Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


Сөзтұлға синтаксисінің бірліктері



Pdf көрінісі
бет116/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
2.2 Сөзтұлға синтаксисінің бірліктері 
 
Синтаксистегі  «сөздің»  беретін  ауқымы  өте  кең.  Ол  синтаксисте 
өзінің  лексикалық  тура  мағынасында,  сөзжасамдық  туынды 
мағынасында,  сондай-ақ  күрделі  сөз  түрлері  ерекшелігі  мен  түрлі 
тіркес  белгілерінде  жұмсалады.  Сонымен  қатар,  оның  түрлі 
түрленімге түсіп, морфологиялық белгіге ие болады.    
Жеке  дыбыстардың  тіркесімін  қажет  ететін  сөз  олардың 
нәтижесінен  пайда  болатын  мағынаға  тәуелді.  Сол  сияқты  бір 
мағыналы  сөз  дыбыстық  тіркесімнен  құралады  жа,  одан  дыбысқа 
тәуелділігі туындайды. Мұндай байланыстағы тілдік бірлік, яғни сөз, 
дәл  осындай  келесі  бір  сөзбен  қиюын  тауып  мағыналық  байланысқа 
түсіп отырады. Бұл – оның синтаксистік белгісі.  
Сөйлем  ішіндегі  сөздер  тек  түрленім  нәтижесінен  ғана 
қиындасады.  Бірақ  оның  жеке  лексикалық  мағынасы  жойылмайды. 
Мұндай  мағынасы  жоқ  көмекші  сөздер  мен  одағай  сөздер  жеке 
бірліктен  гөрі,  тіркестік  бірлікке  жақын:  Бір  әйел  қолтығындағы 
шумақталған  көп  қағаздан  жиылыста  отырғандарға  таратты 
деген  мысалда  тоғыз  сөзтұлға  бар.  Бәрі  жеке  сөздің  қызметінен 
туындаған. Жеке  сөздер тек түбір күйінде (бір, әйел, көп) ғана емес, 
туынды  түбірлік  (қолтығындағы,  шумақталған,  жиылыста,  таратты) 
және  сөз  негізінен  (қағаздан,  отырғандарға)  жасалған.  Осы  сөздер 
қажеттіліктен өзара тіркеседі де, дайын  сөз  тіркесі арқылы сөйлемге 
енеді.  Бірақ бұлар сөйлемдік дәрежеге дейін бірнеше сатыдан өтеді. 
Алдымен,  бір-біріне  тікелей  қатысты  сөздер  өзара  жұптасып 
байланысады, содан соң ғана жеке сөз тіркесінің сыңары не болмаса 
жеке сөйлемге материал болады. 


 
175 
Ендеше,    сөз  тіл  білімінде  лексикология  мен  семасиологияның 
зерттеу  объектісі  болуымен  қатар,  сөздің  сөз  тіркесінің  сыңары 
болуы,  сөйлем  мүшесі,  кейде  сөйлем  қызметінде  жұмсалуы  - 
синтаксистің де зерттеу обьектісі бола алатындығын дәлелдейді.  
Дара сөздер сөзжасамдық тәсілдермен күрделі сөздерді құрайды. 
Олардың  ішкі  сыңарларын  бөлшектеп,  басқа  мағыналы  бірлік  алуға 
болмайды.  Сондықтан  күрделі  сөздер  де  жеке  лексикалық  бірлік 
болып  табылады.  Кемі  екі  түбірдің  тіркесімінен  тұрып,  әр  алуан 
тәсілдер  негізінен  жеке  лексикалық  бірлікке  жеткен  мұндай 
сөзтұлғалардың    тұрақталған  атауы  –  күрделі  сөздер.  Сондай-ақ, 
күрделі сөздер  сөзжасамдық бірлік ретінде жұмсауға келеді. Күрделі 
сөз  жеке  лексикалық  бірлік  болған  соң,  ішкі  сыңарларын  ажырату 
синтаксис  үшін  негізгі  нысан  емес.  Синтаксистің  қарастыратын 
мәселесі - дайын тұрған тілдік бірлікті қатынасқа енгізіп отыру.    
Ғалым    К.Аханов  күрделі  сөз  бен  сөз  тіркесін  ажырататын  үш 
белгіні  көрсетіп  берді:  1)  Семантикалық  тұтастық  белгі  –  күрделі 
сөз құрамындағы әрбір сыңарлардың мағыналық және грамматикалық 
дербестілігі  күңгірттеніп,    біртұтас  мағынаға  ие    болады;  2) 
Морфологиялық тұтастық белгі – күрделі  сөз де,  жалаң сөз сияқты 
көптеледі,  септеледі,  жіктеледі.  Ондай  кезде  оның  сыңарларының 
әрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға 
ие  болады;  3)  Синтаксистік  тұтастық  белгі  -  күрделі  сөз 
сыңарларының  арасында  синтаксистік  қатынастар  сақталмайды; 
құрамдағы әрбір сыңар өз алдына дербес мүше бола алмайды, мұндай 
қасиетті күрделі сөз тұтасқан күйінде атқарады  және  күрделі сөздің 
әрбір  сыңары  сөйлемде  басқа  сөзбен  өздігінен  қатынасқа  түсе 
алмайды.  Мысалы,  қазіргі  ақ  қайың,  боз  торғай  сөздерін  жеке-жеке 
сөз  тобы  деп  айтуға  келмейді.  Сол  сияқты  сөздердің    кірігу  мен 
бірігудің  түп-төркіні  десек  те  болады.  Себебі  оның  бастапқы  амалы 
осы  болатын.  Мәселен,  қарлығаш  -  қара  ала  құс  немесе  білезік  - 
білектің  жүзігі  сөздерін  жеке  дыбыстардың    түсіп  қалуы  немесе 
жұтылуы күрделі сыңардың дыбыстық құрамының азаюына әкелгенін  
көрсетеді.    
Мұндай ерекшеліктер сөздердің қосарлануына да тән. Қосарлану  
тәсілінің  үш  амалы  бар:  а)  жеке  түбірлердің  еш  өзгеріссіз,  тұлғалық 
белгілерін  сақтап  толық  мағыналы  сөздердің    қосарлануы,  мәселен, 
екі-үш,  сылқ-сылқ;  ә)  жеке  түбірдің  мағынасыздыққа  ұшырап 
жұмсалуы,  мәселен,    жапа-жалғыз,  алай-түлей;  б)  бір  түбірлі  сөз  
буынының үстемеленуінен жасалады, мәселен, ап-ашық, жап- жасыл 
т.б.   
Қысқарған  сөздер де жеке  синтаксистік тұлға ретінде жұмсалуға 
бейім.  Мұнда  да  сөз  қысқаруының  барлық  амалы  сақталады.  Демек, 


 
176 
ол  әр  сөздің  басқы  әрпі  мен  сөз  буындарының  қысқаруына  көнеді: 
ВУЗ,  пединститут.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет