196
Альтернативті немес баламалы сұрақ - білуге қажет пікір екі
түрлі сұрақ сөздер арқылы сұраулық мағынада айтылып, біреуіне
жауап алынады. Альтернативті сұрақта сөйлемдер баяндауыш мүшеге
ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе шылауларды үстеу арқылы жасалады.
-
Осы сөзге тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?
- Мынау егіс күздік пе, жаздық па?
Келтірілген сөйлемдерде ізделетін іс-қимыл, предикативтік
заттық, сапа жалпы, белгісіз күйде аталмай, белгілі альтернативтердің
төңірегінен
(тоқтайсың ба – тоқтамайсың ба, күздік пе – жаздық
па) ізделеді.
Кейде альтернатив сұрақ етістіктің болымды түрі арқылы
аталып, болымсыз етістіктің орнына
жоқ па сөзі қатысады:
Тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба - Тоқтайсың ба, жоқ па?
Жоқ па – эллипсис мүше, ол сөзді айтуға ықшамды етеді.
Сөзде іздеулі екі альтернативтің орнына көбіне бір альтернатив
мүше ғана аталады және мұндайда көбіне болымды етістік
жұмсалады.
Сен келдің бе? Ағаш өнді ме?
Риторикалық сұрақ - өзінің сұрағына жауапты өзі беретін
сөйлем. Мысалы,
Ереулі атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер
ме?!(бітпейді) Хабар ретіндегі пікірдің сұраулы сөйлем формасы
арқылы білдірілуі сөзге полемикалық өң береді. Полемикалыққа
баяндауыш сөздің болымды, болымсыз формаларының өз бастапқы
мағынасына қарсы жұмсалуы себеп болады.
Риторикалық тудыратын баяндауыштық формалар жедел өткен
шақ етістіктің болымсыз түрі
-ма, ме жұрнақтары арқылы жасалады:
Достарыңызбен бөлісу: