163
соңғы мысал байланысы жалғаулық шылау арқылы түйдекті тіркес
пен жеке сөздік тұлға синтаксистік байланысқа түскен.
Ғалымдар арасында (Ә.Аблақов, Т.Сайрамбаев)
Өзенге қарай
беттеді, терезенің алдында тұр, Асан дегеннен алдым тіркестерінің
мәнін ашуда бірізділік жоқ. Бұл жерде тек синтетикалық тәсіл қызмет
етеді. Себебі ондағы көмекші сөздер байланыстырмайды деп таниды.
Дұрысы осы. Мұнда көмекші сөздер арқылы түйдектелген сөздерге
қосылған септік жалғаулары байланысу амалы қызметін атқарған.
Сондықтан синтаксистік құралдың үшінші түрін ұсыну дұрыс емес.
Синтаксистік құрал көрінісі құрмаластық құрылымда тіпті айқын.
Тек онда синтетикалық тәсіл амалы ретінде жалғау түрлері емес,
алғашқы сыңар баяндауышының көсемше, есімше, шартты рай
тұлғаларында жұмсалуы беріледі. Мұны синтетикалық тәсілдің кеңею
жолдары деп түсінген жөн. Қараңыз:
Ауылдан келген үш-төрт кісі,
Аманжол, Қасендер қонақ үйге шам жағып, көрпе салып болмай-ақ,
үсті-басы қырау, қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар кіре
бастады (С.Көбеев).
Балықшы қарттың момын жүзін көргенде,
мамасы, анау өзінің адуынды түрінен ыңғайсызданып қалған сияқты
(Ә.Нұрпейісов). –
Ол балаларымның анасы. Жақсы анасы болса,
жақын досым. Оған қанағат қылмаса, бетінен жарылғасын
(М.Әуезов).
Синтетикалық тәсіл сөздердің бір-бірімен қосымшалар арқылы
байланысуына негізделеді. Тілдегі төрт түрлі жалғау жеке сөздің
тұлғаларды байланыстыруға өз мүмкіндігінше қатысады. Жалғаулы
болып келген сөздердің сөйлем ішіндегі орын тәртібі біршама еркін,
өйткені оларға қатысты сөздер сол жалғаудың қызметінен табылып
жатады.
Көптік жалғаудың грамматикалық көрсеткіші – -лар/лер
және оның варианттық тұлғалары. Сөйлем ішіндегі түрлі
сөзтұлғаларды байланыстыруда көптік жалғаудың қызметі бірер
тұста ғана байқалады.
Балықшылар жан-жақтан жүгіріп кеп жатыр
деген сөйлемдегі -лар тұлғалы сөзтұлға
кеп жатыр сөзтұлғасымен
көптік жалғауынсыз-ақ байланысады. Мұндайда сөйлем ішіндегі
сөзтұлғалық тіркесімдер көптік жалғауынсыз қолданысқа түсе береді.
Ал
сендер оқыдыңдар тіркесімі
сен оқыдыңдар немесе
сендер
Достарыңызбен бөлісу: