Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет128/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

            
4.2 Сөйлем – коммуникативтік негізгі тұлға 
       
Тілдің  атқаратын  қызметтердің  ең  бастысы  -    коммуникативтік 
функция.  Бұл  функция  сөйлем  арқылы  іске  асады,  сөйлемнен  басқа 
тілдік  элементтердің  ешқайсысыда  ол  қызметті  атқара  алмайды. 
Сөйлемнің  басқа  тілдік  элементтерден,  солардың  ішінде  сөздер 
тіркесінен  ең  негізгі    өзгешелігі  -  оның  коммуникативтік  ең  басты 
және бірден бір тұлға екендігінде, сондықтан сөйлем синтаксистің ең 
негізгі обьектісі деп есептеледі.  
Адам    өз  ойын,  көңіл-күйін  басқаларға  сөйлем  арқылы  білдіре 
алады,  сөйлем  арқылы  ғана  басқалардың  ойын  біледі.  Логикада 
сөйлем  аяқталған  ойды  білдіреді  деген  анықтама  бар,    бірақ  ойды 
аяқтау  үшін  кейде  бір  емес  толып  жатқан  сөйлемдер  айту  қажеттігі 
тәжірибеден  белгілі.  Сөйлем  аяқталған  ойды  емес,  жеке  ойды 
білдіреді.  Ондай  жеке  ойлар  қисындық  жағынан  аяқталмауы  да 
мүмкін.  Сондықтан  сөйлем  -  аяқталған  ойды  емес,  жеке  ойды  оған 
тетелес  басқа  ойдан  бөліп  көрсететін  коммуникативтік  дербес  тұлға. 
Бұдан  сөйлем  әрдайым  ойды  білдіреді  деген  қортынды  шығаруға  да 
болмайды.  Сөйлем  адамның  көңіл  күйін,  күйініш-сүйінішін,  өзін 
қоршаған  әлемге  қатынасын  т.б  байқатуда  мүмкін.  Мысалы,  Тәйт! 
Әй-әй-әй!  Мәссаған!  Ойдайт  дерсің!  Е,  бәсе!  Бұл  жағдай  сөйлемді 


 
194 
анықтауда  тек  оймен,  санамен  қатынасын  ғана  басшылыққа  алудың 
жеткіліксіз болатындығын байқатады.  
Сөйлемге  тән  белгілер,  оның  грамматикалық  сипатын 
айқындайтын  синтаксистік  категориялар  –  коммуникативтік  пен 
модальдық  және  предикаттық  белгілер.  Бұл  категориялардың 
әрқайсысының  өздеріне  тән  ішкі  мағыналық  және  сыртқы 
материалдық көрсеткіштері бар. 
Коммуникативтік  категорияның  ішкі  синтаксистік  мағынасы  – 
басқаларға бірдемелерді хабарлау, білдіру, яғни қатынас жасау болса, 
ал  оның  сыртқы  материалдық  көрсеткіші  –  тиянақталған  интонация. 
Сөйлем  атаулының  қандайы  болса  да,  басқалармен  қатынас  жасау, 
оларға  өзінің  ойын,  көңіл-күйін,  ішкі  толғаныстарын  білдіруге, 
жарыққа  шығаруға  арналады.  Осы  себептен  де  сөйлемді 
коммуникативтік категория, коммуникативтік негізгі тұлға дейді.  
Модальдық категория сөз иесінің беріліп отырған хабарға өзіндік 
көзқарасын  байқатады.  Ол  өзінің  мағынасы  арқылы    сөйлемнің 
айтылу  мақсатын,  сазын  білдіреді.  Модальдық  сипатына  қарай 
сөйлемдер  хабарлы  (Оқу  басталды  ),  бұйрықты  (  Ертең  ерте  кел), 
сұраулы  (  Мынау  кімнің  кітабы?),  лепті  (Қандай  тамаша!)  болып 
бөлінеді. Модальдық категорияның сыртқы материалдық көрсеткіші – 
интонация мен әр түрлі морфологиялық және лексикалық элементтер. 
Модальдық  мағынаның  көрінісі,  берілуі  тілдерде біркелкі  болмайды. 
Модальдық  мағына  материалдық  жағынан  грамматикалық  та, 
лексикалық  та  болады.  Грамматикалық  модаль  негізінде  етістік 
райлары  арқылы  жасалады.  Бұл  жағынан  алғанда,  модальдық 
категория  предикаттық  категориямен  үндеседі.  Лексикалық  модаль 
тілдегі модаль сөздер арқылы беріледі. (Ол оқиды – ол, әрине, оқиды 
т.б) 
Предикаттық  категория  –  сөйлемнің  сөйлем  екенің  танытатын 
негізгі белгілердің бірі. Ол бастауыш пен баяндауыштың бір-бірімен 
байланысынан  туады.  Сондықтан  бұл  екі  мүшенің  байланысын 
предикаттық  қатынас  деп  атайды.      Басқаша  айтқанда,  хабардың 
жақтық,  шақтық  әр  түрлі  модальдық  мәндері  предикаттық 
қатынастың мағыналық түрлері болып есептеледі. 
Предикаттық  байланыс  –  сөйлемнің  негізгі  қаңқасы.  Бұл 
байланыс  сөйлемдегі  ой  қазығы,  баяндалатын  әрекет,  белгі  иесі 
бастауышпен  сол  әрекетті,  белгіні  білдіретін  баяндауыш  арасында 
болады.  Қисындық  жақтан  алғанда,  бастауыш  субъектінің, 
баяндауыш  предикаттың  материалдық  көрсеткіштері.  Сондықтан  да 
бұл  екеуі  арасындағы  байланыс  –  предикаттық  байланыс  немесе 
предикация  деп  аталады.  Бірақ  бұл  айтқандардан  грамматикалық 
бастауыш  пен  логикалық  предикат  тепе-теңдік  бірлікте  деген 


 
195 
қортынды  шықпайды.  Бұлар  арасында  көптеген  айырмашылықтар 
бар. 
Сөйлемнің  бұл  айтылған  үш  түрлі  белгісі,  категориясы  –  бір-
біріне  байланыссыз,  бөлек-бөлек  жатқан  дүниелер  емес,  өзара 
бірлікте,  бір  сөйлем  ішінде,  кейде  қабаттасып  та  жүретін  белгілер. 
Коммуникативтік  пен  модальдық  категориялар  сөйлем  сайын 
кездеседі. Бұл екеуінсіз сөйлем жоқ.            


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет