131
алғашқы бейнелеуіш әрі жай қимылды, екіншісі жеңіл әрі шапшаң
жүрісті сипаттап отыр. Сонда сөз құрамындағы дыбыстар
ерекшеліктері бейнелеуіш сөздердің семантикасына әсер ететінін
көруге болады.
Бейнелеуіш сөздер де грамматиканың ерекшелігі жағынан
еліктеуіш сөздер секілді тікелей түрленбейді. Олар да ешбір өзгеріссіз
тікелей етістіктермен тіркесе алады да, дара (қорбаң етті) немесе
күрделі мүше (қорбаң-қорбаң етті) құрамына ене алады және дербес
жеке мүше болғанда сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады:
Жүктің ауырлығына қарамастан қалт-құлт кете берді.
Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздері
сөйлемдегі
қызметтері ерекше болып келеді. Айталық еліктеу сөздері етістікпен
тіркескенде
ет етістігімен еркін тіркесе алады. Жалт етті, сарт етті,
шолп етті т.б. Сонымен бірге еліктеу сөздері толық мағыналы
етістікпен тіркесінде тек өзінің мағынасына орай етістіктермен ғана
тіркесе алады: Ол кілт тоқтады. Ол жалт қарады. Еліктеу сөздері сын
есім, үстеу, шылаулармен тіркеспейді. Ал сөйлем мүшесі турасына
келсек, негізгі қызметі пысықтауыш болу. Кейде еліктеу сөздері қай
сөзбен, яғни сөз табымен тіркесуіне орай әр түрлі сөйлем мүшелері
бола алады. Тарс-тұрс төбелес басталды десек зат есіммен тіркесінде
анықтауыш, ол елең етті дегенде етістікпен тіркесіп баяндауыш,
субстантивтеніп толықтауыш бола алады: Бір кезде шаң-шұңның бәрі
болады. Ол қазір сыбыр-сыртыңнан оралған еді.
Достарыңызбен бөлісу: