Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет104/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

романдарды  күндіз  оқуға  тоймай,  түн  жарығымен  де  оқығысы 
келеді.   
Бағыныңқылық  қызмет  мәтін  синтаксисінде  де  болады.  Ондайда 
кез келген тілдік бірлік жеке мәнмәтін үшін байлаулы қызмет атқара 
алады. Дегенмен  мұндай қызметте тұруға есімдік түрлері, оқшау сөз 
түрлері,  көмекші  сөздер  бейім  келеді.  Жеке  сөйлемдердің  де 
қайталанып  келіп,  мәнмәтін  сыңарларын  байланыстыруы  жиі.  Жеке 
компоненттердің сатылы байланысуы да осыған байлаулы. 
3)  Орайлас  байланыс  –  бұл  екі  жақты  байланыс.  Ғалым 
С.Исаевтың  пікірінше,  мұнда  салалас  байланыста  болатындай 
бірыңғайлық,  тең  дәрежелік  немесе  сабақтаста  болатындай 
бағыныңқылық  жоқ.  Мұндай  байланыс  қарама-қарсы  түрде  бірінші 
сыңардан екіншіге немесе керісінше, екіншіден біріншіге сұрақ қоюға 
болады  және  екі  сыңардың  орнын  алмастыруға  болады.  Ең  ақыры, 
бұл  тек  жай  сөйлем  және  құрмалас  сөйлем  компоненттері 
синтаксисіне  тікелей  қатысы  бар.  Тек  осы  орайлас  байланыс 
нәтижесінде  ғана  сөйлем  түзіледі.  Мысалы,  Аңшы  ауыр  күрсінді 
(Ғ.Мүсірепов). Аңшы не істеді? немесе  Күрсінген кім?  деген қарама 
қарсы сұрақ қойылады.   
Құрмалас сөйлемнің ішкі құрылым жүйесінде де кемі екі орайлас 
байланыс  болады.  Бұл  -  оның  негізгі  өлшемінің  бірі.  Тиянақты 
тұлғалыға  сұрақ  қою  жеңіл,  тиянақсыз  тұлғада  аяқталған  сыңарға 
сұрақ  беру  қисынсыз.  Бірақ  бұл  арада  сыңар  соңындағы  тұлға 
шешуші  рөл  атқара  бермейді.  Мәселен,  мен  барып  тұлғасына  мен 
қайтіп  сұрағын  беріп,  күрделендірудің  қажеті  жоқ,  қайта,  мен 
қайттім деп айта беру дұрыс болады. Құрмалас түрлеріне мысалдар 
келтірсек,  төмендегі  негізгі  мүшелер  (бастауыш,  баяндауыш) 
байланысы орайластық қызмет көрінісі болып есептеледі: Жастар бір 
бөлек әзілдесіп отыр екен, мен де соларға қосылдым (Б.Майлин). Дәл 
осы кезде есік сарт етіп ашылып, Наргүл кіріп келді (Р.Тоқтаров).  
Мәтінішілік  сөйлемдерде  орайлас  байланыстың  қызметі  артады. 
Жеке  сөйлемдердің  әрқайсысының  бойынан  табылған  орайластық 
сандық  тұрғыдан  көбейеді.  Мысалы,  Бұл  қалаға  аға  сұлтан  көп 
туысқанын, көп нөкерін ертіп келген. Құнанбай пәтерінің маңындағы 
үш-  төрт  кварталдың  әрқайсысында  өзді-өз  тобымен  ошарылып 
орнап  жатқан  Майбасар  мен  Құнанбай  пәтерлерінен  күндіз–түні 
табылып  тұратын  тілмаш,  стражниктер  болады.  Майбасарға 


 
160 
тиісті  атшабар  Қамысбай,  Жұмағұлдан  басқа    Құнанбайдың  өз 
жігіті,    өз    атшабары  -  Қарабас  та  бар.  (М.Әуезов).  Осы  шағын 
мәтінде  төрт  жеке  сөйлемдік  тұлға  бар.  Олардың  негізгі  мүшелері 
орайласа байланысудан түзілген. 
4)  Аралас  байланыс  –  бірбүтін  синтаксистік  құрылымда  жеке 
сөйлемдік 
құрылымдарды 
байланыстырудағы 
салаласу 
мен 
сабақтасудың  басын  біріктіретін  жаңа  байланыс  түрі.  Бұл    ерекше 
байланыс  түрі  үшін  кемі  үш  жай  сөйлемдік  үлгі  қажет.  Бұл  орайда, 
айтушы  еш  уақытта  қандай  құрылымда    сөйлейтінін  ойламайды.  Ол 
дайын  тұрған  тілдік  бірліктерді  пайдаланады.  Нәтижесінде, 
салаластық байланыс пен сабақтастық байланыстың араласа келуінен 
болады. Тіл білімінде, атап айтқанда, орыс, монғол, түрік тілдерінде, 
әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысу деп атау пайда болды. Ал қазақ 
тіл  білімінде  мұндай  байланысу  түрін  Н.Базарбаев  әрқилы  байланыс 
деді,  Б.Сағындықұлы  әртиптес  деп  атады,  ал  ғылыми  талдаулардан 
кейін  аралас  атауымен  қазақ  тіл    білімінде  орнықты.    Мысалы:  Үй 
маңында басқа байлық көрінбейді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз 
жетпеген  соң,  туырлық  орнына  ши  жасап  қойыпты  (Ғ.Мұстафин). 
Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттері сөзге айнылдырып бөгей 
тұрмақ  еді,  бірақ  оның  реті  келмей  қалды  (Ғ.Мүсірепов).  Алғашқы 
сөйлемде  жеке  сыңарлар  байланысуы  жарыспалы  түрде,  ал  екінші 
сөйлемде сатылы байланыстық қызмет болады.  
Міне,  әлем  тілдерінің  барлығында  танылған  синтаксистік 
байланыстың  салалас  және  сабақтас  түрі  қазақ  тіл  білімінде  де 
барынша дамуда. Сонымен қатар орайлас пен аралас байланыс түркі 
тілдері, оның ішінде қазақ тілі үшін аса зор рөл атқарады. Себебі тек 
осы  байланыстардың  қатысынан  сөйлемнің  ең  кіші  құрамы  (жай 
сөйлем) мен ең жоғарғы құрамы (аралас құрмалас) түзіледі.   
Қорыта  айтқанда,  синтаксистік  байланыс  және  оның  түрлері 
сөзтұлға  синтаксисінен  бастап,  күрделі  синтаксистік  бірлік 
аралығында болады. Синтаксистік байланыс түрлерін тілде бар басқа 
байланысу  тәсілдері  (аналитикалық,  синтетикалық)  мен  сөздердің 
байланысу  түрінен  ажырата  қарауымыз  керек.  Себебі  амал-тәсілдер 
жеке сөзтұлғаларды грамматикалық байланысқа түсірсе, синтаксистік 
байланыс синтаксистің барлық тармағы үшін жауапты, әрі үлкен күш 
көтереді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет