КОУЧИНГ
-
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН НӘТИЖЕЛІКТІҢ КЕПІЛІ
Амиртаева М. Т.,
«Жолғабас негізгі орта мектебі»
МКМ-сі, amirtaeva-68@mail.ru
Қазақстан
Республикасының
жалпы
білім
беретін
мектептері
педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін
нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде
еркін, өз ойларын нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни көзқарасы
жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгере алатын, сандық
технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын көздейді.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін
қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім
саласындағы саясеткерлер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,
маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де
«ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» деген екі мәселе алдында тұр.
Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық
ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі
даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға
168
қалыптастыру болып отыр. Жаңа тәсілдер қолдану стратегияларын қамтитын
бағдарламалар мұғалімдердің оқу үрдісінде нәтижеге жетуіне өз ықпалын
тигізеді. Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты - оқушыларға
білім беруде жаңа стратегияларды қолдану, сабақ берудің стереотипін өзгерту,
сабақ өткізу арқылы зерттеу болып табылады. Білім беру үрдісін заман
талабына сай жақсартудың тағы бір жолы-инновация яғни, білім алу
жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану үрдісін
басқару. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-
әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсынуда жаңа
тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін коучинг және тәлімгерлік етудің
ықпалы мол деп айтар едім.
Коучинг – бірге оқыту мен оқудың нақты саласындағы нақты тәжірибелік
дағдыларды беруге бағыттаса,тәлімгерлік-тәлім алушылардың кәсіби дамуына
бағытталған үрдіс деп айтуға болады. Осы тақырыпты өз тәжірибемнен айтар
болсам: Мен жұмыс жасайтын "Жолғабас" негізгі орта мектебінде азғантай
уақыт болса да, біршама жұмыстар жүргізілді деп айтуға болады. Бірінші
әріптестеріме «Жеті модульге бағытталған бағдарламаның теориялық негізі
туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы сабақтарында осы бағдарламаны
тиімді пайдалануға мұғалімдерді дайындау» мақсатын қойдым. Бірлесе
отырып, жоспар құру,ой қозғау, пікір алмасу, ұсыныс айту арқылы оқыту
тәжірибесін жақсартуға көмектесу барысында оқушыларымызға сапалы білім
беріп, жаңа оқушыны қалыптастыру, яғни өзгертуге болатыны көздедім.
«Диалогтік оқыту дегеніміз не? Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта
әңгімелесуді пайдалану әдістемесі.» тақырыбында өтілген коучинг сабақтарын
4-сабаққа бөліп жоспарладым. Сабақтардың тақырыбына байланысты мен ең
бірінші мақсатына көңіл бөлдім. Және соған сәйкес өзімнің күтетін
нәтижелерімді жоспарладым. Жоспарлау барысында алынған әдістер мен
тренингтерді тақырыптың әрбір мақсатты ашу үшін таңдап алдым. Яғни әрбір
жасалатын мұғалімнің іс-әрекеті арқылы мақсатқа жетуді көздедім.
Тақырыптың теориялық мағынасын ашу мақсатында ғалымдардың аттары
бойынша топтастыра отырып, олардың еңбектерін топтық жұмыс барысында (1
тапсырма) талқылап тақырыптың теориялық мағынасын ашты
Бұл тұста мен топтар арасында қызу зерттеушілік әңгіменің орын алғанын
байқадым. Осы тапсырманы пысықтау мақсатында төмендегі сұрақтармен
пысықтауды жоспарладым.
1.
Мерсер бізге әнгіменің қанша түрін көрсетті? Олар қандай?
169
2.
Әңгіме –дебат оны қалай түсінесіздер?
3.
Кумулятивті әңгіме оны қалай түсінесіз?
4.
Зерттеушілік әңгіме оны қалай түсінесіз?
5.
Осы әңгіме түрлері қандай іс-әрекеттерде орын алады? Осы әңгіме
түрлерін қандай кезде жүргізе аламыз?
6.
Диалогты оқытудың ең басты элементі қандай деп ойлайсыздар?-
деген сұрақтар қоя отырып зерттеушілік әңгіме ұйымдастыруды қарастырдым.
Диалогты оқытудың жүретін аймақтарын көрсету үшін, мен тағы бір
топтастыру түрін жоспарладым. Және осы тапсырманы пысықтау үшін №2
Сабақ барысында 2 адамнан тұратын 5 топқа топтастырдым. Әр топқа суреттер
арқылы тапсырмалар бердім.
(2 тапсырма) Әңгіме туралы әңгіме. Яғни, 22 Наурыз, 8 наурыз, 16-
желтоқсан, 1 мамыр, 1 маусым мерекелеріне арналған түсті суреттерді таңдату
арқылы әңгіме құру. Сол топтарда жүргізілген әңгімелердің ерекшелігін
анықтап баяндады.
№3 Сабақ барысында: Тәлім алушылар "Түртіп алу", "Сынақтан өткізу",
"Басқаға бағыттау" кеспе қағаздары бойынша үш топқа бөлінді.
Сұрақ қою. Сұрақтың түрлері. бөлімдері
бойынша нұсқаулықпен жұмыс жасай отырып
оны талдап «Ашық сұрақтар» бейнежазбасын
бақылады. Мұнда олар мұғалімнің оқушыларға
сұрақ қою арқылы диалог орнатқан тұстарын
талқылап айтып өтті. Оқушы мен мұғалімнің
арасындағы диалогтың жүру барысын және
мұғалімнің іс-әрекеті бойынша диалогты оқыту
үдерісін талдап өтті
№4 Сабақ барысында: Сұрақ қоюдың басты
мақсаты қандай? Сұрақ қою қалай бөлінеді?-деген сұрақтарғ жауап беру
арқылы сыныптағы сұхбат жүргізу үшін жоспарлауды үйренді. Сыныптағы
сұрақ қоюдың 12 стратегиясымен танысып.Топтық жұмыс арқылы,
зерттеушілік әңгіме жүргізіппостер жасап тақырыпқа ой түйіндеді.
Теория мен практиканы талқылауға, өзіндік ой пікірін бөлісуге, шешім
шығаруға, зерттеу жүргізуге дағдыланды.
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен –
орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарындағы
170
оқушылармен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін
кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту
мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең
оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән
беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі
бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы
мысалдар жеткілікті. Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып,
бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін
талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.
Оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау
дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Сондықтан сабқтың соңғы
бөлігінде , мозайка әдісі арқылы «Автомобиль» түрлері таратылды. Берілген
автомобиль суреттерінен диалог құрастыру тапсырмасын жоспарладым.
1.
Жеңіл автокөлік түрлері
2.
Маркаларына қарай
3.
ерекшеліктері
4.
Көліктердің класстары
5.
Адам өміріндегі қызметі
6.
Адам өміріне зияны.
Осы тапсырмалар бойынша топтар зерттеуін жүргізіп,оны баяндады. Әдіс
түрін ашып,тапсырмалар бойынша зерттеу жасады
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау)
қатар, оқыту үшін бағалауды (қалыптастырушы
бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы
құралға айналады. Оқыту үшін бағалау – оқушылар
уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері
бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі
жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын
үдеріс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу
сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді
қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Егер бұл тиімді іске асырылса, оқушыларда
171
рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. "Желкенді қайық" тәсілі бойынша
сабақ сонындағы кері байланыс беру сәті. Мұнда олар өз кері байланыстарын
бере отырып, оларды өзара талқылап өтті. Осы тұста кері байланыс арқылы
олар көптеген сыни пікірлер мен ұсыныстар алды. Және осы кері
байланыстарын талқылау арқылы мен өз іс-тәжірибеме көптеген ұсыныстар
алдым. Келешекте соны ескере отырып, өзгерістер енгізуді көздедім. Енді осы
әдіс-тәсілдерді және сұрақ қою техникаларын тиімді пайдалануды,
мұғалімдердің практикада қолдануы, коучингтерден кейінгі күтілетін
нәтиженің дәлелі ретінді бағаладым. Суреттерде қазқ тілі пәнінің мұғалімі К.
Сарыбаеваның
6-сыныптағы
«Сын
есім»,
ағылшын
тілі
мұғалімі
Ж.Ақтанбердінің «Сын есім» ,география пәнінің мұғалімі М.Қалдарованың 6-
сыныптағы «"Глобустағы және георафиялық картадағы градус торы"», тарих
пәнінің мұғалімі П.Қабылбековның 8-сыныптағы «Қазақстанда хандық биліктің
жойылуы», бастауыш сынып мұғалімі Г.Бекманованың математика 3-
сыныптағы «7 санын көбейту және бөлу кестесі» тақырыптарында өтілген
сабақтарынан көріністер
172
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы
мұғалім
түсіндіреді,
Керемет
мұғалім
көрсетеді,
Ұлы
мұғалім
шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен
ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі
ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын -
еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани
дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер,
өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген
тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік
қажет. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің
нәтижесі.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім,
ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір
сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан
келеді дегім келеді.
Әдебиеттер:
1.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық II негізгі деңгей
2.
Үлестірме материалдар. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.
3.
Ажибекова А. Д «Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері арқылы
табысты оқытуға қол жеткізу»
ТИІМДІ ЖҰМЫСТЫҢ КЕПІЛІ
-
СЕНІМДІЛІК
Балгараева Нургуль Аяпбергеновна,
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Б.К.Мергенбаев атындағы № 226 гимназия
nukan@mail.ru
Өсіп келе жатқан ұрпақ-адамзаттың болашағы, жалғасы. Бүгінгі
мектептің басты міндеті-өзіндік-ой-көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім
тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны
тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл
бола алады. Әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді
де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымыздағы аманат ретінде
тапсырылып отыр. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын
ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын –ала болжамдап
көре білуі тиіс.
Басшылардың біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсынан
білімімді жетілдіріп мектептегі қызметіме кіріскенімде маған келген ең бірінші
сауал «Өзгерісті әрі қалай, қай бағыттан бастауым қажет?» деген сауалды өз-
өзіме қойдым. «Гимназиядағы бар оң өзгерісті ең әуелі әдістемелік бағыттан
173
бастауым қажет» деген тоқтамға келдім. «Өзгеріс» деген ұғымның гимназия
ұжымына, ұстанымдары мен көзқарастарында біртіндеп енгізу қажеттігін
түсіндім. «Өзгеріс» белгілі бір уақытта болмайды. Мұғалімнің өзгеруіне әсер
болатын факторлар қажет. Көшбасшы мұғалімдер анықтала басталды. Олар
өздерінің істерімен, ойларымен іздерінен мұғалім ерте ала бастады. Мұғалімдер
арасындағы пікірлер: «Ол көшбасшы бола алды, менде қалмаймын. Өзімді
көрсетіп, көшбасшы болғым келеді», «Оның қолынан келген іс-әрекет, менің
бойымда да табылады» деген ой қозғау мұғалімдерді жетеледі. Мұғалімге
қозғаушы фактор әсер етсе, тұлға ретінде ойлары, көзқарастары өзгереді.
«Серпін» дамыту тобы гимназияның оқушыларынан оқушы-мұғалім-ата-
ана арасындағы ахуалға талдау жасау мақсатында сауалнама алынып, талдау
жасалынды. Сауалнамаға - 41% оқушы қатысты.
Сауалнама қорытындысы бойынша «Мұғалімдер сабақты қызықты етіп
ұйымдастырады» сұраққа «келіспеймін» 4 - оқушы жауап берген. 4 - оқушы
болса да бұл ойландыратын мәселе. Яғни, кейбір пән мұғалімдері оқушыларды
толық қызығушылықтарын оятатын, жоғары деңгейде сабақты ұйымдастыруда
кемшін тұстар орын алады деген сөз. «Егер мен қаласам, әртүрлі байқаулар мен
сайыстарға және олимпиадаларға қатыса аламын» деген жауапқа 17 - оқушы
«келіспеймін» деп жауап берген. «Мұғалімдер сабақ беру кезінде сыныпты
жалғыз қалдырмайды» 23 - оқушы «келіспейді». Бұл жауап өте маңызды,
өйткені пән мұғалімі сабақ беру үрдісінде берілген 45 минутты қысқа мерзімді
жоспар бойынша толық орындамайды, қойған мақсатына толық жете алмайды.
Бұл жауап та мұғалімдердің кәсіби этикаларына немқұрайлы қарайтындарын
білдіріп тұр. Осы жауаптар негізінде гимназия психологының жұмысы қажет
екені нақтыланып тренингтер өткізуге сұраныс жасалынды. «Мен оқитын
сынып тату әрі ұйымшыл» «келіспеймін» деген жауапты 39 - оқушы белгілеген.
Тәрбие саласы бойынша коммуникативті бағыты бойынша әлсіз болып тұр.
Сынып жетекші мен оқушылар арасында коллаборативті орта құрылмаған.
«Мен гимназияда өзімді қауіпсіз сезінемін. Мені ешкім ренжітпейді және
келеке қылмайды» деген сауалдың жауабына «келіспейтін» 29 - оқушы бар. Бұл
сауалдың жауабын талдау арқылы, тәрбие бағыты бойынша жіберілген
кемшіліктер
аясында
профилактикалық
жұмыстар
жасалу
керектігі
нақытыланып, жұмыс жоспарларына енгізілді. Қағидатты әр мұғалім есте
ұстаса, оқушы өзін бақытты сезінеді, егер орта жақсы болса. «Маған үй
тапсырмасын орындау аса қиын емес» сұраққа «келіспейтін» 30 - оқушы. Пән
Маған
гимназияда
оқыған
ұнайды
Мұғалімдер
сабақты
қызықты етіп
ұйымдастырад
ы
Егер мен
қаласам, әр
түрлі
байқаулар мен
сайыстарға
және
олимпиадал…
Мұғалімдер
сабақ беру
кезінде
сыныпты
жалғыз
қалдырмайды
Мен оқитын
сынып тату әрі
ұйымшыл
Мен
гимназияда
өзімді қауіпсіз
сезінемін.
Мені ешкім
ренжітпейді
және келеке …
Маған үй
тапсырмасын
орындау аса
қиын емес
Мұғалімдер
бар оқушыға
бірдей
қарайды және
маған әркез
әділ баға
қояды
Мен өзім
таңдаған
болашақ
мамандығымд
ы анықтадым
Мұғалімдер
"ұстаздық
этиканы"
сақтай біледі
келісемін
268
269
253
247
231
241
240
258
233
265
келіспеймін
2
4
17
23
39
29
30
12
37
5
0
50
100
150
200
250
300
174
мұғалімдердің тарапынан оқыту процессінде үй тапсырмасын толық бағыт-
бағдар, әрі деңгейлік тапсырма берілсе. «Мұғалімдер бар оқушыға бірдей
қарайды және маған әркез әділ баға қояды» «келіспеймін» деп 12 - оқушы
сауалнамаға жауап берді. Оқушыларды толық бағалау барысында
критериалдық және дескрипторлық бағалау қолдану қажет. «Мен өзім таңдаған
мамандығымды анықтадым» 37 - оқушы «келіспеймін» деп өз көзқарастарын
білдірген. Кәсіби бағыт бағдар толық қамтылмағаны. «Мұғалімдер «ұстаздық
этиканы» сақтай біледі» сұраққа 5 - оқушы «келіспеймін» деген жауап
таңдаған. Бұл жауапты талдау барысында, мұғалімдер өз мамандығын сүйіп,
ұстаздық этиканы әрдайым ұстау керек. Бұл тақырыптар коучинг- сессияларда
талқыланып оң нәтижелерге қол жеткізу мақсатты жоспарланды.
Ата-аналардың пікірін білу үшін сауалнама жүргізілді. Гимназия бойынша
- 31% қамтылды.
«Менің балам сабаққа жақсы көңіл күймен барады» сауалнамадағы
сұраққа 3 - ата-ана «келіспеймін» деген жауапты таңдаған. «Сыныпта
оқушылар арасында жақсы атмосфера қалыптасқан» сұраққа 11 - ата-ана
«келіспеймін» деп жауап берген. Оқушылар арасында коммуникативті тәрбие
дұрыс қалыптаспағанын ата-ана өз көзқарасы арқылы білдіріп отыр.
«Оқулықтармен қамтамасыз етуде қиындықтар жоқ» 59 - ата-ана «келіспеймін»
деп жауап берген. Кітап жетіспеуі оқу процесіне қиындық келтіреді. Оқушылар
өткен тақырыпты қайталауға, үй тапсырмасын орындауға қиындық болады».
Гимназияда өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар мені қанағаттандырмайды»
сұраққа 14 - ата-ана «келіспеймін» деп жауап берген. «Сынып жетекшінің
оқушымен атқарған жұмыстарына көңілім толады» 8 - ата-ана «келіспеймін»
деп жауап берген. Сынып жетекші оқушы, пән мұғалімі, ата-анамен тығыз
байланыста жұмыс жасау керектігі және сынып жетекші жұмыстарының
әлсіздігі сапалы білімге қол жеткізуге де өз әсерін тигізері сөзсіз.
Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық қажеттілігін анықтау мақсатында,
олармен әңгімелесу, сауалнама алу жұмыстары жүргізілді. Сауалнамаға - 56%
қамтылды.
Менің балам
сабаққа жақсы
көңіл күймен
барады
Сыныпта
оқушылар
арасында жақсы
атмосфера
қалыптасқан
Гимназия
мұғалімдері
балаларымызға
сапалы білім
береді
Оқулықтармен
қамтамасыз етуде
қиындықтар жоқ
Мені әрдайым
баламның білім
жетістіктері
туралы хабардар
етіп отырады
Гимназияда
өткізілетін
сыныптан тыс
жұмыстар мені
қанағаттандырады
Сынып жетекшінің
оқушымен
атқарған
жұмыстарына
көңілім толады
Гимназида
мұғалімнің кәсіби
білімі ұдайы
жетілдіріп
отырады.
Келіспесеңіз қай
пән екенін
нақтылай
көрсетсеңіз?
келісемін
192
184
194
136
185
181
187
193
келіспеймін
3
11
1
59
10
14
8
2
0
50
100
150
200
250
175
Мұғалімдерден алынған сауалнама қорытындысы олармен қосымша
әңгімелесу қажет болды. Әңгімелесу барысында олар өздері сауалнамаға жауап
беру кезінде жауапкершілікпен қарамағандарын білдірді. Егер кейбір пән
мұғалімдері осылай сауалнамаға жауап берсе, онда олардан «қандай өзгеріс?»,
«қандай талап?» қоюға болады?! «Ұжымның ауызбіршілігі мен мәдени ахуалы
жоғары» деген сұраққа 2 - мұғалім «келіспеймін» деп жауап берген.
«Гимназияда менің кәсіби және шығармашылық тұрғыдан өсуіме жағдай
жасалынған» деген сұраққа 2 - мұғалім «келіспеймін» деп жауап жазған.
«Менің шәкірттерімнің білім алуға деген құштарлығы жоғары» деген сұраққа 4
- мұғалім «келіспеймін» деген жауап таңдаған. Пән мұғалімі сыныпта
көшбасшы бола білу керек. Көшбасшы болған мұғалім өз оқушыларының
қызығушылықтарын толық жоғарылата алады. Оларға мониторинг жасау
арқылы, жеке оқушылармен, ата-анамен жұмыс жасайды. Ол өз ісіне толық
жауапкершілікпен қарайды. «Гимназия әкімшілігінің қай бағытына, яғни,
жұмыс жоспарына өзгерістер мен тынымсыз еңбек қажет деп санайсыз? Атап
көрсетіңіз:» сұрақтың жауабы өте ойландыратын болды. Пән мұғалімдерімен
сұхбатасу арқылы олар бұл сұраққа «толық түсінбедікк» деп жауап бергені өте
қиын болды. Мұғалім, жоғары білікті маман, сауалнамадағы сұраққа
түсінбегені өте қиын. Дегенменде сұрыптай келе басымдылық психологтың
жұмысына келіспейтіндер болды. «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға көп
уақыт қажет» деген сұраққа «келіспеймін» деп 9 - мұғалім жауап берген. Пән
мұғалімі қысқа мерзімді жоспар құру кезінде бір жоспарға бір немесе екі сағат
жұмсауы мүмкін. Сонда, кейбір пән мұғалімі қысқа мерзімді жоспарды жазуда
аса маңызды деп санамайды. Сауалнаманың қорытындысына талдау жасай
отырып, мұғалімдермен жасалатын алгоритм құру керек екені анықталды:
-
кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
-
басымдылықтарды анықтап, коучинг-сессияларды өткізу;
-
менторинг үдерісін жүргізу;
-
Lesson Study, action research жұмысын кеңейту;
-
әр оқушыға мониторинг жасау;
-
қысқа мерзімді жоспарға «өтілген сабақты талдау» өрісін қосу.
«Құзыреттілік талаптары» сауалнама пән бірлестіктерге беріліп, олар өз
бірлестіктеріндегі мұғалімдермен әңгімелесу арқылы сауалнама жауап алды.
Мұғалімдер сауалнамаға - 74% қамтылды.
Мен
гимназияд
а жұмыс
жасайтын
ымды
мақтан
етемін
Гимназия
әкімшілігі
нің жұмыс
жасау әдісі
маған
ұнады
Ұжымның
ауызбірші
лігі мен
мәдени
ахуалы
жоғары
"Үйренем"
деген
мұғалімге
әркез
әдістемелі
к көмек
ұсынылад
ы
Гимназияд
а менің
кәсіби
және
шығармаш
ылық
тұрғыдан
өсуіме …
Менің
шәкірттері
мнің білім
алуға
деген
құштарлығ
ы жоғары
Гимназия
әкімшілігі
нің қай
бағытына,
яғни,
жұмыс
жоспарына
өзгеріст…
Оқу-
әдістемелі
к
Тәрбие Бағдарлы Кітапхана Өнер Медицина Психолог
Гимназияд
а
мұғалімнің
жүктемесі
н бөлуде
мұғалім
еңбегінің
эетістікт…
Қысқа
мерзімді
сабақ
жоспарын
құруға көп
уақыт
қажет
Мұғалім
әрбір
сабағына
кірер
алдында
теориялық
білімін
дамыты…
келісемін
38
38
36
37
35
34
0
7
19
12
11
13
5
21
37
29
38
келіспеймін
2
1
2
4
1
9
0
5
10
15
20
25
30
35
40
176
«Психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі» бағытында «Оқушылардың
оқудағы қиындықтарын себебін анықтау, оларды жоюға көмектесу қабілеті»
сұрақта 7 - мұғалім «С» деңгейді таңдаған.
«Қарым-қатынастық құзыреттілігі» бағытында «Оқушылардың сөз
саптауына түсіністікпен қарау, тілдік кедергілерді жоюға көмектесу қабілеті»
сұрақта 1 - мұғалім «С» деңгейді таңдаған.
«Оқытуда ақрапаттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
құзыреттілігі» бағытындағы «Сабаққа дайындалуға компьютерді қолдана білуі.
Сабаққа қатысты таныстырылым мен ресурстар дайындауда бағдарламаларды
қолдану» сұраққа «С» деңгейді 10 - мұғалім таңдаса, 10 - мұғалім «Д» деңгейді
таңдаған.
Бұл
көрсеткіш
өте төмен.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияны толық меңгере алмауы, пайдаланбауы қиын. «Интернет
жаһандық желісін қолдануы» сұраққа «С» деңгейді 7 - мұғалім таңдаса, 3 -
мұғалім «Д» деңгейді таңдаған. «Электронды пошта қарым-қатынас
бағдарламаларын оқушылармен, әріптестерімен қарым-қатынаста пайдалана
білуі» сұраққа «С» деңгейді 12 - мұғалім таңдаса, 8 - мұғалім «Д» деңгейді
таңдаған. «Сабақ үдерісінде мультимедианы қолдану» сұраққа «С» деңгейді 23
- мұғалім таңдаса, 4 - мұғалім «Д» деңгейді таңдаған. Пән мұғалімдері оқыту
процесінде
оқушылардың
қызығушылықтарын
ресурстар
арқылы
жоғарлайтынына мән бермеуі анықталды.
«Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілігі» бағытындағы «сабақты
жоспарлау қабілеті» 2 - мұғалім «С» деңгейді таңдаған. «Оқушының топтағы
нәтижелі жұмыс істеуін ұйымдастыру қабілеті» сұраққа 2 - мұғалім «С»
деңгейді, 1 - мұғалім «Д» деңгейді таңдаған. «Оқушылардың мүмкіндіктеріне
сәйкес жұмысты саралау қабілеті» сұраққа 3 -мұғалім «С» деңгейді таңдаған.
«Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі» бағытындағы
«Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу бағалау критерийін дайындау
қабілеті» деген сұраққа «А» 15 - мұғалім, 26 - мұғалім «В» деңгейді таңдаған. ІІ
деңгейді игерген мұғалімдердің өткізілген коучинг, менторинг әсері деуге
болады, дегенменде ата-ана, оқушылар тарапынан мұғалімдердің қойған
бағаларымен
келіспейтіндер
кездеседі.
«Оқушылардың
оқудағы
кемшіліктерінің себебін зерттей білу қабілеті» «В» деңгейді 26 мұғалім, «С»
деңгейді 3 мұғалім таңдаған.
Сауалнамаларды талдауда мұғалімдермен әлде де қысқа мерзімді, орта
мерзімді жоспар құруға, ақпараттық-коммуникацияны өз сабақтарында
қолдануларына көмек беру керек екені анықталды. Сыныпта көшсбасшы
болуларына, әр оқушымен, ата-атамен тығыз жұмыс жасаулары, оқу үрдісінде
дұрыс бағалау жүргізуді қадағалау керек. Ата-ана тарапынан математика, тарих
физика, ағылшын пәндеріне көңілдері толмайтындығын білдірген. Оқушылар
тарапынан пән мұғалімдері оқушылармен қарым-қатынастары төмен екенін
білдірген.
Сауалнамалардың жауаптарына сараптамалау арқылы басымдылықтар
анықталды. Басымдылық: Оқушы мен мұғалімдердің арасындағы қарым-
қатынастар. Дарынды оқушылармен жұмыс жасау қажеттілігі, мұғалімдердің
177
кәсіби дамуы. Басымдылықты анықтау арқылы мектептің даму жоспарының
тақырыбы: «Жаңа білім беру мазмұны жағдайында дарынды оқушылардың
функциональды сауаттылығын дамыту». Мақсаты: «Дарынды оқушылармен
жұмыс жүйесінде оқушы бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу,
жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру
арқылы кәсіби мұғалім тұлғасын қалыптастыру». Мектептің даму жоспары Іс-
әрекет жоспары, іске асыру жоспары, эвалюация жоспары бөлімдерден тұрады.
Әдістемелік бағытта оң өзгерістер болған сәтте оқу мен оқыту үдерісінде
алға жылжу көріністері байқалатынын расымен дәлелденді. Гимназия
мұғалімдерінің табыс критерийлерінде кәсіби байқауларында сәл болса да
тоқтау бары байқалды, алайда көзге елене қоймайтын бірақ күнделікті
атқарылған жаңа форматты жұмыстардың нәтижелері көріне бастады. Кәсіби
байқаудан мұғалімдер жүлделі бірінші орындарға ие болып гимназия
мәртебесінің өзге мектептерден озық екенін дәлелдей түсті. Аудандық «Үздік
пән мұғалімі» байқауында қатысқан пән мұғалімдерінің бәрі І орынға ие болды.
Мұғалімдердің өзара байланысы, бірлесіп бір-бірімен жұмыс жасаулары,
идеяларымен толықтырулары, іс-әрекеттері жоғары болды.
Мұғалімдер бойында жеке оқушымен жұмыс жасау іс-әрекеттері жолға
қойылып, білім сапасын жоғарылату, кемшін тұстармен ұдайы жұмыс кері
байланыс жасап, оқушы пікірлерімен жұмыс жасауда алға жылжушылық
көрінді. Сонымен қатар мұғалімдер бөлінген көшбасшылықпен жақсы
жұмыстарды бірлесе атқаруда. Lesson Study сабақтарының талдау отырыстары
шынайы әрі мұғалімдердің іс-тәжірибиелерін бірлесе отырып құруының мол
пайдасын сезіне білуде. Және сынып оқушылары да сабақтағы мұғалімдердің
зерттеу іс-әрекеттеріне де қалыпты көзқараспен қарауға дағдыланды. Өздерінен
алынған сұхбат жұмыстарында балалар еркін пікірлерін жеткізіп және болған
жұмыстарға өз көзқарасын шынайы суреттеуге немесе сипаттама беруге
машықтанғаны расымен де мұғалімдерді қуантуда.
Барлық мүмкіндіктерге жол бар екеніне көзім жетті. Гимназиядағы оң
өзгерістердің қалыптасуына бар әріптестерімнің мүмкіншілігін өзгерістердің
бірі деп айта аламын. «Бірлесіп ойлау» мақсатында топтық жұмыстарды
пайдалану арқылы ауқымды жұмыстардың нәтижелі болатынына сенімдімін.
Бөлінген көшбасшылықты ұтымды пайдалану арқылы мұғалімдердің тұлғалық,
көшбасшылық құзыреттіліктерін артады. Ал сенімділік арқылы оқу мен оқыту
үдерісіндегі мұғалімнің кәсіби дамуындағы ілгерілеушілік жоғарылайды.
Мектептегі өзгерістерді енгізу барысында менің ең бірінші ұстанымым:
«Тиімді жұмыстың кепілі-сенімділік», «Ұстаз ойшыл болмаса, шәкірт ұшқыр
болмайды» деген халық даналығын әсте назарымызда ұстауымыз қажет.
Әдебиеттер:
1.
С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»
Қарағанды, 2011
2.
Басшыға арналған нұсқаулық
3.
Үлестірме материалдар алтыншы апта
4.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар
178
Достарыңызбен бөлісу: |