Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет99/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Тәрізі,  тәрізді  модаль  сөздері  тарихи  тұрғыдан  тәріз  түбірінен 
барып саяды. Мұның, яғни  тәріз лексемасының шығуы басқы, түпкі 
ұғымы әлде бір заттың немесе әрекеттің белгісімен, сырт тұрпатымен, 
формасымен тығыз байланысты боп келеді. Тәріз де өзінің шығу тегі 
жағынан  жалпы  араб  сөзі.  Тәрізі,  тәрізді  қазақ  тілінде  де  таза  түбір 
қалпында  қолданады.  Мұндайда  ол  дағдылы  модальдық  мәнінен 
ажырайды. 
Осы  орайда,  тақылетті  сөзіне  де  қысқаша  тоқтала  кетуге  тура 
келеді.  Бұл  –  түбірі  тақылет  араб  тілінен  енген  сөз.  Мағынасы 
жағынан  жоғарыдағы  сияқты,  сықылды,  тәрізді,  секілді,  сынды 
модаль  сөздерімен  синонимдес.  Қазақ  тілінде  модальдық  болжал 
мағынада  қолданылатын  бұл  аталғандардан  басқа  жекелеген 
лексемалар  бар.  Олар  –  іспетті,  рәуішті  сөздері.  Бұлар  негізінен 
белгілі  бір  аймақта  ғана  қолданылатын,  локальды  сипаттағы  тіл 
құбылыстары. Рәуіш+ті=рәуішті, іспет+ті=іспетті. Рәуіш – парсы сөзі, 
іспет – араб сөзі.  
Қазақ  тілінде  модаль  сөздер  қатарына  әлпетті  лексемасын  да 
жатқызуға  болады.  Бірақ  бұл  жоғарыда  талданған  модаль  сөздермен 
салыстырғанда модальдық қызметте біршама сиректеу қолданылады, 
кейбір  жазушылардың  шығармаларында  ғана  кездеседі.  Мысалы, 
Түрлері  бұзылған.  Асынғаны  көкбеңбек  темір.  Бірдеңе  пәле  іздеп 
келген  әлпетті.  (М.Әуезов).  Аталмыш  модаль  сөздің  түбірі  әлпе 
тұлғасы тілімізде кейде өз алдына дербес қалпында –ті жұрнағынсыз 
да  қолданылады.  Қазақ  тіліндегі  әлбетте  мен  әлпеті,  әлпет,  әлпеті 
дегендер генетикалық жағынан бір–бірімен тығыз байланысты.  
Ал  зайыр  сөзі  республикамыздың  барлық  өңірінде  емес,  кейбір 
төңірегінде  ғана  қолданылады.  Бұл  лексемада  қазақ  тіліне  араб 


 
151 
тілінен  енген.  Атап  айтқанда,  заһір  –  видный,  очевидный.  Зайыр 
модаль  сөзі  қазақ  тілінде  осы  мағыналарды  түгел  дерлік  сақтаған 
деуге  болады.  Мысалы,  ол  сөйлеушінің  айтылған  хабар  жөніндегі 
болжамын  білдіргенде  қыстырма  мүше  ретінде  синтаксистік 
позицияда зайыры түрінде қолданылады.  
Зайыр  қазақ  тілінде  сондай–ақ  «ясный,  ясно,  очевидно»  тәрізді 
мағынада  да  кейде  қолданылады.  Мысалы,  Даладағы  құптанның, 
үйдегі  құптанның  малман  салмағын,  қою  қара  тынысын  ішінен,  іш 
тереңінен  зайыр  сезген  (Сүлейменов).  Ал  осы  сөздің,  яғни  зайыр 
есімінің мына бір мағынасы тіптен ала бөтен. Оның бұл арада қандай 
мәнде  қолданылып  тұрғанын  ажырату  да  қиын:  Зорлықтан  зәресі 
ұшқан  сорлы  ауылдың,  Сонда  өшкен  зайырынан  зар  менен  мұң. 
(Мусин) 
Зайыр бұл өлеңде «ес, сана, ой» деген тәріздес мағына білдіретін 
сияқты.  Тіліміздегі  зайыры  сөзінің  модальдық  семантикасын 
неғұрлым  нақтырақ  әрі  толығырақ  тани  түсу  үшін  оның  әр  аймақта, 
әр алуан жазба нұсқаларда білдіретін әр түрлі мағыналық реңктерінен 
әдейі осылай кеңірек тоқталып отырмын.  
Қазіргі  түркі  тілдерінің  қай–қайсында  да,  солардың  қатарында 
қазақ  тілінде  де  модаль  сөз  қатарында  қаралып  жүрген  керек  
лексемасы  көне  түркі  ескерткіштерінде  өзінің  осы  күнгі  белгілі 
«қажет»  мағынасынан  мүлдем  өзгерек  мәнде  келтіріледі:  інім  тігін 
кдrgдк  болты.  Мой  младший  брат  Кюль  –  Тегин  скончался.  Кдrgдк 
нужное; кдrgдк конец (смерть, судьба), кдrgдкsiz без конца (Малов).  
Бұл  жерде  жоғарыдағы  «қажет»  мәніндегі  кдrgдк  пен  ақыры, 
соңғы,  біткен  ұғымындағы  кдrgдк  араларындағы  мағыналық 
алшақтық  елеулі  болғанымен,  екеуі  генетикалық  жақтан  түбі  бір 
құбылыс болар–ау деген ой келеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет