетаний слов в казахском языке» еңбектері бар.   
Бұл  салада  профессор  С.Аманжолов  1932  жылдардан  бастап 
елеулі  еңбек  етті.  Автор,  ең  алдымен,  мектеп  грамматикасын  (1939), 
онан  кейін  жоғарғы  оқу  орындарына  «Қазақ  тілі  ғылыми 
синтаксисінің қысқаша курсын» (1940) жазды. Автор сөз тіркесі мен 
сөйлем  синтаксисі  туралы  сөз  қозғады.  Академик  Н.Сауранбаев  жай 
сөйлем туралы ойлармен бірге құрмалас сөйлемдерге тоқталды.   
С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлем, тыныс белгілері туралы ойлары 
әлі күнге дейін құнын жоймағанын білеміз.  
Профессор  М.Балақаев  зерттеулерінің  алатын  орны  ерекше. 
Автор  1949  жылы  мектеп  грамматикасы,  1954  жылы  академиялық 
грамматикада  сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтаксисі  жайлы  жүйелі 
түрде жазып кетті. Ол бүкіл түркологияның сөз тіркесі синтаксисінің 
негізін қалады. 
Ш.Сарыбаевтың  библиографиялық  көрсеткішінің  6-томы  жарық 
көрді.  Бұл  еңбекте  тілші-ғалымдар  Т.Шонанов,  М.Жұмабаев, 
Т.Ахметов,  Ж.Барқыұлы,  Н.Төреқұлов,  К.Төлебаев,  Н.Залиұлы, 
К.Әлімұлы,  Қ.Кемеңгеров  есімдері  орын  алған.  Ғалымдар 
еңбектерінің  қазақ  тіл  білімі  үшін  белгісіз  жылдар  мерзімін  нақты 
толықтыратын  және  қазіргі  зерттеулерімізге  басшылық  болатыны 
айдан анық. Аталған ғалымдардың ішінде синтаксис, оның теориясы 
туралы  Е.Омаров  қолтаңбасы  анық.  Әзірше  ғалымның  1935  жылғы 
«Сөйлемдегі сөздің орын тәртібі», «Есімдіктерге қатысты приставка» 
деген екі мақаласы ғана белгілі болып отыр. Бұл сияқты еңбектер әлі 
де  жарық  көретін  болса,  біздің  ғылымымызға  қосылған  үлкен  үлес 
болар еді.  


 
193 
Сөйлемді құрайтын грамматикалық  формаларды, олардың өзара  
қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем 
синтаксисі зерттейді  
Сөйлем  құрамына  енетін  сөздер  өзара  мағыналық  байланысына 
қарай  тіркесіп,  синтаксистік  қатынасқа  түседі.  Субьект  – 
предикаттық,  яғни  бастауыш-баяндауыштық  немесе  предикаттық 
емес 
қатынас 
яғни, 
толықтауыштық, 
 
анықтауыштық, 
пысықтауыштық қатынастарға түсіп, синтаксистік мағына  туғызады. 
Ендеше,  сөз  тіркестері  мен  сөйлемнің  құрылысы  синтаксис 
ғылымының негізгі зерттеу обьектілері болып  табылады.  
Синтаксис  ғылымы  тілдік  амалдарды  -  яғни,  меңгеру,    матасу, 
қиысу,  қабысуды  және тілдік единицаларды - яғни, сөз,  сөз   тіркесі,  
бағыныңқы,  басыңқы    компоненттер,  жай    сөйлем,  құрмалас  сөйлем 
т.б.  бірліктерді    зерттейді.  Мысалы,  Келмегені  -  ұялғаны.    Келмеді,  
онысы – ұялғаны  деген  
сөйлемдердің мағынасы бірдей, бірақ  құрылысы, грамматикалық 
белгілері екі  түрлі  тілдік амалдар арқылы жасалып тұр. Біреуі  - жай  
сөйлем, біреуі  - құрмалас  сөйлем. Сондықтан  синтаксис ғылымында 
олар  дара синтаксистік единицалар ретінде танылады.                 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет