114
өзге етістіктер сияқты жіктік жалғауын қабылдамайды. Сондай-ақ,
етістікке тән есімше, көсемше, рай, шақ, жақ формалары қимыл
атауына тікелей жалғана алмайды. Қимыл атауларына есімдер сияқты
септік, тәуелдік, көптік жалғаулары жалғана береді.
Етістіктен қимыл есімнің формасы арқылы туған кейбір сөздер
қимыл
атауы
ретінде
қолданумен
қатар
субстантивтеніп,
адъективтеніп зат есім, сын есімдер қатарына көшкен. Бұл құбылыс
әлі де жүріп жатыр. Мысалы,
бұрау, жамау, егеу, тісеу, жазу, оқу,
кебу /отын/, түзу /жол/, жібу т.б.
Қимыл атауына өнімді сөз тудыратын зат есімнің жұрнақтары
жалғанып /-лы, -сыз, -шы, -лық, -шылық, -ыш, -дай/ туынды есімдер
жасала береді:
жазулы, байлаулы, айтушы, жазушы, жалғаулық,
түйреуіш, жазушылық т.б.
Зат есімге айналған қимыл есімдерін Ы.Е.Маманов мынандай
топтарға бөледі:
1.Үй бұйымдары және құрал-сайман аттары: жабу, қашау, егеу,
сабау, тіреу, бояу, көсеу т.б.
2.Мекен-жай атаулары: қыстау, жайлау, күзеу, бастау, асу т.б.
Дерексіз ұғымды білдіретін зат есімдер: үстеу, қалау рай, жалғау,
шылау.
Рай категориясы. Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен,
сөйлемде көбінесе әрекет иесінің пікірі, іс-әрекеті шындыққа
қаншалықты қатысты екенін көрсетіп, модальділік мәнге ие болып
отырады. Мұны етістіктің райлары дейді. «Ауа райы» деген тіркесте
де, байқасақ, ауаның райы, яғни мінезі туралы мәлімет береді.
Ендеше, етістіктің райы дегеніміз әрекеттің мінезі, яғни бір нәрсені
қалау, бұйыру, шарт қою дегенді білдіреді. Қазақ тілінде етістіктің
төрт райы бар: шартты рай, бұйрық рай, қалау рай, ашық рай.
Достарыңызбен бөлісу: