Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет192/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
                      
                                    9.2 Төл сөз 
 
      Қазақ  тілі  білімінде  қалыптасқан  дәстүр  бойынша  төл  сөз  деп 
жазушының  я  сөйлеушінің  сөзін  ешқандай  өзгеріссіз,  бұлжытпай 
алып, өз сөзі ішінде   қолданған  біреудің  сөзін  айтамыз.  
      Қолданылу  мақсатына  қарай  төл  сөз  цитатты    төл  сөз  және  
диалогты    төл  сөз  болып    бөлінеді.    Цитатты    төл  сөз    саяси 
әдебиеттерде,  ғылыми  және  әр  алуан  публицистикалық  еңбектерде 
қолданылады.  Цитат  ретінде  келтірген  төл  сөздің  айналасында 
сөйлеушінің  өз  сөздерімен  қоса  қолданылатын  автор  сөзінің 
атқаратын  қызметі  де  болады.  Төл  сөздің  кімдікі  екендігін,  қайдан 
алынғандығын,  төл  сөз  иесінің  алынып  отырған  үзіндінің  алдында 
нелерді  айтатынын,  оның  үзіндіні  қандай  күйде,  қандай  жағдайда, 
ішкі 
сезім 
дүниесінің 
қандайлық-құбылыстары 
жағдайында 
айтқандығын және қалай айтқандығын тағы сол сияқтыларын білдіру  
-  автор  сөзі  деп  аталады.    
        Гоголь  «Пушкин  туралы  бірнеше  сөз»  деген  мақаласында: 
«Біздің  тіліміздің  барлық  байлығы,  күші,  икемділігі    Пушкиннің 
лексикасына дарыған тәрізді»,—деп жазды.  
     Автор  сөзі  диалог  түріңде  келетін  төл  сөздерде  де  болады.  Бірақ 
диалог  түріндегі  төл  сөз  қолданылу  орны  жағынан    да,  функциясы 
жағынан  да  цитат  түріндегі  төл    сөзден    басқа.  Қолданылу  орны 
жағынан  алғанда,  диалогты  төл  сөз  көркем  әдебиет  жанрларында 


 
290 
қолданылады.  Мұндағы  төл  сөз  болып  саналатындар  -  көркем 
шығармалардағы персонаждар сөздері. 
      Ал  персонаждарға  сөз  беріп,  оларды  сөйлестіріп  отырған 
жазушының өз сөзі автор сөзі болып есептеледі. Сондықтан диалогты 
төл  сөз  цитатты    төл    сөз  сияқты  қолданушы  автордың  пікірін 
дәлелдеу үшін қолданылмайды. Жеке адамдардың (персонаждардың) 
бір-бірімен сөйлесуі, әңгімелесуі түрінде болады.  
    Диалогты    төл  сөздің  айналасында  қолданылатын  автор  сөзінің 
атқаратын  функциясында  да  цитаттағыдай  автор-сөзінен  біраз 
өзгешеліктері болады. Мұндағы автор сөзі төл сөздің кімдікі екендігін 
білдіру,  оны  қаңдай  құбылыста,  қандай  күйде,  қалай  айтқандығы 
және кімге айтқандығын байқату сияқты функциялар атқарады.   
     Төл  сөз  құрамы  жағынан  әр  алуан  болып  келеді:    ол  жеке  бір  сөз 
болуы  да  мүмкін,  бір  сөйлем  немесе  әлденеше  сөйлемдер  тізбегінен 
құралған тұтас бір үзінді болуы да мүмкін. 
     Төл  сөз  автор  сөзімен  байланысты  болады.  Бірақ  ол  байланыс  төл 
сөздің  бастапқы  құрылысын  өзгерту,  оған  грамматикалық  жаңа 
дәнекерлер  қосу  арқылы  болмайды.  Төл  сөзді  автор  сөзімең 
байланыстыру  үшін    оның  тіпті  жеке  бір  сөзінің  грамматикалық  
формасын    өзгертіп  айтатын    болса  да,  ол  төл  сөз  болудан  қалады. 
Сондықтан  төл  сөздің  автор  сөзімен  байланысы  оның  бастапқы 
құрылысына  ешқандай  өзгеріс  енгізбей,  өз  дербестігін  толық  сақтау 
жағдайында  жүзеге  асырылады.  Төл  сөз  бен  автор  сөзі  арасындағы 
байланысты      қамтамасыз    ететін    байлауыш  дәнекер  -  де  көмекші 
етістігі. 
     Төл сөздің бастапқы дербестігін толық сақтай отырып, оның автор 
сөзімен  байланыстыру  функциясын    де    етістігінен  басқа  ешбір  сөз, 
ешбір  грамматикалық.  форма  атқара  алмайды.  Де  етістігінің  —  төл 
сөздің төл сөз еқенін танытудағы  қасиеті де осы фунқциясында.  
     Де  етістігі  деді,  дегендер,  дейін,  дейді,  депті,  деп,  десе  және 
есімшенің әр алуан септік жалғаулы түрлерінде айтылады. Мысалы:  
Төл сөз бен  автор сөзінің орналасуы 4 түрлі  болады:       
Автор сөзі төл сөзден бұрын келеді: (А:  «Т».) 
Автор сөзі  төл сөзден  кейін  келеді:  («Т»,- а.) 
Автор сөзі  төл сөздің  ортасында  келеді:   «Т,-а,-т».) 
Автор  сөзі  төл сөздің   екі  жағында  келеді:  А:-Т,- а.)  
Осыған қарай оның синтаксистік құрылысы да әр түрлі болады.      
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет