193
Сөйлемді құрайтын грамматикалық формаларды, олардың өзара
қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем
синтаксисі зерттейді
Сөйлем құрамына енетін сөздер өзара мағыналық байланысына
қарай тіркесіп, синтаксистік қатынасқа түседі. Субьект –
предикаттық, яғни бастауыш-баяндауыштық немесе предикаттық
емес
қатынас
яғни,
толықтауыштық,
анықтауыштық,
пысықтауыштық қатынастарға түсіп, синтаксистік мағына туғызады.
Ендеше, сөз тіркестері мен сөйлемнің құрылысы синтаксис
ғылымының негізгі зерттеу обьектілері болып табылады.
Синтаксис ғылымы тілдік амалдарды - яғни, меңгеру, матасу,
қиысу, қабысуды және тілдік единицаларды - яғни, сөз, сөз тіркесі,
бағыныңқы, басыңқы компоненттер, жай сөйлем, құрмалас сөйлем
т.б. бірліктерді зерттейді. Мысалы,
Келмегені - ұялғаны. Келмеді,
онысы – ұялғаны деген
сөйлемдердің мағынасы бірдей, бірақ құрылысы, грамматикалық
белгілері екі түрлі тілдік амалдар арқылы жасалып тұр. Біреуі - жай
сөйлем, біреуі - құрмалас сөйлем. Сондықтан синтаксис ғылымында
олар дара синтаксистік единицалар ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: