Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет48/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   196
4.5 Етістік
 
 
Етістік  –  тіліміздегі  сөз  таптарының  ішіндегі  ең  күрделі  және 
функциясы  өте  кең  грамматикалық  категория.  Есімдерге  қарағанда, 
етістіктердің 
лексикалық-грамматикалық 
мағыналары 
да, 
грамматикалық тұлғалары да әр алуан, сөйлемдегі атқаратын қызметі 
де  ерекше.  Сондықтан,  әдетте,  етістікті  күрделі  сөз  табы  деп 
түсіндіретін факторлар мыналар: 1) мағынасының жан-жақтылығы, 2) 
категорияларының көптігі, 3)синтаксистік қызметінің аясының орасан 
кеңдігі. 
Етістік-қимылдың  немесе  қимыл  түрінде  өтетін  түрлі 
процестердің атын білдіретін сөз табы. Етістіктің мағынасының жан-
жақты,  өрісті  болатын  себебі  -  оның  мағынасы  тек  субъектінің  іс-
әрекетін  ғана  емес,  табиғат  пен  қоғамда  кездесетін,  адамның 
абстракты  ойы  мен  санасында  туатын  неше  түрлі  амал-әрекет,  іс-


 
80 
қимыл,  қозғалыс,  жай-күй  секілді  процестерге  қатысты  ұғымдарды 
түгел  қамтиды.  Етістіктің  осы  кең  мағынасы  үнемі  мезгіл  не  шақ 
ұғымымен  ұштас  болып  келеді.  Етістіктер  сан-салалы  динамикалық 
процестерді  жүйелі  материалдар  негізінде    жеткізеді.  Етістік  – 
динамиканы  сипаттай  алатын  сөздердің  жиынтығы.  Өз  алдына  жеке 
сөз  табы  ретінде  етістік  лексикалық,  семантикалық  және 
грамматикалық жағынан белгілі бір ерекшеліктерге ие болады. 
Етістіктің  лексикалық  құрамында  қанша  сөз  болса,  солардың 
әрқайсысының  өзіне  ғана  тән  лексикалық  мағынасы  болады.  Бірақ, 
олар  әрқайсысы  тек  өзіндік  жеке  ерекшелікке  ие  болғанымен, 
мазмұнындағы  ортақ  сипатына  қарай  белгілі  бір  сөздердің  тобына 
телінеді.  Яғни,  іштей  мағына  жағынан  жақындықтарына,  қызмет 
жағынан  орайлас  болып  келуіне  қарай  етістіктерді  қазіргі  қазақ 
тілінде бірнеше топтарға бөледі: амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, 
күрес,  ки,  сыз,  өлше  т.б.),  қимыл-қозғалыс  етістіктері:  (ауна,  аудар, 
домала, жылжы, қаш т.б.), қалып етістіктері  (жүр, отыр, тұр жатыр), 
ойлау, сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, ескер, жатта), өсу-өну етістіктері 
(өс,  өн),  бағыт-бағдар  етістіктері  (бар,  кел,  әпер,  әкет),  көңіл-күй 
етістіктері  (жыла,  өкін,  күл,  қуан),  бейнелеу-еліктеу  етістіктері 
(жарқыра,  күркіре,  дүркіре,  сырқыра),  дыбыс-сес  етістіктері,  көру-
есту етістіктері, мінез-құлық етістіктері және басқа. 
Етістіктерді  сыртқы  түр-тұрпатының  ұқсастығына  сәйкес  немесе 
мағына-мазмұн  алшақтықтарына  қарай  омоним  етістіктер,  синоним 
етістіктер, антоним  етістіктер деп те жікке айыруға болады. 
Етістікті  мағынасына  сәйкес  топтау  белгілі  бір  мақсатқа 
негізделіп  жүргізіледі.  Етістіктерді  жоғарыдағыдай  саралау–  тіл 
білімінің лексикология, лексикография, семасиология, стилистика, тіл 
тарихы  ғылымдары  үшін  қонымды  болғанымен,  грамматиканың 
талап-талғамы  үшін  ұтымды  бола  қоймайды.  Сондықтан,  етістіктің 
грамматикалық  формалар  мен  функцияларын  дұрыс  анықтау  үшін 
етістік  сөздерді түбір форма мен туынды формаға, туынды форманы 
аналитикалық  және  синтетикалық  түрге  орай  жіктеу  керек  болады. 
Бұлай  жіктеу  тиімді  әрі  қонымды  болады.  Себебі,  грамматикалық 
семантика сөздің құрылысы мен құрамына байланысты болады. 
Қазақ  тіліндегі  байырғы  түбір  етістіктерді  грамматикалық 
семантикасына және негізгі функциясына қарай үш салаға бөлеміз: 
Бірінші  сала.  Негізгі  функциялы  етістіктер.  Бұл  салаға  өзінің 
негізгі  лексикалық  мағынасын  толық  сақтаған,  соған  сәйкес 
грамматикалық  қызмет  атқаратын  түбір  етістіктер  жатады.  Бұл 
етістіктер өзінің негізгі мағынасын үнемі сақтап отырады. Және үнемі 
жетекшілік  қызмет  атқарады.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  түбір 


 
81 
етістіктердің  басым  көпшілігі  осы  топқа  жатады.  Мысалы,  айт,  ас, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет