208
деген сөйлемнің сөйлем мүшелері пікірдің құрамындағы мүшелерге
сай келмейді.
2. Сөздердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы оның лексикалық,
грамматикалық сапасына бағынышты.
Зат есімдер заттық атау ретінде септік, жіктік формаларының
негізінде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалады,
анықтауыш қызметінде жұмсалмайды, пысықтауыш ретінде де
талғанып жұмсалады, ол көбіне мекен пысықтауыш ретінде
жұмсалады. Зат есімдер сөйлем мүшесі қызметін атқаруда іштей де
саралатыны байқалады. Мысалы, антропонимдер (кісіге байланысты
есім сөздер) бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш
қызметінде жүреді.
3. Сөйлем мүшелерінің қызметін тиісті тұрақталған формалар
атқарады. Сөйлем мүшелері формаларының түрі, саны жағынан
бірдей емес. Мысалы, бастауыш мүше негізінен атау септік формасы
арқылы көрінсе, толықтауыш мүшенің алатын формасы – атау мен
іліктен басқа септік жалғаулары.
4. Сөздердің синтаксистік қызметі (сөйлем мүшесі қызметін
атқаруы) тек өз мағынасына, өз формасына ғана бағынышты емес,
онысы қатынасқа түсетін сыңарына да тәуелді: мысалы,
Жақсы бала
жақсы оқиды. Жақсы бала - анықтауыш, өйткені затты анықтап
тұр.
Жақсы оқиды - пысықтауыш, өйткені қимылды анықтап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: