Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет193/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
                                    9.3  Төлеу сөз 
 
Жазушы,  сөйлеуші  адам  біреудің  сөзін,  пікірін  пайдаланғанда,  
оны  азды-көпті  болса  да  өзгертіп,  өз  тарапынан  сөздер,  қосымшалар 


 
291 
қосып,  кейбір  сөздерін  алып  тастап,  грамматикалық  кейбір 
формаларын өзгертіп пайдаланады. Мысалы: 
Мен басалқы айтқалы келгенім жоқ, шақырған соң келдім. Ағат 
кеткен  жерім  болса,  ойланайын,  сіздер  де  ойланыңыздар.  Ой  мен  ел 
ешкімнің  еншісіне  берілмеген.  Әркімнің–ақ,  «ойым»  деуге,  «елім» 
деуге  хақы  бар  –  деді  де,  Аман  орнынан  тұрып  жүре  берді 
(Ғ.Мұстафин). Осы сөйлемдегі Аманның сөзі болып тұрған төл сөзді 
төлеу  сөзге  былайша  айналдырып  айтуға  болар  еді:  Аман  басалқы 
айтуға  келмегенін,  шақырған  соң  келгенін,  ағат  кеткен  жері  болса 
ойланатынын,  олардың  да  ойлануы  керектігін,  ой  мен  ел  ешкімнің 
еншісіне  берілмегенін,  әркімнің-ақ  «ойым»  деуге,  «елім»  деуге  хақы 
барлығын айтты да, орнынан тұрып жүре береді. 
     Төлеу  сөз  түрінде  берілгенде  Аманның  сөзіне  қандай  өзгерістер 
енген?   
1.Аман  сөзінің  синтаксистік  құрылысы  бұзылған.  Ол  төл  сөз 
түрінде айтылғанда, екі құрмалас, екі жай сөйлемнен құралған болса, 
төлеу  сөзге  айналдырғанда  ықшамдалған,  сыйыстырылған  бір  ғана 
жайылма сөйлем болып қалған.  
2.  Төл  сөздің  сөйлемдік  құрамының  өзгеріске  ұшырауының  
нәтижесінде төл сөздегі сөйлемдік тиянақты интонациялар жойылып, 
олардың  орны  бірыңғай  мүшеге  тән  санамалы  интонациямен  
ауыстырылған.  
      3.  Төл  сөзде  баяндауыш  қызметін  атқарып  тұрған  сөздердің 
барлығы  да  төлеу  сөзде  толықтауышқа  айналған  да,  бастауыш 
қызметін  атқарып  тұрған  кейбір  сөздер  (сіздер,  мен)  айтылмай, 
түсіріліп  қалдырылған,  ал  кейбір  сөздер  (ой,  ел)  тұлғалық  жағынан 
өзгеріп кеткен, синтаксистік құрылысы  өзгерген.   
     4.  Төл  сөздегі  кейбір  сөздер  (мен,  жоқ)  айтылмай  түсіріліп 
қалдырылса, кейбір сөздердің орнына (сіздер, деді) жаңа сөздер (олар, 
айтты) алынған. 
Сонымен, төл сөз бен төлеу сөз бір емес. Бұл екеуі – сөйлеушінің 
немесе  жазушының  өз  сөзі  ішінде  бөгде  біреудің  сөзін,  пікірін 
келтіруінің  екі  түрлі  тәсілі.  Бұл  екеуінің  арасында  бірсыпыра 
өзгешеліктер бар:   
1. 
Төл  сөзде  сөйлеуші  немесе  жазушы  бөгде  біреудің  сөзін 
ешқандай  өзгеріссіз,  қоспасыз,  бұлжытпай  келтіретін  болса,  төлеу  
сөзде    өз  тарапынан  кейбір  сөздер  қосады,  ең  болмаса,  бірер  сөзінің 
бастапқы морфологиялық  формасын, соған байланысты синтаксистік 
қызметін өзгертеді. 
2.Төл  сөздің  айналасында  міндетті  түрде  автор  сөзі  жүреді  және 
ол  екеуінің  жігі  айқын  байқалып,  бір-бірінен    де  етістігі    арқылы  
бөлектеніп тұрады. Төлеу сөзде  ол автор сөзімен араласып, тұлғалық 


 
292 
өзгеріске ұшырауы арқылы онымен тығыз байланыста тұрады. Төлеу 
сөзде  автордың  қоспасымен  бірігіп,  бір-ақ  сөйлем  болады  да,  де 
етістігін қажет етпейді.   
3.Төл  сөзде  сөйлем      хабарлы  да,  сұраулы  да,  лепті  де  болып 
келеді.  Соған  қарай  оның  әр  сөйлемінің  өзіне  лайықты  сазы, 
интонациясы,  ритмика-мелодикалық  ерекшеліктері  болып  отырады. 
Төлеу  сөзде  мұның  бірде-бірі  болмайды,  яғни    олар  сақталмайды. 
Өткені  төлеу  сөз  өзінің    бастапқы  түрінің  (төл  сөз  түрінің)  қандай 
екендігіне қарамастан, тек хабарлау түрінде ғана беріледі, сондықтан 
онда  (төлеу  сөзде)  сөз  иесінің  бастапқы  әр  алуан  интонациялық: 
ритмика-мелодикалық ерекшеліктері сақталмайды. 
4.Төл  сөзде  сөйлемнің  бастапқы  эмоционалдық,  модальдық 
ерекшеліктерінің  барлығы  да  сақталады.  Төл  сөз  иесі  қолданған 
одағай, қаратпа, қыстырма сөздер бұлжытпай беріледі. Ал төлеу сөзде 
түсіріліп қалдырылады. 
      5. Төл сөз бен төлеу сөз жақтық түрғ ыдан, жіктеу есімдіктерін 
қолдану  жағ ынан  да  біркелкі  емес.  Төл  сөзде  іс-әрекеттің  иесі  өзі 
болғ ан  жағ дайда  автор  жіктеу  есімдігінің  бірінші  жағ ын  қолданып 
сөйлей береді. Ал төлеу сөзде олай етуге болмайды.    
     6.  Тек  жеке  сөз  ғана  емес,  сөйлеушінің  ішкі  сезіміне, 
эмоциноналдық  күйіне  байланысты  қолданылатын  көптеген  төл 
сөздер  төлеу  сөзге  айналдыруды  көтермейді.  М ы с а л ы :   Ойбай-ай, 
енді қайтейін! Қалеке-ай, мынаның қорлығын-ай! Ойпырым-ау, жаным-ау! 
Ассалаумәликем, Тәке! дегендер тәріздес төл сөздерді төлеу сөз түрінде 
беру тіпті мүмкін емес. 
     Төл  сөзді  төлеу  сөзге  айналдырудың  тілімізде  қалыптасқан, 
ежелден  келе  жатқан  тұрақты  тәсілдері  бар:  төл  сөздің  тиянақты 
баяндауышы  төлеу    сөзге  айналғанда  тура  толықтауыш  болып 
кетеді.     
      Сондықтан 
да  табыс  жалғауы  төл  сөзді  төлеу  сөзге 
айналдырудағы,  оны  автор  сөзімен  ұштастырудағы  бірден-бір 
шешуші форма болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет