Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет50/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196
протекания действия» деген ұғыммен түсіндіреді. Сипат категориясы 
түркі  тілдерінде  өте  дамыған.  Оның  өзіндік  мағынасы  бар  және  сол 
мағынаны  білдіретін  көрсеткіштері  бар.  Сипат  категориясының 
жалпы  мағынасы  –  қимылдың  қалай  жасалғанын  суреттеп,  сипаттап 
беру  және  қимылдың  қалай  қандай  сатыда  екенін  білдіру.  Мысалы, 
келіп  қалды,  келе  қалды,  келе  қойды,  келе  берді,  келіп  жүрді,  келе 
салды,  келе  түсті,  келіп  алды,  келіп  бақты,  келе  жатыр,  келе 
бастады, келіп отыр, келіңкіре деген етістіктерді алып қарайық. 


 
83 
Осы  мысалдардағы  негізгі  қимыл  кел,  ол  түрлі  формада  тұр,    әр 
формада    етістік  сол  қимылдың  түрлі  жасалу  тәсілін  білдіріп  тұр. 
Мәселен,  келе  салды  –  қимыл  немқұрайлы  жасалған;  келіп  қалды  – 
қимыл  жедел,  кенеттен  жасалған;  келе  қалды,  келе  қойды  –  қимыл 
ойда  жоқта  жасалған;  келіп  қойды  –  қимыл  жасалып  біткен;  келе 
берді, келіп жүрді – қимылдың қайталанғанын; келіңкіре, келе түсті 
–  қимылдың  жасалуы  үдегенін;  келіп  алды  –  қимыл  субъектінің  өзі 
үшін  жасалған;  келе  жатыр,  келіп  отыр  –  қимыл  жасалу  үстінде; 
келіп бақты – қимыл бар  ынтамен  жасалған;  келе бастады – қимыл 
жасалуының І этапы деген мағынаны білдіреді. 
Тек  кел  сөзі  ғана  емес,  қимыл  атаулының  бәрі  де  өмірде  түрлі 
жағдайда, түрлі кезеңде түрліше жасалады. Біз жоғарыдағы мысалмен 
бір  қимылдың  түрлі  тәсілмен  жасалатынын  көрсетіп  өттік.  Бір 
тәсілмен  де  түрлі  қимылдарды  жасауға  болады:  Мысалы,  айта  сал, 
келе  сал,  бере  сал,  жаза  сал, оқи  сал,  бара  сал,  қайта  сал,  көре  сал, 
сұрай сал, тыңдай сал. Осы мысалдағы айт, кел, бер, жаз, оқы, бар, 
қайт,  көр  сұра,  тыңда  қимылдар  бір-ақ  тәсілмен  жасалып  тұр. 
Бәрінде де қимылдың сипатында немқұрайлылық бар. 
Міне, осындай дәлелдерді келтіре отырып, сипат категориясының 
қазақ  тіліндегі  көптеген  етістіктерге  ортақ  екендігін  ескере  отырып, 
профессор Н.Оралбаева сипат категориясын қазақ тіліне тән құбылыс 
деп санайды. 
Көрініс  не  сипат  категориясы  негізінен  славян  тілдері 
грамматикалық  құрылысының  бір  ерекшелігі.  Алайда  орыс  тілінде 
бұл категория мүлде басқаша түсіндіріледі. 
Көрініс  категориясы  туралы  пікірді  белгілі  совет  тюркологы 
А.Н.Кононов  та  қолдайды.  Ол  –  оны  бірінші  зеттеген  және  таныған 
ғалым. 
Сипат  категориясынан  кейін  етістіктің  құрамында  орын  алатын 
формалар  –  рай  көрсеткіштері.  Рай  категориясынан  кейін  етістікті 
аяқтайтын формалар болады. Сөйлемде етістікті аяқтайтын формалар 
санаулы ғана. Олар: жіктік жалғаулары, көсемше, есімше және тұйық 
етістік формалары. 
Осы  формалардан  басқа  болымсыздық  категориясы  деген  бар. 
Тілімізде  болымды  мағынаны  білдіретін  арнайы  көрсеткіш  жоқ.  Ал 
болымсыздық  мағынасын  арнайы  көрсеткіш  бар  екенін  бәріміз 
білеміз.  Осы  жағдай  тілімізде  болымсыздық  категориясының 
танылуына  себепші  болды.  Алайда,  болымдылық  пен  болымсыздық 
мағыналары  бір  категорияның  құрамына  қарастырылып  жүр. 
Академик  А.Н.Кононов оны  етістіктің  болымды,  болымсыз  аспектісі 
деп бірлікте алып қарайды. 


 
84 
Етістіктің  болымды  мағынасының  арнайы  көрсеткіші  жоқ  дедік. 
Сондықтан  оның  орны  туралы  да  сөз  болуы  мүмкін  емес.  Ал 
болымсыз  форманың  орны  көрсетілуі  керек.  Болымсыздық 
формалары рай, шақ, көсемше, есімше, тұйық етістік формаларының 
алдында, етіс формасынан кейін орын алады.  
Енді  етістіктің  есім  сөздерден  айырмашылығы.  Етістіктер  мен 
есімдердің  бір–бірінен  түбегейлі  айырмашылығы  бар  екендігі  жеке-
дара тұрғандығынан гөрі  сөйлем ішінде, сөз тіркесі  құрамында анық 
көрінеді. 
1.Сөз 
жоқ,  есім  сөздер  мен  етістіктердің  арасындағы 
айырмашылық  –  біріншіден,  лексикалық  мағынасынан  көрінеді. 
Етістік  –  қимылды  динамикалық  тұрғыдан  беретін  сөз  табы. 
Етістіктер  тек  іс-әрекетті  көрсетіп  қана  қоймай,  оның  мезгілін, 
жекеше-көпшесін,  объектінің  субъектіге  қарым-қатынасын  т.б. 
көптеген мағыналарды береді. 
2. Етістікке тән ерекшеліктердің бірі – категорияларының көптігі. 
Атап айтатын болсақ,  сабақтылық  және  салт  етістілік  формасы, етіс, 
сипат  категориялары,  болымды-болымсыздық  категориясы,  тұйық 
етістік  формасы,  әсіресе,  шақ,  рай,  жақ  категориясы.  Сабақты  және 
салт  етістік,  етіс,  жақ,  шақ,  рай  категориялары  етістікті  есімдерден 
көрсететін бірден–бір белгі. 
Етістік  есімдердің  категорияларын  да  қабылдай  алады.  Септік, 
көптік, тәуелдік категориялары (зат есімнің) етістікке де аса жат емес. 
Зат есімге қарағанда етістікте байқалатын бір ерекшелік – олар жіктік 
жалғауын  түбір  күйінде  тұрып  қабылдай  алмайды.  (Бұл  жерде  тұр, 
жүр, отыр, жатыр секілді қалып етістіктері ғана қабылдай алады деп 
айтуға болады). 
3.  Бұл  айырмашылық  тек  мағыналық  не  грамматикалық 
ерекшелігінен  көрініп  қоймайды.  Синтаксистік  қызметінде  де  елеулі 
айырмашылық  бар. Етістік  баяндауыш пен пысықтауыш жасауға  аса 
ыңғайлы  келеді.  Ал  есімдер  бастауыш,  анықтауыш,  толықтауыш, 
пысықтауыш болуға бейім. 
Міне, осындай ара алшақтықтарын айта отырып, біз, есімдер мен 
етістіктердің арасындағы тығыз байланысты жоққа шығара алмаймыз. 
Мысалы, сөз тудыру процесі. Белгілі бір тәсілдер арқылы есім сөздер 
етістікке,  керісінше,  етістіктер  есім  сөздерге  айналып  жатады.  Бұл 
процесс – негізгі сөздік құрамның молаюына, толығуына, содан тілдің 
қызметінің жан-жақты кеңеюіне себепші болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет