212
Анықтауыш. Сөйлемде зат есім, есімдік немесе зат есім орнына
жүрген есімше сөздермен байланысып, олардың түрлі сынын,
сапасын білдіретін сөйлем мүшелері анықтауыш деп аталады.
Көкорай шалғын адамның тізесінен келеді. Анықтауыш мүше
қызметінде сын есім, зат есім, сан есім, сілтеу есімдіктері жұмсалады.
Анықтауыш мүшелер құрамы жағынан дара, күрделі, үйірлі
болып үш түрге бөлінеді.
Сын есімнен болған анықтауыштар анықталатын сөздермен
қабыса байланысып, оның түр-түсін, сынын, көлемін және басқа
сапалық белгілерін білдіреді.
Күндер өтіп жатты. Сары жаз
жылыстап қоңыр күзге ауысты. (Т.Ә).
Сын есімдер анықтауыш қызметінде дара келіп те немесе
өлшемдік мағынада жұмсалатын зат есімдермен бірігіп келіп
анықтауыш қызметін атқарады.
Бір сабақ жіп, бір сүйем жер, екі
көйлектік мата, үш үй т.т.
Сан есімдермен бірігіп қана өлшемдік мағына беретін зат есім
сөздер бар. Олар етістік сөзден –ым, -ім, -м жұрнақтары арқылы
жасалады:
жұтым, қайнатым, салым, тілім, үзім. Сол сияқты
шақырым, километр, сабақ деген сөздер де сан есіммен бірігіп
анықтауыш қызметін атқарады.
Бір жұтым су, екі қайнатым шай, бір
сабақ жіп т.т.
Сілтеу есімдіктер анықтауыш өзі қатысқан затты нұсқау
мағынаксында жұмсалады.
Сол өрістегі малға кісі шаптырды. (Т.Ә).
Заттың, қимылдың сапасын білдіру үшін анықтауыш ретінде
есімшелер жұмсалады. Бұл қызметте көбіне
–ған, -ген, -қан, -кен, -
тын, -тін тұлғалы есімшелер жүреді.
Бақыт қораны айналып,
Достарыңызбен бөлісу: