Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет96/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

4.10 Қазақ тіліндегі модаль сөздер 
 
Модаль  сөз  сөйлемнің  мазмұнына  сөйлеушінің  көзқарасын 
білдіреді.  Грамматикада  модаль  сөз  бөлек  қарастырылғанымен, 
қазіргі  функционалды  –  семантикада  модальділікті  білдірудің  бір 
құралы  саналады.  Модальділік  етістік  райлары,  қыстырма  сөздер, 
демеулік  шылаулар  арқылы  көрінеді.  Модаль  сөз  тұлғалық 
құрылымына  қарай  есімді  (керек,  қажет,  тиіс,  сияқты,  сықылды, 
тәрізді,  секілді,  бар,  жоқ,  т.б)  және  етістікті  (екен,  шығар,  болар, 
дейді, көрінеді, білем, т.б) болып бөлінеді. Модаль сөздің модальділік 
мәні  әр  түрлі.  Кейбір  сөздердің  лексикалық  мағынасының  өзі 
модальды болады, ал білем, көрінеді сияқты сөздері негізгі мағынамен 
қатар  модальділікті  де  білдіреді.  Мысалы,  Өрістегі  мал  осы  жерден 
жақсы  көрінеді.  Мен  оны  беске  білем.  деген  сөйлемдерде  көрінеді, 
білем  сөздері  тура  мағынасында  тұрса,  Астық  биыл  мол  көрінеді. 
Үйіне  жетті  білем  дегенде  модаль  сөз  қызметінде  жұмсалған. 
Модальділік  өрістер  қатарына  мүмкіндік,  қажеттілік,  қалаулық, 
болжалдық,  міндеттілік,  бұйрықтық  мағыналар  жатқызылады. 
Сөйлемде  модаль  сөз  келер  шақ  баяндауышының  құрамында 
кездеседі, қыстырма сөздер қызметінде де қолданылады. 
«Модаль»  термині  латынның  «мере»  деген  сөзінен  алынған. 
Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан–
сала  болмыс  түрлері,  белгілі  бір  заттың  сын  қимылы,  іс–әрекеті 
сөйлемде  жалпы  жалаң  хабар  түрінде  ғана  айтыла  салмайды. 
Сөйлеушінің  осы  хабар  туралы  пікірі,  яғни  сөйлем  мазмұнының 
ақиқат  шындыққа  қатынасы  жөніндегі  оның  көзқарасы,  әдетте,  қоса 
беріліп  отырады.  Сөйлем  мазмұнының  ақиқат  шындыққа  қатынасы 
және сөйлеушінің ол жөніндегі пікірі тіл білімінде, әдетте, сөйлемнің 
модальділігі деп аталады. Сөйлемнің модальділігі тіл білімінде жалпы 
объективті  модальділік  және  субъективтік  модальділік  деп  екі 
тұрғыдан  қарастырылады.  Мысалы,  сөйлем  мазмұнының  ақиқат 
шындықпен  сәйкестігі  объективтік  модальділік  деп  аталады.  Бұл 
көбінесе  райлар  арқылы  беріледі.  Субъективтік  модальділік  сөйлем 
мазмұнының  ақиқат  шындыққа  қатынасы  жөніндегі  сөйлеуші 
көзқарас  пікірін  айтады.  Бұл  модальділік  арнаулы  жеке  сөздер 


 
147 
арқылы  беріледі.  Сөйлемнің  модальділігі  әр  алуан...  Ол,  әсіресе, 
экспресивті, эмоциялық мағыналармен де ұқсас келеді. Модаль сөздер 
төркіні соңғы кезде ғана сөз болып жүр. Е.И.Убрятова, Н.А.Баспанов, 
Н.Ж.Дмитриев, А.Н.Кононов, В.В.Виноградов т.б ғалымдар сөйлеуші 
адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып, бөлек 
талдайды.  Модальдық  реңк  одағайларда  да,  қыстырма  сөздерде  де, 
сұраулық шылауларда да кездеседі.  
Сөйлем  мазмұнының  ақиқат  шындыққа  қатынасы  жөніндегі 
сөйлеушінің  пікірін  білдіретін  мұндай  арнаулы  сөздерді  модаль 
сөздер дейді (пікірлеуші сөздер деуге де болады). Сөйлеуші адамның 
сөйлеу  мазмұны  жөніндегі  пікірін  білдіру  үшін  қолданылатын 
осындай  арнаулы  модаль  сөздер  өздерінің  құрамы  жағынан  түрлі–
түрлі  болып  келеді.  Модаль  сөздер  өздерінің  лексикалық  және 
грамматикалық  белгілеріне  қарай  есім  сөз  табынан  да,  етістіктен  де, 
көмекші  сөзден  де  кейбір  басқа  сөз  таптарынан  да  бола  береді. 
Мысалы,  мүмкін,  шамасы,  рас,  әрине,  тәрізді,  зайыры,  әлбетте, 
бәлкім  –  синтаксистік  функциясы  жағынан  қыстырма  сөздер.  Ал, 
мағыналық  ерекшелігі  жағынан,  яғни  сөйлемдегі  ой  жөнінде 
сөйлеушінің  пікірі  қандай  –  мақұлдай  немесе  күдіктене  не  біржола 
айта ма, әлде нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан алғанда бұлар 
–  модаль  сөздер.  Өйткені  кейінгі  жылдардағы  көптеген 
лингвистикалық  әдебиеттерде  сөйлеуші  адамның  сөйлеу  мазмұны, 
яғни  ондағы  айтылған  ой  жөніндегі  күдігін  я  болжамын,  мақұлдау 
пікірін  не  қалауын,  не  оның  нық  сенімін  осылар  тәрізді  басқа  да 
пікірін  білдіретін  сөздерді  модаль  сөздерге  жатқызады.  Модаль 
сөздер қазіргі қазақ  тілінде сан жағынан оншалықты көп емес. Бірақ 
олар өздерінің қолдану ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді. 
Мысалы,  білем,  көрінеді,  керек,  тәрізді  біраз  сөздер  күнделікті 
қолдану 
процесінде 
бірте–бірте 
грамматикалицазияланып, 
лексикалық  мағынасының  сыртында  модальдық  мағынаны  да 
білдіреді.  Бұлардың  модальдық  мағынасы  әуелгі  лексикалық 
мағынасының  негізінде  кейіннен  қалыптасқан.  Мысалы,  мен  оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет