Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет129/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

             
4.3  Сөйлемнің сөйлеу мақсатына  қарай  топтасуы 
 
Сөйлем  болмыстағы  қатынастарды  білдірумен  қатар,  пікір  білу, 
ақпарат алу үшін біреуді іске қосу, жұмсау, бұйыру, білу мақсатында 
хабарлы,  сұраулы,  бұйрықты,  лепті  сөйлемдер  жасайды.  Сөйлеудің 
осы  мақсаттары  тілде  сөйлемнің  тиянақты  формалары  арқылы 
көрінеді.  Жаңбыр  жауды.  Жаңбыр  жауды  ма?  Жаңбыр  жауды 
дейсің! Қалың жаңбыр. Төңірек-телегей-теңіз су. 
Бұл  сөйлемдер  бірдей    сөздерден  құралғанмен,  түрлі  көмекші 
сөздерді  қатыстырып,  интонациясын  өзгертіп  коммуникативтік 
мақсатына сай  түрлі  мақсаттардағы  ойды  білдіріп   тұр.    
Хабарлы  сөйлем.  Хабарды,  ақпаратты  баяндау  үшін  жұмсалатын 
конструкциялар  хабарлы  сөйлем  деп  аталады.  Бұл  сөйлемдердің 
негізгі грамматикалық белгілері мыналар: 
1.  Баяндауыштары    ашық  рай  формалы  етістіктен  немесе  осы 
формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден  жасалады. 
2. Өзіне тән баяндау сарынды интонациясы болады.     
Хабарлы сөйлем екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді. Тау іші, 
Иен  жайлау.  Ұшқан  құс,  жүгірген  аңнан  басқа  тіршілік  бейнесі 
білінбейді (Қ.Жұмаділов).   
Сұраулы  сөйлем.  Бір  нәрсе  туралы  хабар  алу,  білу    мақсатында 
қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз. 
Сұраулы  сөйлемдер    жасайтын  ерекше    формалар  мынандай: 
сұраулық  есімдіктер  –лексикалық  амал,  сұраулық  шылаулар  (ма,  ме, 
ше), интонация  синтаксистік амалдар.        
Сұраулы  сөйлемдер  әр  уақытта  ерекше  сұраулық  интонациямен 
айтылады.  Сұраулы  сөйлемдер  сұрау    мағынасына  қарай  төрт  топқа 
бөлінеді:  ашық  сұрақты,  альтернативтік  сұрақты,  риторикалық 
сұрақты, түрткі сұрақты  сөйлемдер. 
Ашық  сұрақ -  бір нәрсені білу  мақсатында  қойылатын  сұрақ. 
Қім?  не?  қайда?  қайдан?  қандай?  неше?  не  істеді?  деген  сияқты 
сұрақ мағыналы сөздер жұмсалады.  - Несібелі қайда  - Сағат  неше?; 
- Атың  кім  еді?;  - Қашан  келдің?   


 
196 
Альтернативті немес  баламалы сұрақ - білуге  қажет   пікір екі 
түрлі    сұрақ  сөздер  арқылы  сұраулық  мағынада  айтылып,  біреуіне 
жауап алынады. Альтернативті сұрақта сөйлемдер баяндауыш мүшеге 
ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе  шылауларды үстеу арқылы жасалады.  
Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба? 
- Мынау егіс күздік пе, жаздық па? 
Келтірілген  сөйлемдерде  ізделетін  іс-қимыл,  предикативтік 
заттық, сапа жалпы, белгісіз күйде аталмай, белгілі альтернативтердің 
төңірегінен  (тоқтайсың  ба  –  тоқтамайсың  ба,  күздік  пе  –  жаздық 
па) ізделеді.   
Кейде  альтернатив  сұрақ    етістіктің  болымды  түрі  арқылы 
аталып, болымсыз етістіктің орнына жоқ па сөзі қатысады:   
Тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба - Тоқтайсың ба, жоқ па? 
Жоқ па – эллипсис мүше, ол сөзді айтуға ықшамды етеді.  
Сөзде  іздеулі  екі  альтернативтің  орнына  көбіне  бір  альтернатив 
мүше  ғана  аталады  және  мұндайда  көбіне  болымды  етістік 
жұмсалады. Сен келдің бе? Ағаш өнді ме? 
Риторикалық  сұрақ  -  өзінің  сұрағына  жауапты  өзі  беретін 
сөйлем.  Мысалы,  Ереулі  атқа  ер  салмай,  ерлердің  ісі  бітер 
ме?!(бітпейді)  Хабар  ретіндегі  пікірдің  сұраулы  сөйлем  формасы 
арқылы  білдірілуі  сөзге  полемикалық  өң  береді.  Полемикалыққа 
баяндауыш  сөздің  болымды,  болымсыз  формаларының  өз  бастапқы 
мағынасына қарсы жұмсалуы себеп болады.   
Риторикалық  тудыратын  баяндауыштық  формалар  жедел  өткен 
шақ етістіктің болымсыз түрі -ма, ме жұрнақтары арқылы жасалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет