Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет117/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Хасанова  С.,  Әбдіғалиева  Т.,  Қасабекова  Қ.,  Шалабаев  Б.  Кестелі 
грамматика. – Алматы: Ана тілі, 1996. 154-б. 
2. Белошапкова В.А. Современный русский язык. Синтаксис. – М.: 
Высшая школа, 1977. 6-б. 
3. Ким Г.В., Булгакова Г.Ф., Тунгачина Ш.А. Синтаксис простого 
предложения. – Алматы: Ана тілі, 1995. 4-б.  
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1992. 33-б. 
Бекіту тапсырмасы: 
1-тапсырма. Бекіту сұрақтары 
1.  Қазақ тіліндегі сөзтұлға синтаксисі 
2.   Сөзтұлға синтаксисінің бірліктері 
 
 
3. СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ 
 
3.1 Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар 
 
      Түйдекті  тіркестер.  Сөздердің  өзара  тіркесу  қабілеттілігі 
әрбір  грамматикалық  ерекшеліктерге  негізделеді.  Оның  үстіне 
тіркескен сөздер тобының сапасы бір түрлі болмайды. Екі кейде одан 
да  көп  сөздер  тіркесіп  бір  лексикалық  түйдек  жасайды.  Себебі 
бұлардың  әрбір  сыңары  сөйлемнің  өз  алдына  дербес  мүшелері  емес, 
тұтасқан  күйінде бір  ғана  мүше  ретінде  қызмет  атқарады.  Әрі  ондай 
бірліктер  сөз  тіркесі  деген  категорияға  жатпайды,  қайта  оның  бір 
сыңары  болып  есептелетін    түйдекті    тіркестер      деп    аталады.  
Олардың негізін жеке сөз таптарының күрделілігі құрайды: Ол басын 
аздап қисайта түсіп, оң қолымен жағын таянып отырды да, үшеуін 
салыстыра  бастады  (К.Есенжанов).  Қалың  киімді,  қауқиған  үлкен 
денелі,  қайсар  жылқышы,  қазір  қанатынан  оқ  тиген  үлкен  қара 
құстай  көрінеді  (М.Әуезов).  Ана  тілің,  біліп  қой,  Бостандығың, 
теңдігің (Қ.Мырзалиев). 
Тіркес  тек  сөйлем  құрауға  немесе  сөз  тіркесіне  ғана  қатысты 
пайда  болмайды,  сондай-  ақ,  лексикалық,  грамматикалық  тұлғалар 
тудыру  үстінде    түйдекті  тіркестер  пайда  болады:  Ора  бастады  (не 
істеді?)  ат  үсті  (қалай?),  ауырдың  үстімен,  жеңілдің  астымен 
(қалай?)  күн  көру  т.т.  Екі  сөз  түйдегімен  бір  ана  мағына  береді 
немесе  шылау  сөздер,  модаль  сөздер,  көмекші  сөздер  тіркесіп  келіп, 


 
177 
түйдекті  тіркес  жасайды.  Олар  түйдегімен  сөз  тіркесінің  бір  ғана  
сыңары  болады.   
Экспрессивті лексиканың қатары да (аузы қышиды, ала аяқ т.т) 
көп  жағдайда    фразеологиялық,  идиомдық  тіркестер  немесе  тұрақты 
тіркес  деп  аталып,    түйдегімен    сөз  тіркесінің  бір  сыңарының      ғана  
қызметін  атқарады. Өйткені   тұтас күйінде бір ғана ұғымның  атауы 
ретінде  жұмсалады.  Тіркестегі  сөздер  даралауға  келмейді,  дара,  
дербес алынса,  бастапқы ортақ лексикалық мағынасы  жойылады. 
Тілде  түйдекті  тіркестер  жасалуының  негізгі  белгілері  де 
анықталды.   
1.  Зат  есіммен  тіркескен    көмекші  есімдер  түйдекті    тіркес  
жасайды  да,  олардың  өзі  тәуелдік  жалғаулы  болып  келеді  де,  ілік 
септік жалғаулы есім сөзбен матасады: тымақтың үстіне (көйлектің 
сыртына, жотаның астында т.б.   
2.  Екен,  еді,  емес,  етті,  деді,  қыл,  жазда  формантты  етістіктер  
нақтылы  көмекші  етістік  деп  аталады.  Аталған    көмекші  етістіктер 
негізгі етістікпен тіркесіп  келіп, түйдекті  тіркес құрайды:  қалған еді. 
бетің-жүзің бар демей,   дегендей етіп т.б.   
3.  Олар  басқа  сөз  таптарымен  де  тіркесіп,  оны  түйдектеуге 
әкеледі.  Басқа  сөз  таптарымен  тіркескен  кез  келген  етістік  тек  қана 
көмекшілік қызмет атқарады:  «Жалпақтың» елінен екеніңді, бар екен
жоқ едікүл болды, т.б.    
4.  Түйдекті  тіркесті  бейтарап  (модаль)  сөздер  көмекшілік 
қызметте  тұрып    та  жасайды.    Бұл  қазір  барынша  жандана  бастаған 
тұлға.  Мұндай  қызметтегі  бейтарап  сөздер,  көбіне,  сөйлем  соңына 
қарай  келеді:  күтіп  отырған  сияқты,  қалған  сыңайлы!,  сөйлесуіміз 
керек,  т.б.    
5.  Түйдекті  тіркесті  атау  септігінен  басқа  септік  тұлғасымен 
тіркесімге  түсетін  септеулік  шылаулар  да  тудырады.  Бір  жылға 
шейін, босағаға қарай, аздан соң жотаға қарай, т.б.  
Атаулық  тіркестер.  Атаулық  тіркестердің  алғашқы  сатысында 
сөз  тіркесімділік  қасиеті  болған.  Мысалы,  тілдегі  мал  дәрігері,  қант 
қызылшасы 
сияқты 
синтаксистік 
тұлғалар, 
бір 
қарағанда, 
грамматикалық  амалдардан  аулақтап  кетпеген  боп  танылады.  Бірақ 
бұлар синтаксистік тіркес сипатынан айрыла бастаған. Мысалы: Биік 
сүйек  төсек  жанында  дөңгелек  столға  шынтақтап,  оңаша  ғана 
отырған  Абайға  есіктен  кірген  самал  да  жайлы  (М.Әуезов). 
Мұндағы  сүйек  төсек  тұлғасы  құрамындағы  сөздер  синтаксистік 
қатынастан  арылып,  тұрақтанып  лексикаланған.  Әрқайсысы  жеке-
жеке  қолданудан  гөрі  сөйлемде  дайын  бүтін  ретінде  жұмсалған.  
Кішілеу,  шағын  үйдің  ішіне  айнала  текемет,  түскиіз,  түкті  кілем 
ұсталған  (М.Әуезов).  Бұл  сөйлемде  сырт  тұлғасы  жағынан  ұқсас 


 
178 
түскиіз,  түкті  кілем  сынды  тіркестер  бар.  Алайда  бұлардың 
қолданылуында  өзіндік  ерекшелік  бар.  Түскиіз  тіркесі  екі  сөздің 
бірігуі  арқылы  бір  заттың  атауын  білдіретін  күрделі  сөз  болса,  ал  
түкті  кілем  тіркесі  екі  сөздің  қабысуы  нәтижесінде  пайда  болған 
жаңа  бірлік  (атаулық  тіркес).  Морфологияда    бұларды    тіркескен  
түбір деп атайды.  
Атаулық тіркестер жөнінде К.Аханов, Т.Сайрамбаев, М.Балақаев, 
С.Исаев,  Ә.Аблақов  сынды  ғалымдар  өзіндік  пікір  білдірді.  Атаулық 
тіркестердің  тұрақталып,  лексикалық  бірліктер  қатарына  жетуі 
біркелкі  емес.  Олардың  бірқатары  осындай  дәрежеге  жетсе,  енді 
бірқатары  синтаксистік  тіркестер  қызметінен  әлі  де  болса  айрыла 
қойған  жоқ.  Атаулық  тіркестер,  негізінен,  орыс  тіліндегі  терминдік 
лексикадан  қазақ  тіліне  аударма  түрінде  пайда  болды:  договор  – 
келісім  шарт;  пенсия  –  зейнет  ақы.  Бұл  тіркес  қазір  бірігу  амалына 
бағынып кетті. Екіншіден, орыс тіліндегі тіркестердің әсерінен қазақ 
тілінде жаңа тіркестер  пайда болды:  ашық хат  – открытое письмо; 
күн тәртібі  – повестка дня. Тілдің  ішкі даму заңдылықтарына орай 
қалыптасқан атау мәнді тіркестер саны да баршылық: қазақ әдебиеті; 
жатыс  септігі;  батырлар  жыры.  Осы  тәріздес  сөз  орамдарының 
синтаксистік тіркестерден де айырым жолдары бар. Сондықтан бұлар 
атаулық  тіркестер  деп  аталады.  Номинативті  немесе  атаулық 
тіркестер  қызметінде    жұмсалатындардың  өзі  фразалық  және 
фразалық  емес  деп  іштей  бөлініп,  фразалыққа  терминдік  тұрақты 
атаулар (қант қызылшасы, қызыл бұрыш), ал фразалық емес қатарына 
газет-журнал, кітап, шығарма атаулары жатқызылып жүр.  
Тілдегі атаулық тіркес пен фразеологиялық тіркестің өзара ұқсас 
жағы  –  олардың  құрамындағы  сөздердің  орны  тұрақты  болады. 
Айырмашылығы - фразалық тіркестің синонимдік қатары болады, ал 
ондай  қасиет  атаулық  тіркесте  болмайды.  Атаулық  тіркестердің 
басыңқы  немесе  тіркес  құрауға  ұйытқы  болған  діңгек  сөзі  негізінен 
анықталушы  сөз  болып  көрініп  тұрады.  темір  жол,  аяқ  киім,  бас 
киім,  қара  жол,  еңбек  кітапшасы  тіркестеріндегі  алғашқы  сыңарлар 
діңгек  сөздер    болып  танылады.  Осы  жағынан  еркін  сөз  тіркесіне 
жақын.  Бірақ  олар  орын  тұрақтылығын  сақтайды  әрі  заттың  атауын 
білдіретін  қасиетінен  айрылмайды.
 
Осы  ерекшеліктеріне    қарай 
синтаксисте  атаулық  тіркестер  мен  фразалық  тіркестер  тұрақты 
тіркестер деген  бір атаумен аталып, бір категорияның екі түрі  болып  
танылады.  Сол  сияқты  газет,  журнал,  кеңсе  атауларын  да 
номинативті  тіркестердің  қатарында  қарастырғанмен,    профессор 
С.Исаев мұндай тіркестерді атаулық тіркестер деп атауды ұсынады. 
Тіл білімінде тіркес атаулы екі үлкен топқа: еркін сөз тіркестері және 
фразеологиялық  тіркестер  немесе  идиомалық  тіркестер  деп  бөлініп 


 
179 
қарастырылатын    айта  келіп,  осы  екі  топтан  да  айырмашылығы  бар 
тіркестерге  тоқталады.  Олардың  бір-бірінен  айырмашылығын 
мысалдар  арқылы  дәлелдейді  де,  «...атаулық  тіркестердің  басыңқы 
немесе  тіркес  құрауға  ұйытқы  болған  діңгек  сөзі  көрініп  тұрады... 
Беретін  мағынасы,  негізінен,  заттың  я  құбылыстың  атауы 
болғандықтан,  оларды  атаулық  тіркестер  деп  бөліп  отырамыз»,  - 
дейді.  Оған  ашық  хат,  аяқ  киім,  кәмелеттік  аттестат,  балалар 
бақшасы,  Алматы  қаласы,  Арал  теңізі,  опера  және  балет  театры 
т.б тәрізді тіркестерді атаулық тіркестердің қатарына мысал  етеді.  
     Сонымен, номинативті тіркестер немесе атаулық тіркестер 
–  еркін  тіркестер  мен  біріккен,  кіріккен,  сондай-ақ,  күрделі  сөздер 
аралығындағы,  яғни  белгілі  бір  атауға  көшіп  бара  жатқан  тіркестер. 
Мұндай тіркестерді тұрақталған атаулар деп те атауға болады.  Бұдан 
шығатын қорытынды – сөз тіркесіне номинативті қасиет тән емес, ол 
күрделі сөздерге тән қасиет.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет