150
жүргеніміздің біразы – шын мәнінде бөтен текті, кірме құбылыстар
немесе тілдің даму барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер.
Сияқты модаль сөзі тарихи тұрғыдан алғанда араб тілінде
«форма, вид, формальност, формула» ұғымын білдіретін
сыйах –
сиакъ зат есіміне барып саяды. Сияқты модаль сөзінің бұл этимондық
нұсқасы кейбір түркі тілдерінде қазір де қолданылады. Осы орайда,
«қазақ тілінің диалектологиялық сөздігіндегі» (1969) мына бір тіл
құбылысы да көңіл аудартады: «сыйқыл, сияқты, ұқсас». Бұл тіл
құбылысы өзінің қолданылу аясы жағынан локальдық сипатқа ие. Ол
өзінің семантикасы және қызметі жөнінен жоғарыдағы
сияқты –
сиықты – сияқатты – сиқатты модаль сөздерімен синонимдес
болып келеді. Өзінің сөздігінде түбір қалпында бұл сөзді Л.З.Будагов
та келтіреді. Бұл айтылғандарға қарағанда, жоғарыдағы
сықылды
модаль сөзінің осы сықыл түбіріне
–ды жұрнағы жалғану арқылы
жасалғаны айқын аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: