Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақ грамматикасы. - Астана, 2002, 426-430,454-460-бб. 
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 29-148,166-бб.  
3.  Қалыбаева  А.  Оралбаева  Н.  Қазіргі  қазақ  тілінің  морфемалар 
жүйесі. - А, 1986, 63-92,187-бб. 
4.  Аханов  К.  Грамматика  теориясының  негіздері.  -  А  .,  1996,  19-
48,101-114бб. 
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007, 64-69бб. 
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., Қобыланова А және т.б. 
Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005, 198-210-бб.  
7. Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1965, 77-б. 
8.ХасеноваА.Қ.  Сөз  тудырушы  аффикстердің  сөзді  байланыстыру 
функциялары:  Қазіргі  қазақ  грамматикасы  бойынша  зерттеулер. 
Алматы, 1975, 57-бет. 
9.Маманов Ы.Е. Есімді күрделі етістіктер туралы. – Изв. АН КазССР. 
Сер. лингвист., 1948, вып. 5, №74, 145-б. 
10.Оралбаева  Н.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитикалық 
форманттары. Алматы, 1975, 126-бет.   

 
42 
11.Исаев С.М. Грамматикалық мағына мен форманың сәйкестігі және 
нөлдік тұлға. - Қазақстан мектебі. Алматы, 1976, №8, 96-б. 
12.Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967, 51-бет.              
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма.  Мәтіндегі  әрбір  сөздің  құрамына  толық  талдау 
жасап, морфемаларына жан-жақты сипаттама беріңіздер. 
Ұлытаудан  асқанша  жер  ыңғайына  қарай  үш  қатар,  бес  қатар 
болып  шұбыра  үделген  салқар  көш  байтақ  далаға  шыққан  соң, 
қанатын  жая,  жебелесе  жылжыды.  Ораз-Мұхамед  көріп  отыр,  көш 
жолына жақындай бергенде ұлыс бегі аттан қарғып түсті де, тізгінді 
соңындағыларға  тастай  бере,  белінен  келген  шалғынды  баяу  жүзіп, 
қарсы жүрді. Кешегі дұшпан аңсасы құрып, ас сұрап келсе, қызметші 
қыл да қасыңа ал; кешегі дос атқа мініп, жаяу сұрап келсе, қапысын 
тап  та  басын  ал.  (М.Мағауия.)  Атылған  жебенің  арыны  - 
тобыршықтың  ұшында  емес,  саржаны  сықырлата  созған  қарымды 
білек  пен  адырнаны  аңырата  тартқан  сіңірлі  саусақ  күшінде. 
(М.Мағауия.)  Қайраты  қайтса  да  күрестен  қажымаған,  көзі  дертке 
шалдықса  да  көңілі  қызықтан  жерімеген  Көшімнің  кәрі  жүрегіне 
шаншу қадалды. (М.Мағауия.) Айтпақшы, Тобольскідегі жаңа қауым 
мен Ескердегі байырғы жұрт бір әулет еді: орыс та, қазақ та, татар да 
баяғы Адам-Атадан тарайтын. (М.Мағауия.) Зерттеуші ғалым ғылыми 
заңдарды аша отырып, өзі ұсынған бастапқы жорамалды не растайды, 
не теріске шығарады. (Ә.Х.Тұрғынбаев.) Адам дамуындағы бастапқы 
шарт болып есептелетін физикалық, эмоциялық және интелектуалдық 
қасиеттері  неғұрлым  төмен  болған  сайын,  соғұрлым  олар 
қауымдастыққа бірігуге мәжбүр бола береді. (Ә.Тұрғынбаев.) Мидтің 
пікірінше,  адамның  мінез-құлқы  тек  оның  өзін-өзі  түсінумен  ғана 
айқындалмайды, сондай-ақ, мәдениетпен, оның атқаратын әлеуметтік 
рөлімен, әр түрлі  әлеуметтік институттармен айқындалады.  «Атамыз 
адам  пайғамбар»  деген  ұзақ  жырында  Шортанбай  көптеген 
мәселелерді қозғап, өзінің әр саладағы түсініктерін күйілжімей ашық 
айтқан. 
2-тапсырма. 
Үзінділерден  негізгі  морфема  мен  көмекші 
морфеманы 
ажыратып, 
қандай 
мағыналардан 
тұратынын 
ажыратыңыз. 
Құдайым  берейін  десе,  жұдырыққа  тас  сынады,  қылайын  десе, 
быламыққа  тіс  сынады.  Жаңа  туған  баланың  кіндігі  қатқанша,  күн 
батқаннан  кейін  үйден  күл  шығармайды.  Жанып  тұрған  шырақты 
үрлемейді,  өйткені  бұлай  сөндіру  әдісінде  адам  ұмытшақ  болады. 
Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын. (Нақыл.) Ағайын 
жат болады, алыс болса, Жат та жақын болады, таныс болса.(Мақал.)  
Айыпкерде айбат жоқ, Айлакерде қайрат жоқ. (Мәтел.) Бір жаралыға 

 
43 
жәрдем  көрсетіп,  оны  аман  сақтап  қалған  жауынгер  -  ұл  тапқан 
анадан  артық.  (Нақыл.)  Соғыс  кезі  отанды  от  ораған,  Талай  асқақ 
арманда  оқ  бораған.  Еркектерді  түгелдей  әскерге  алды,  Жағдайына 
ешкімнің  жоқ  қараған.  (Газеттен.)  Кезінде  пантюркистік  идеяны 
құбыжыққа  айналдырып,  халқымыздың  қаймағын  сыпырып  алып 
көзін  жойған  жойқын  заманның  салдарынан  қазақ  халқының 
кеудесінде  жалпы  түріктік,  Тұран  ұрандары  сөнгені  ащы  болса  да 
шындық.  (Қ.Сәки.)  Қыпшақ  тамғасы  «қос  әліп»  туралы  мұсылман 
жазба 
ескерткіштерінде 
мәліметтер 
кездеспегенімен 
Каир 
қаласындағы  музейлерден  бірінде  мәмлүк  дәуіріне  қатысты, 
мәмлүктер орын тепкен қамал ішінде қазба жұмыстары табылған бір 
қыш  ыдыс  сақтаулы  тұр.  (Қ.Сәки.)  Қыпшақ  Байбарыс  атының  араб 
халқы  ауыз  әдебиетінде,  халық  романдарында  сүйікті  кейіпкерге 
айналып, қарапайым мысыр халқының санасында зұлымдық көбейсе 
күнбатыстан Байбарыс келіп әділеттік орнатады деген түсінік болған. 
(Қ.Сәки.)  Жеңімпаз  мәлік  Байбарыс  айбарлы  да  айбатты,  атақ-даңқы 
асқан, сұлтандыққа лайық, данышпан, мемлекеттің жағдайын білетін, 
алдында  шығыс  мәліктері  мен  насрани  мәліктер  тізе  бүккен  ұлы 
патша еді. Сұлтан Байбарыс Шам елдеріндегі христиан иеліктері мен 
қазіргі  Иран  мен  Ирак  жерінен  әрекет  еткен  Хулагу  мемлекетімен 
қанды  шайқастар  жүргізе  отырып,  ортақ  жаулары  селжұк  түріктері 
мен католик-крес көтерушілерге қарсы бірлескен қорғаныс келісіміне 
қол 
жеткізу 
мақсатында 
Византия 
императоры 
Михаил 
Палполжиспен хат алмастырып отырған. (Қ.Сәки.)    
3-тапсырмаБекіту сұрақтары 
1. Сөздің морфологиялық құрылымы деген не? 
2. Морфема және оның түрлерін дегеніміз не? 
3. Грамматикалық мағыналы қосымшалар дегеніміз не? 
4. Негізгі және көмекші морфемалар деген не?  
5. Жұрнақ және жалғау дегеніміз не? 
4-тапсырма. Бекіту тестісі 
1. Түбір дегеніміз не? 
А) Сөздердің бастапқы мағыналы бөлшегі 
В) Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша 
С) Сөзге жаңа мағына үстейтін қосымша 
Д) Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер 
2. Түбірге жалғанған бөлшек қалай аталады? 
А) Қосымша. В) Сөз. С) Сөз тұлғасы. Д) Түбір 
3. Сөз тұлғасына енетін бөлшектер  
А) Түбір мен қосымша. В) Жұрнақ пен жалғау. С) Туынды  түбір 
мен негізгі түбір. Д) Туынды сөз  
4. Жұрнақтың неше түрі бар? 

 
44 
А) 2. В) 3. С) 4. Д) 5 
5. Ел ағасыз болмас. – сыз қосымшасы 
А) жұрнақ. В) жалғау. С) түбір. Д) түбірлес сөз 
6. Сөз  құрамы жағынан  нешеге бөлінеді? 
А) 2. В) 3. С) 4. Д) 5. 
7. Ой+лы  -лы жұрнағы арқылы ... жасалған  
А) Туынды түбір. В) Негізгі түбір. С) Түбірлес сөз. Д) Түбір сөз  
8. Сауыншылар сөзінің түбірі  
А) сау. В) сауын. С) сауыншылар. Д) сауыншы 
9. Сөз  түрлі ... тұрады 
А) Бөлшектерден. В) Жалғаулардан. С) Жұрнақтардан.  
Д) Қосымшалардан 
10. Сөз тұлғасына енетін бөлшектер  
А) Түбір мен қосымша. В) Жұрнақ пен жалғау. С) Туынды  түбір 
мен негізгі түбір. Д) Туынды сөз 
 
 
3. СӨЗ ТОПТАРЫ 
 
3.1 Сөзді топтастыру мәселесі 
 
Тіл  білімінде  ерте  кезден  бастап  сөздерді  атаушы  немесе  негізгі 
сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер деп әр түрлі топтарға бөлу 
дағдысы қалыптасқан. 
Сөз  таптарын  анықтау  әрі  тілдің  құрылымының,  әрі  сөздің 
құрылымының теориялық та, практикалық та мәселелерін терең, жете 
зерттеу  үшін  өте  керек.  Сондықтан  сөздерді  лексика-грамматикалық 
сыр-сипатын  айқындау  грамматиканың  ең  негізгі  мәселесі  болып 
табылады. 
Атаушы  сөздер  қатарына  заттар  мен  құбылыстардың,  сапа 
белгілердің,  іс-әрекеттің  атаулары  болатын  толық  лексикалық 
мағынасы  бар  сөздер  жатады.  Атаушы  сөздер,  өздеріне  тән  дербес 
мағыналары  болатындықтан,  адамның  қатынас  құралына  негізгі 
арқау,  яғни  тіреу  есебінде  қызмет  етеді.  Сондықтан  оларды  кейде 
негізгі сөздер деп те атайды. 
Көмекші  сөздерде  атаушы  сөздердегідей  дербестік  болмайды. 
Лексикалық  мағыналарының  әлсіреп  күңгірттенуі  және  ондай 
мағынаның грамматикалық мағынамен ұласып кетуі, сөйлемде дербес 
мүше  бола  алмауы  көмекші  сөздерді  сипаттайтын  және  оларды 
атаушы  сөздерден  ажырататын  белгілер  болып  табылады.  Тіл 
білімінің  тарихында  сөз  таптарының  табиғаты  туралы  әр  түрлі 
көзқарастар  мен  байымдаулар  бар.  Олардың  бірі  бойынша,  сөз 

 
45 
таптары  лексика-грамматикалық  категория  болып  саналса,  екіншісі 
бойынша  сөз  таптары  формальды  грамматикалық  категория,  ал 
үшінші  бір  көзқарас  бойынша,  сөз  таптары  сөздердің  таза 
грамматикалық топтары болып саналады. 
Сөз 
таптарын 
лексика-грамматикалық 
категорияға 
жатқызатындар,  сөздер  өзіне  тән  белгілері,  атап  айтқанда, 
семантикалық,  морфологиялық,  синтаксистік  белгілері  бойынша 
топталып, соған сәйкес белгілі бір сөз табына телінеді деп түсіндіреді. 
Бұл  пікірді  көпшілік  белгілі  ғалымдар  мақұлдайды.  Мысалы: 
орыс  тілінің  көрнекті  маманы  А.А.Шахматовтың  пікірі  бойынша, 
әрбір сөз табы сөздің негізгі лексикалық мағынасымен қоса қосымша 
грамматикалық  ұғымдардың,  граммматикалық  категориялардың 
жиынтығынан құралады. Зат  есімдерге заттың атауы мағынасы және 
жекеше-көпшелік,  септік,  тәуелдік  мағыналары  тән.  Ал,  етістіктерге 
қимылдың  атауы  болатын  лексикалық  мағына  мен  грамматикалық 
мағына болып саналатын болымсыздық, етіс, шақ, жақ т.б. мағыналар 
тән болып келеді. 
Орыс  тіл  білімінде  сөз  таптарын  формальды-грамматикалық 
категория  деп  санайтын  пікірді  қуаттайтын  ғалымдар  қатарында 
академик В.В.Виноградов та бар. Бұл ғалымдардың осы пікірі, сайып 
келгенде,  И.А.Бодуен  де  Куртенэ  мен  Л.В.Щербаның  сөз  таптары 
туралы көзқарасына барып тіреледі. 
Академик  И.И.Мещанинов  та  сөз  табын  сөздердің  мағыналары 
мен  формаларының  өзара  ұштасуы  деп  қарайды.  Осы  пікірді 
Н.С.Поспелов та қолданды. 
Сөз  таптарын  грамматикалық  категория  деп  қарайтын  ғалымдар 
да  бар.  Олардың  қатарына  О.П.Суникті,  А.А.Реформатскийді 
жатқыызуға  болады.  О.П.Суник  сөз  таптарын  ажыратуда  негізге 
алынатын  белгі  лексикалық  мағына  емес,  әр  сөз  табына  тән  жалпы 
грамматикалық  мағына  деп  санайды.  Оның  пікірінше,  заттылық  зат 
есімге  тән,  оны  басқа  сөз  таптарынан  ажырататын  басты,  жалпы 
грамматикалық  мағына  болып  саналады.  Ал  жалпы  грамматикалық 
мағына сол сөз табының лексикалық мағыналарында да, синтаксистік 
қызметінде де көрінеді дейді. 
Осындай  пікір  А.А.Реформатскийдің  еңбектерінде  де  көрініс 
табады. 
Біздің  байқауымызша,  сөз  таптарын  лексика-грамматикалық 
категория  деп  санайтын  пікір,  ғылыми  жағынан  құнды  сияқты 
көрінеді. 
Сонымен,  сөз  таптарын  бір-бірінен  тек  грамматикалық 
ерекшеліктері  жағынан  емес,  сондай-ақ  лексикалық  мағынасы 
жағынан ерекшеліктерін ескере отырып ажырату керек деген бір топ 

 
46 
ғалымдардың  /басым  көпшілігінің/  пікірін  дұрыс  деп  есептеуге 
болады. 
Осы  пікірдің  негізінде,  қазақ  тіліндегі  сөздерді  топтастырудың 
принциптері туралы мәселеге көшуге болады. Тілдегі барлық сөздерді 
атаушы  сөздер,  көмекші  сөздер  және  одағай  сөздер  деп  бөлуде  бір-
біріне  таяныш  болатын  тірек  -  семантикалық  белгі.  Осы 
семантиккалық  белгі  сол  сөздерді  одан  әрі  іштей  топтастыруға  да 
бірден-бір сенімді тірек болады. 
Тілдегі  барлық  сөздерді  топтастырғанда  мынадай  екі  принципті 
басшылыққа аламыз: 
1.  Барлық  топтастыратын  сөздер  сөздік  құрамға  енеді.  Қай  сөз 
табына  енсе  де,  сөздердің  лексикалық  жағы  ескерілуі  керек.  Ал, 
сөздің  лексикалық  жағын  ескеру  деген  сөз  олардың  семантикалық 
жақтарын  еске  алу  дегенмен  бірдей.  Сондықтан,  әрбір  сөз  табына 
енетін сөз лексика-семантикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс. 
2.  Сөздерді  грамматикалық  жағынан  топтастыру,  олардың 
түрлену,  өзгеру  жүйесін,  сөздердің  тіркесу  мүмкіншіліктерін, 
сөйлемдегі синтаксистік қызметін, тағы басқа осы сияқты мәселелерді 
анықтау  тәрізді  міндетке  бағытталу  керек.  Бұл  принциптер  тікелей 
грамматикада қарастырылатын мәселелер. Ендеше, қандай болмасын 
сөздің,  сөз  табына  топтастырылғанда,  грамматикалық  жақтары 
ескерілуі керек. 
Міне,  сөздерді  топтастыру  принциптері  дегеніміз  осылар.  Яғни, 
тілдегі  сөздер  сөз  табына  топтастырылғанда  екі  белгісіне  қарай 
басшылыққа  алынып  айырылады:  лексика-семантикалық  жағы  және 
грамматикалық /морфологиялық және синтаксистік/ жағы. 
Осы  принциптен  сөз  табы  деген  ұғым  лексика-грамматикалық 
деген  қосарланған  компоненттердің  жиынтығы  деген  түсінікке  алып 
келеді. 
Сөз  табы  деп  жалпы  лексика-грамматикалық  сипаттары  мен 
белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. 
Қазақ тіліндегі сөздердің тиісті сөз таптарына қатынасын анықтау 
процесінде  осы  үш  белгіні  іздеп  /яғни,  лексика-сематикалық, 
морфологиялық  және  синтаксистік/,  осы  жоғарыдағы  принципке 
үнемі сүйенудің қажеті жоқ. Себебі, кейбір сөздерден осы үш белгінің 
бәрі бірдей табыла бермейді. Сондықтан, осы екі принциптің немесе 
үш белгінің бірін ғана басшылыққа алып, өзгелерін көмекші принцип 
ретінде,  тіпті  кейде  қолдануға  да  болады.  Мысалы,  одағай  сөздерді 
анықтауда  оның  морфологиялық  белгісін  іздеудің  тіпті  қажеті  жоқ 
сияқты.  Немесе  көмекші  сөздерді,  соның  ішінде  шылауларды 
анықтауда  олардың  семантикасын,  сөзбен,  сөйлеммен  тіркесу 
ерекшеліктерін  ғана  негізге  алып,  морфологиялық  белгісін  іздеудің 

 
47 
қажеті жоқ секілді. Ал, кейде екі белгінің бірін ғана басшылыққа алу, 
яғни таңдау кезі де келіп қалатын уақыты  болды. Мысалы, тілімізде 
омоним  сөздер  көп  кездесіп  отыратыны  кім-кімге  де  белгілі  жәй. 
Ондай  кезде  сөзді  анықтайтын  басты  белгі  оның  мағынасы,  яғни 
семантикасы  болмақ.  Мысалы,  Қаратаудың  басынан  көш  келеді, 
көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Тойға барсаң тойып бар, деген 
халық  арасына  кең  тараған  екі  сөйлемді  алайық.  Осы  сөйлемдерде 
бір-бірімен омонимдес көш-көшкен, тойға-тойып сияқты сөздер бар. 
Әрқайсысы әр сөз табына жатады. Оны біз өте оңай ажырата аламыз. 
Себебі,  әр  сөз  тек  өзі  жататын  сөз  табының  грамматикалық 
категориясын қабылдап, түрленіп тұр. Екінші мысал, Бөлмеге жарық 
түсті.  Ол  жарық  бөлме.  Түйеге  ауыр  тең  буылған.  Тең  құрбының 
алды бол. Осы сөйлемдердегі тең, жарық сөздері бірде зат есім, енді 
бірде  сын  есім  болып  тұр.  Оны  біз  мағынасынан,  әсіресе, 
семантикалық белгісінен ажырата аламыз. 
Үшінші  мысал,  Хасеннің  басынан  қалпағы  ұшып  түсті. 
Қаратаудың  басынан  көш  келеді.  Жұмысты  басынан  осылай 
ұйымдастыруы керек еді. 
Осы  сөйлемдерде  үш  басынан  деген  сөз  бар.  Бір  жағынан, 
олардың  арасында  мағына  байланысы  бар  секілді.  Тереңірек  анализ 
жасап  көрелік.  1-  сөйлемде  басынан  сөзі  өзінің  тура  мағынасында 
қолданылып  тұр.  2-сөйлемде  мағынасы  солғылданып,  дербес  сөйлем 
мүшесі  болмай,  күрделі  мүшенің  сыңары  болып  тұр.  Яғни,  осы 
сөйлемдегі басынан сөзі зат есімнен көмекші есімге айналған. Ал, 3-
сөйлемдегі осы сөз лексикалық мағынасы жағынан, қызметі жағынан 
да өзгеріп, тіпті басқа сөз табына, үстеуге көшкен. Бұл жерде басынан 
сөзі әуелден, әуел бастан деген мағынаны беріп тұр. 
Мұндай процестерді қазақ тілінде өте жиі байқауға болады. 
Сонымен, сөз таптары бір-бірінен жалпы категориялы мағынасы, 
морфологиялық  және  синтаксистік  белгілері  арқылы  ажыратылады. 
Бұл  белгілердің  ара  салмағы  сөз  таптарының  барлығында  бірдей 
дәрежеде  болмауы  мүмкін  емес.  Мысалы,  түркі  тілдерінде  сын  есім 
мен  үстеу  морфологиялық  белгілерге  аса  бай  емес.  Сондықтан, 
оларды  синтаксистік  қызметі  барысында  ғана  ажыратуға  болатын 
кездер де болып тұрады. 
Көмекші  сөздердің  кейбіреулері  (шылаулар)  дыбыстық  жағынан 
тұрақсыз  болады  да,  әдетте,  өз  алдына  екпіні  болмайды.  Өзіне  ғана 
тән  дербес  мағынасы  болмағандықтан,  көмекші  сөздер  тек  атаушы 
сөздермен  тіркесіп  жұмсалады.  Әдетте,  көмекші  сөздерден  туынды 
жаңа сөздер жасалмайды. Көмекші сөздер қатарына әр түрлі тілдерде 
кездесетін  артикль,  предлог,  көмекші  есім,  көмекші  етістік, 
жалғаулық,  септеулік,  демеуліктер  жатады.  Одағай  сөздер  деп 

 
48 
адамның  әр  қилы  сезім  күйімен  байланысты  айтылатын  сөздерді 
атаймыз.  Өздерінің  шығу  ерекшеліктеріне  қарай  одағайлардың  өзге 
сөздермен  де  семантикалық  байланыс-қатысы  болмайды  және 
сондықтан, сөйлемнің мүшесі де болмайды. 
Сөздердің  бұл  үш  тобы  бір-бірімен  тығыз  байланыста  болып 
отырады.  Бұған  атаушы  сөздердің  кейбіреуінің  көмекші  сөздер  мен 
одағай сөздер қатарына толықтырылып отыратыны да дәлел болады. 
Мысалы, біресе, өйткені, шейін сияқты көмекші сөздердің о бастағы 
шыққан төркіні бір ерсе, олай еткені, шекейін сөздері екенін айыруға, 
анықтауға болады. Сондай-ақ, мәссаған, әттегенай, ойпырмай секілді 
одағайлар да міне саған, ойт деген ай, ой пірім ай деген тіркестерден 
қалыптасқанын анықтау қиын емес. 
Әрине,  бұлардың  арасындағы  тығыз  байланысты  айта  отырып, 
олардың тілде алатын орындарының бірдей еместігін көре аламыз. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 166-194-бб.  
2.  Қалыбаева  А.  Оралбаева  Н.  Қазіргі  қазақ  тілінің  морфемалар 
жүйесі. - А, 1986, 31-63,136-185бб. 
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. - А ., 1996. 
4.Оралбай Н.Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.-А.,2007,49-63бб. 
5.  Оразбаева  Ф.Ш.,  Сағидолда  Г.,  Қасым  Б.,  Қобыланова  А  және  т.б. 
Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005, 210-111-бб.  
6. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – 
А.,1993. 285-292-бб. 
7. Төлеуов Ә. Сөз таптары. - А., 2002. 
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма. Мәтіндегі атауыш сөздер мен көмекші сөздерді 
тауып, түрлеріне қарай топтап жазыңыздар. 
Шындықтың  көбінесе  қарапайым  болатыны  соншалық  -  оған 
жұрт сене бермейді. (Ф.Леваль.) Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын. 
(В.Гюго.)  Тәртіпке  бас  иген  құл  болмайды,  тәртіпсіз  ел  болмайды. 
(Б.Момышұлы.)  Мен  білмеймін:  өзгере  ме,  өзгермей  ме  шын  асыл, 
Кейде,  тіпті,  ащыдан  да,  тұщыдан  да  шығасың,  Кейде  әңгімең 
жараспайды, жақын деген жанмен де, Айта-айта жалығасың, ең әдемі 
әннен де! Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, 
ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат. (Ғ.Мұстафин.) Мәдениет деген 
тек домбыра тартып, өлең айту емес, өз ұлтыңды сүю, ұлтың үшін қай 
салада  болса  да  қызмет  ету.(Газеттен.)  Белгілі  бір  мақсат  қоймаса, 
Ақылдың  өзі  ада  болады.  (М.Монтень.)  Жақсының  басына  іс  түссе, 
Жаманның батар табасы. (Мақал.) Уа, тексіздер, бәріміз түгел хайуан  
болсақ  та,  Еркіміз  жоқ  дегенмен,  есек  емес    едік  қой.    Айтағына 
уақыттың  осыншама  желікпей,  Қоя  тұрсаң  нең  кетті, өңкей  есер  құл 

 
49 
неме.  (Ж.Нәжімеденов  «Жаңғырық».)  Қанша  жүрек  болса, 
махабаттың  да  осынша  түрі  болады.  (Л.Н.Толстой.)  Алайда 
Абылайдан  сескенген соң, Жөнелді ертеңіне Қытайға ауып, Алаштың 
ардагері  Батыр  баян,  Бір  қарда  қала  берді,  топырақ  ауып.  Күш 
арзандағанда, ақыл қымбаттайды. (Нақыл.) Бұланай таудың басында, 
Бұлағай  бұлттың  астында,  Алдына  ешкі  шоңқайтып,  Артына  лақ, 
қалқайтып, Құз басында Құлжа тұр. (Ә.Кекілбайұлы «Дүние ғапыл») 
2-тапсырма.  Мәтіндегі  сөздерді  сөз  табына  ажыратыңыздар 
және 
қандай 
белгісіне 
сүйеніп 
ажыратқандарыңызды 
түсіндіріңіздер. 
Салдар ауылға тақай бергенде, алдарынан шапқыншы боп келген, 
мойындарына  сапы  асынған  жасауылдары  болатын.  (М.Әуезов.) 
Жастықта  әр  тараптың  басын  шалсаң,  Қармақты  тәуекел  деп,  суға 
салсаң, Еңбегің еңбектенген кетпес зая, Міндетке бір жетерсің ойыңа 
алсаң.  (А.Қорамсаұлы)  Керең  тұрды  алға  екі-үш  аттап,  Алдындағы 
бос  ауаны  құшақтап,  Ол  тірлікте тағы  да  бір  жеңілді,  Тұрды  сол  сәт 
тас  мүсінге  ұқсап  қап.  (Ж.Нәжімеденов  «Жыр  жиһазы»).  Әрбір  істі 
жақсы  істеу  үшін,  оны  жақсы  көру  қажет.  (М.Горький  «Ақылдың 
кені».)  Күйшінің  дәл  қазіргі  көңіл-күйіне  қосыла  білмеген  саусақтар 
алғашқы  серпінді үш  қағыстан  соң  үстіңгі  ішектерді  қуалап,  төмеңгі 
сағаға  қарай  сырғығанда,  кез-келген  кеудеге  сия  бермес  сыр 
арқалаған  күй  сазы  көңіл  шіркінді  көк  дөненге  мінгізді. 
(Н.Жүнісбайұлы  «Кертолғау»)  Тіс  кімде,  күш  кімде  -  бәрі  соның 
қолында,  таразы  да  -  сол.  (Ғ.Мүсірепов.)  Он  бесіңде  азамат  болсаң, 
алпысыңда  бала  боласың.  (Т.Фуллер.)  Ойымен  көкке  көтерілген  жан 
үшін  қашан  да  жол  ашық:  бұлттың  үстінде  әрқашан  күн  жарқырап 
тұрады. (Л.Тостой.) 
3-тапсырма. Бекіту сұрақтары 
1. Сөзді таптастыру мәселесі 
2. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары. 
3. Қазақ тіл білімінде сөз таптарының зерттелуі. 
4. Сөздерді топтастырудағы лексикалық, грамматикалық 
принциптер. 
4-тапсырма. Бекіту тестісі 
1. Атауыш сөздер дегеніміз ... 
А) Сөйлемде белгілі бір ұғымның атауы болатын сөздер 
В) Сөйлемде мағынасын білдіре алмайтын тек сөздердің 
жетегінде  
С) Есім сөздердің орнына жүретін сөздер 
Д) Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер 
2. Көмекші сөздер дегеніміз ... 

 
50 
А) Сөйлемде белгілі бір мағынасы жоқ , тек өзге сөздердің 
жетегінде жұмсалатын сөздер 
В) Сөйлемде белгілі бір ұғымның атауы болатын сөздер 
С) Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер 
Д) Есім сөздердің орнына жүретін сөздер 
3. Көмекші  сөздерден тұратын қатарды белгілеңіз ? 
А) Үшін, туралы. В) Мен, сен, ол. С) -Ақ,-ау. Д) -Паһ, шіркін 
4. Одағай сөздер дегеніміз... 
А) Адамның әртүрлі к өңіл-күйін білдіретін сөздер 
В) Сөйлемде белгілі мағынасы жоқ , тек өзге сөздердің жетегінді 
жұмсалатын сөздер 
С) Сөйлемде белгілі бір ұғымның атауы болатын сөздер 
Д) Есім сөздердің орнына жүретін сөздер 
5. Одағай сөздерден тұрған қатарды белгілеңіз? 
А) Қап, әттеген-ай. В) -Ақ, -ау. С) Мен, сен, ол. Д) Жаны, шеті. 
6. Лексикалық  мағынасынан айырылып, өзге сөздің жетегінде 
жүретін сөздер 
А) Көмекші есім. В) Көмекші етістіктер. С) Шылау. Д) Одағай 
7. Толық мағынасы жоқ , тек негізгі етістіктермен есім 
сөздермен тіркесіп қана қолданылатын етістіктер? 
А) Көмекші етістік. В) Негізгі етістік. С) Тұйық етістік.  
Д) Күрделі етістік 
8. Көмекші есім дегеніміз ... 
       А) Лексикалық мағынасынан  айырылып, өзге сөздердің 
жетегінде 
қолданылатын сөздер 
       В) Сөйлемде белгілі бір ұғым атауы  болатын сөздер 
       С) Адамның көңіл-күйін білдіретін сөздер 
       Д) Есім сөздердің орнына жүретін сөздер 
        9. Лексикалық  мағынасынан айырылып, өзге сөздің жетегінде 
жүретін сөздер 
А) Көмекші есім. В) Көмекші етістіктер. С) Шылау. Д) Одағай 
10. Морфологияға тән атау 
А) Жалпы есім. В) Термин. С) Екпін. Д) Синоним      
 
 
 
 
 
 
 
 

 
51 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет